#Байқау #Жүлде #КоллекциялықМонета
Артық ақша
Жұмыста мақала жазып отырған едім. Кенет кезекші екенім есіме түсіп кетті. Дереу сағатқа қарадым, 12.45 болып қалыпты. Жанығып жинала бастадым. Түскі үзілісті пайдаланып бес жүз метр жердегі супермаркеттен азық алуым керек. Ойша не заттар екенін түгендей жөнелдім.
Супермаркеттен шыға бергенде ашық дүңгіршекте қолдың қаймағын, сары майы мен сүзбесін сататын орыс апаларымды байқадым. Іштей «Не де болса ала кетейін, себебі олар ауа райына қарай шығады. Ертең бола ма, белгісіз. Ал бүгін мен жұмыстан қайтқан кезде бұл кісілер түс көріп жатуы да мүмкін» дедім.
Сөйтіп бұрылып, үйренген Таня әжейден үнемі алатын сары майы мен сүзбесін сұрадым. Сол сәтте редактор телефон шалып, шұғыл тапсырма берді. Әлгі тақырып өзіме де қызық болғаннан телефон тұтқасын қойсам да материалға мида дерек іздеп тұрдым. Таня әжейдің каспий голдына ақшасын аудардым да, жұмысқа қарай зуылдадым. Бар ойым – ойдағыны жазып тастау. Келе кірістім.
Тірлігімді тындырып, кезекшілікті ойдағыдай атқарып, үйге аман-есен жетіп каспий қосымшамды қарасам, Таня әжейге 1450 емес, 4450 теңге аударып жіберіппін. «Бәсе... Қайда кеткен десем?» «Садақа бермегеніме біраз болған сияқты» деп қосып қоямын. Артынша «Әжей білсе, келесі барғанда артық ақшаның орнына бірдеңе ала салармын. Бәрібір алмай тұрмаймын», дедім.
Ертеңіне жолым түспеді. Екінші күні демалыс болып жұмысқа бармадым. Дүйсенбіде әдейі сол жолмен жұмысқа барсам, әжей шықпапты. Содан ең болмаса есіне салып көрейін деп темір дүңгіршектің қабырғасына маркермен жазып қойған нөміріне хабарластым. Әжей:
– Ә-ә-ә, сені таптым-ау ақыры! Мен сені қанша күттім. Артық аударып жібергеніңді үйге барғанда бір-ақ білдім ғой. Содан сол үшін банк жағаладым. Жаурасам да жүгірдім. Банк бөлімшесіне барып: «Мына кісі маған бақандай 3 мың теңге артық аударды. Өзіне қайтарыңдаршы», деймін.
Олар: «Біз олай істей алмаймыз. Сізге ақша аударған адамның не телефон, не карта нөмірі жоқ», деп шығарып салды. Осы нөміріңде ме? Дәл қазір қайтарайын, – деді. Дауысынан көктен тілегені жерден табылғандай күй кешкенін кейпін көрмей-ақ білуге болады.
3 мың теңгеге ол байып кетпейді, мен кедейленіп қалмаймын. Тек оның нақ осы әрекеті адамдар арасын алшақтатпай тұрған адалдық пен сенімнің құны қаншалықты құнды, тіпті өлшеусіз екенін ұқтырды. Дәл сол екі құндылық барда қарым-қатынастың барған сайын беки беретінін білгендеймін.
Авторы: Айдана Шотбайқызы
▪️Редакциядан:
Кеше оқырман арасында байқау жариялаған едім. @QSauatKZ_Bot-қа түскен алғашқы материал — осы. Басқа да жазбалар бар. Бәрін ретімен жариялап отырамын. Бағалайтын қалың оқырман мен каналдың авторы. Шын ұнаған жазбаларға «реакция» білдіріп, пікір жазып отыруға болады. Әр қатысушы өз жазбасының сілтемесін дос-жаранға таратып, дауыс жинай алады. Байқау жеңімпаздарына үш жүлде тігіліп отыр, үшеуі де — құнды күміс монета. Айтарыңыз болса, жазыңыз, байқауға қатысып, бақ сынап көріңіз.
«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ»
https://t.me/qarzhylyq_sauat

👍58❤18✍1
Бай адамды тани білеміз бе?
Threads-те бір постқа көзім түсті.
Жауап әртүрлі. Қызық пікірлер де бар екен.
Теріп алғаным:
- Мен үшін қазіргі азаманда ең бай адам – ешбір банкке қарызы жоқ, кредиті жоқ адам! Аллаға шүкір, сол санаттамыз. Тыныш өмір, бақытты өмір – байлықтан да биік!
- Ақша орайтын резинка
- Қазір нағыз байлардан гөрі бай болып көрінетіндер көбірек. Үйінде керемет ремонты бар, цептер (zepter) посуда, астында керім көлік, сықиған қымбат киім – барлығы рассрочка.
- Ақшасы көөөп, бірақ өте қарапайым тұратын адамдар бар. Кредиттен кредит төлеп, итке сүйек қарыз адамдар бар, бірақ ең қымбат заттар қолданады. Так что, үйіндегі затына қарап баға бермейді екенмін.
- Балалары аман, дені сау, өздері ақкөңіл, келген адамға қабағын түймей бір шай беретін, өздеріне лайық өмірі бар, ешкімнің өміріне қызықпайтын, өсектемейтін..., кредиті жоқ адам – ең бай адам!
- Үйге келген қонақ, соның ішінде әйелдер қауымы бірінші ремонтқа қарайды және кухнядағы мебельге қарайды. Сосын барып посуда мен холодильникке қарайды.
- Мусор. Күнде үш-төрт пакет шығарамыз. Енді, қайдан шығып жатқанын білмеймін.
- Сейф, видеокамера.
- Үй иесінің сабырлығы, күліп қарсы алуы. Үйге кіргенде тазалығынан, аурасынан көрінеді.
Қазақстандықтардың пікірі осылай екен. Сіз қалай танисыз бай адамды? Үйдегі қай зат сізге иесін өте бай етіп көрсетеді?
«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ»
https://t.me/qarzhylyq_sauat
Threads-те бір постқа көзім түсті.
«Үйдегі қандай зат адамның ақшасы ӨТЕ КӨП екенін бірден көрсетеді?» деп сұрапты авторы.

👍25❤5
#Байқау #Жүлде #КоллекциялықМонета
Ақшамен қалай таныстым
Балалық шақтың әр сәті ыстық қой. Мен көпбалалы отбасының үлкені болдым. Әке-шешем жұмыста, ал менің күнделікті тіршілігім сабақ, үй шаруасы және ауылдағы дала жұмыстарының төңірегінде өтетін.
Ел тәуелсіздік алып, ес жинай бастаған, ұлттық валютамыз жаңадан айналымға енген кез. Жасым он екіде еді. Ол тұста қолымызға теңге түсе қоймайтын, тек тиындарды ұстап өстік.
Мектептегі буфеттен картоп бәлішін, коржик немесе басқа да тәттілерді күнде сатып алуға ақша жете бермейді. «Ақшаны қалай тапсам екен?» деп ойлана келе, тауық өсірсем, олар көбейгенде сатып, табыс тапсам деген ой келді.
Содан балапанды қайдан аларымды білмей жүргенде, туыс ағамның үйіндегі жапон (карлик) тауықтары көктемде балапан басып шығарғанын көрдім. Сұрап жүріп, бір қораз бен бір тауық алдым. Жаз шыға олар тез жетіліп, жұмыртқалап, балапан шығарды.
Аудан орталығындағы базарға барып, өсірген балапандарымды сата бастадым. Бағасы – 100 теңге. Әдемілерін 120 теңгеге бағаладым.
Сол күні өсіп қалған бірнеше балапанды сатып, қолыма 200 теңге түскені бар. Ол ақшаға базардан бес бөлке нан, бауырларыма тәттілер алдым. Ал базар тарқар сәтте арзанға сатылып жатқан екі балапанды саудаласып жүріп, 80 теңгеге сатып алдым.
Тауық базары әр аптаның жексенбісінде өтетін. Сол күнді асыға күтемін. Кешегі алған балапандарымның үстіне баға қосып, сайрап тұрып сауда жасаймын.
Шындығында, маңдай термен тапқан ақшаның орны ыстық қой! Уақыт өте келе базардың «қыр-сырын» меңгеріп алдым. Ерте барып, тауықтың асыл тұқымдысын, төбелескішін немесе қызылды-жасылды қымбат түрлерін саудалап алып, қайта сататын болдым.
Содан әр аптада қалтама кемінде 100-200 теңге таза пайда түсетін. Сол заманда ол өсіп келе жатқан балаға әжептәуір ақша еді.
Сосын сол кездегі жаңа банкноттарда бейнеленген хандардың, билердің, ақын-жыраулардың суреттеріне таңғала қарайтынмын. «Тапқан табысымда осы бабаларымның батасы бар шығар» деп іштей қуанып, қиялдап қоямын. «Аталар өзі қолдасын!» деп теңгем бар қалтамды қолыммен сипап қойып, таң ата базарға кіріп бара жататын едім.
Иә, ол кезең мәңгі есімде қалды. Біз теңгемен бірге өстік. Ұттық та, ұтылдық та. Кейін өзім де қаржылық сауаттылық пәнінен сабақ беріп, банк ісі бойынша да жұмыстар жүргіздім.
Тәуелсіз елімнің болашағы жарқын болып, әлемдегі озық дамыған елдердің қатарына қосыла берсін! Баршаңызға бай-бақуатты өмір тілеймін!
Авторы: Жәке
▪️Редакциядан:
Оқырман арасында байқау жүріп жатыр. @QSauatKZ_Bot-қа түскен материалдың бірі — осы. Осылай түскенін түскендей рет-ретімен жариялап отырамын. Шын ұнаған жазбаларға «реакция» білдіріп, пікір жазып отыруға болады. Әр қатысушы өз жазбасының сілтемесін дос-жаранға таратып, дауыс жинай алады. Байқау жеңімпаздарына үш жүлде тігіліп отыр, үшеуі де — құнды күміс монета. Айтарыңыз болса, жазыңыз, байқауға қатысып, бақ сынап көріңіз.

👍43❤8🤩1
#Байқау #Жүлде #КоллекциялықМонета
Ниет
Біз отбасымызбен ескі үйде тұрдық. Суды тіпті екі көше төмен тұрған құдықтан таситынбыз. Төрт баланың бәрін суға түсіріп, үйдің кірін қолмен жуу маған оңай емес еді. Сондықтан ыстық-суық суы ағып тұрған, ішінде ваннасы мен дәретханасы бар жайлы пәтерді армандай бердім. Ол тіпті ең үлкен арманыма айналды.
2019 жылы қолымдағы 500 теңгелік банкнотқа: «Бұйырса, 2020 жылы үй аламыз, әумин!» деп жаздым да, үйдің жанындағы дүкенге нан алуға жұмсап жібердім. Тіпті кейін оны ұмытып та кеттім.
Алланың қалауымен 2020 жылы 20 қыркүйек күні «Отбасы банк» арқылы «Бақытты отбасы» бағдарламасымен өз үйімізді алдық.
Осы жерде бір нәрсені ашып айтайын, мәселе – ақшаға тілегіңді жазып, оның орындалғанын аспаннан тосып отырғанда емес, әрине. Ол жай ғана жүректен шыққан шынайы ниет еді. Сосын адал арманым. Сол тілектен туған ниетім де, арманым да қабыл болды деп ойлаймын.
Авторы: Дина
▪️Редакциядан:
Оқырман арасында байқау жүріп жатыр.
Әр қатысушы өз жазбасының сілтемесін дос-жаранға таратып, дауыс жинай алады. Сосын оқырман реакциясы мен канал авторының пікірі (бағалауы) ескеріледі. Байқау жеңімпаздарына үш жүлде тігіліп отыр, үшеуі де — құнды күміс монета. Айтарыңыз болса, мына ботқа жазыңыз: @QSauatKZ_Bot

👍37❤1
#Байқау #Жүлде #КоллекциялықМонета
Күзетші болып жұмысқа кіру үшін бір өгіз пара бердім...
Мен 1999 жылы университетке оқуға түстім. Бірінші курсты бітірген жылы әкем жұмысынан қысқартуға ілініп, жұмыссыз қалды. Ол кезде біршама малымыз бар еді, соны сатып оқуымды жалғастыра бердім.
Есімде, ол кезде бір қойдың бағасы 4-5 мың еді, ірі қара малдар 25-30шамасында болатын. Менің оқуымның құны 75 мың. Жүріп-тұруым бар, қорада малдар азая бастады.
Екінші курс бітірген соң, оқуымды өз еркіммен тоқтаттым. Ата-анамның оқи бер дегенін тыңдамай, академиялық демалыс алдым. Сосын жалғастырамын деп ойдадым.
Ол кездерде үлкен жігіттер жұмыс таппай жүргенде, 19-дағы жігітке жақсы жұмыс қайдан болсын.
Әр түрлі жұмыстарды істедім. Біреудің қорасын салдым, біреудің үйінің төбесін жаптым. Солай ақша жинап, күзетші болуға жарайтын лецензия сатып алдым. Вахтамен күзетші болып жұмысқа кіру үшін, бір өгіз пара бердім...
Айлығым аз болса да, жас жігітке тұрақты жұмыс еді. Сөйтіп жүріп, адамдармен тіл табысып, сенімге кіріп жақсы бір жұмысқа орналастым. Табысым жақсы. Жағдайым 180 градусқа өзгеріп кетті.
Қазір астымда көлігім бар, қаланың жақсы ауданында үш бөлмелі пәтерде тұрамын, бірақ дипломым жоқ. Сол кезде оқудан шығып кеткен шешімім дұрыс па, дұрыс емес пе, бағасын сіздер айтыңыздар.
Өзім кей кезде сол ісіме өкінем. Ең қызық студенттік шағымды, жалпы жастық шағымды өзім ұрлаппын, әлде заман ұрлады ма?..
Төл теңгеміздің туған күні құтты болсын! Әлемдік нарықта мың құбылып тұрсаң да, мен үшін құндысың.
Авторы: Болат
▪️Редакциядан:
Оқырман арасында байқау жүріп жатыр.
Байқау жеңімпаздарына үш жүлде тігіліп отыр, үшеуі де — құнды күміс монета.
Айтарыңыз болса, мына ботқа жазыңыз: @QSauatKZ_Bot

👍31❤8⚡4💯2👎1
#Байқау #Жүлде #КоллекциялықМонета
Қайран әжем
Әлі есімде. 1991 жылы 44 жасқа қараған шағында әкеміз дүниеден өтті. Артында әжеміз бен анамыз, жеті бірдей бала-шаға аңырап қалған кез еді. Әсіресе жалғыз ұлынан айырылған әжемізге бұл қайғы жанына қатты батып, үлкен күйзеліске түсті.
Қателеспесем, 1993 жылдары ақша ауысып, ел іші аласапыран болып жатты. Қолдағы қопыраған «сабан» ақша теңгеге ауысқанда бір уыс тиын-тебен болып қалған еді.
Бір күні мектептен үйге келсем, апам (анамызды бала кезімізден «апа» деп атайтынбыз) терезеден сыртқа қарап жылап тұр екен. Жалма-жан:
– Апа, не болды? – деп сұрадым. Ол кісі көзін терезеден алмаған күйі:
– Әжелерің әкең жатқан бейітке қарай кетіп барады, барып үйге ертіп әкеліңдер, – деді.
Мән-жайды түсініп тұрған жоқпын. Қасыма інімді ертіп алып әжеме қарай құстай ұштым. Барсақ, әжеміз әкеміздің бейітінің басында дауыс салып жылап отыр екен. Қасына барған бізді елейтін де емес.
Мен ол кезде 15 жаста едім. Содан әжетайлап жалынып жүріп, інім екеуміз екі қолынан жетектеп, кеш қарая үйге жеткіздік. Ас-суға да қарамай, әжем төсегіне жатып қалды. Сол жалғыз ұлының қазасын көтере алмай, сарсаң күй мен дерттен әжеміз де дүниеден озды...
Кейін есейгенде осы оқиға есіме түсіп, апамнан сұрамаймын ба. Сонда апамның айтқаны:
– Ауылда бір үлкен кісі қайтыс болды. Соған бата оқуға бармақ болып: «Маған 10 000 теңге бер» деп тұрып алды. Ол кезде 10 000 теңге дегенің өте үлкен ақша. Мен қанша түсіндірсем де, ол кісі көнбей қойды.
Сөйтсе, әкеміз қайтқан кезде сол қария бата оқуға келіп, дастарханға 10 000 рубль тастап кеткен екен. Апам қолына 10 теңге ұстатса: «Мынаны қалай апарам, ұят қой» деп алмапты.
«Сен қатын маған ақша бермедің» деп өкпелеп, марқұм ұлының басына барып мұңын шаққан екен ғой...
Әжеміз сол кездегі ақша курсының мәнін ақыры түсінбей дүниеден өтті.
Қайран әжем...
Авторы: Нұрлан К.

👍42❤13😨3
#Байқау #Жүлде #КоллекциялықМонета
Қағаздағы тізім
Бірде төркініме барғанымда, үйден бір зат іздеп жүріп, көзіме бір парақ қағаз түсті. Қолыма алып оқи бастадым. Қарасам, несие алғаннан кейін сатып алынатын заттардың тізімі жазылыпты.
Анама — жаңа халат.
Әкеме — қажетті киім.
Үйге — бірнеше тұрмыстық бұйым...
Былай қарасаң, жай ғана тізім. Бірақ, оқып отырып, көзіме жас келді.
Өйткені содан 4 жыл бұрын мен және 2 жыл бұрын тете сіңілім тұрмыс құрғанда, ата-анам қазақтың салтына сай тойымызды жасап, жасауымызды түгелдеп беріп, сән-салтанатымызбен аттандырып еді. Біздерді оқытып, жоғары білім әпергені өз алдына.
Қарап отырсам, ол кездерде әкемнің жалғыз жалақысынан басқа табысы да жоқ. Қыздарын ешкімнен кем қылмай ұзатты. Ал өздеріне керек дүниелерді кейінге қалдырыпты. Тіпті сол қарапайым қажеттіліктерін алу үшін несие алмақ болып жүр екен.
Ол кезде менің өз отбасым бар еді. Бірақ жұмыс істемейтінмін. Сол кезде үшінші баланы дүниеге әкеліп, жолдасымның азын-аулақ жалақысына қарап отырғанмын. Ата-анама көмектесетіндей жағдайым болмады. Ал анам жиі ауыратын (халат ауруханаға жату үшін де керек болған шығар😪)
Сол парақ мені қатты ойландырды. Әкемнің үнемшіл екенін бала кезден білетінмін. Бізге байқатпауға тырысса да, әр тиынды есептейтінін сезетінмін. Бірақ сол есептің ар жағында қандай құрбандық жатқанын сол күні ғана түсінгендей болдым.
Бұған дейін әкемнің үнемшілдігін мінезі деп қабылдаппын. Ал шын мәнінде, ол өзіне қимаған ақшасын біз үшін сақтапты. Менің, сіңлілерімнің тойымызда, жасауымызда, балалық шағымызда ата-анамның қолы жетпеген армандары жатқанын ол кезде аңғармаппын.
Сол қағаздағы анама арналған халат пен әкеме арналған киім - олардың өздеріне қанша уақыт бойы қарапайым қуаныш сыйлай алмағанын түсіндірді. Сонда ғана мен ақшаның тек табыс пен шығыннан тұрмайтынын ұқтым.
Кейде БІРЕУДІҢ ЖАҢА КӨЙЛЕГІ — ЕКІНШІ БІРЕУДІҢ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРҒАН АРМАНЫ, БІРЕУДІҢ ҚУАНЫШТЫ ТОЙЫ — БІРЕУДІҢ ҮНСІЗ ҮНЕМДЕГЕН ЖЫЛДАРЫ екен.
Мен әлі күнге дейін сол қағазды ұмытқан емеспін. Кейде өмірдегі ең үлкен қаржылық сабақ - қымбат курстан да, кітаптан да келмейді екен. Ол ата-ананың кейінге қалдырған қалауына сыйып тұрады екен.
Мен сол күні ата-анамның бізге не бергенін ғана емес, сол үшін өздеріне не бермегенін де түсіндім. Менің ақша жинауыма, көбейтуіме, қаржылық сауатты болуыма түрткі болған басты себеп сол бір қағаздағы тізім еді.
Авторы: Ақмарал

206👍102❤51💯12
#Байқау #Жүлде #КоллекциялықМонета
КӨҢІЛ
Ақша деген - тегі жоқ, туысы мен досы жоқ, ар-ұяты, иісі жоқ, кез келген жерде жүріп, кез келгенге жұмсалатын адам өз қолымен жасаған бедерлі қағаз. Егер сен ақшаның соңына түссең, тура сондай "қасиетке" ие боласың (Зейнеп апаммен әңгімеден).
Осы көңіл деген құрғыр біздің қазақта ғана бар ма, әлде қазақ қана көңілге аса қатты мән бере ме, ол жағын білмедім. Бірақ апам айтпақшы, көңіл деген иттің бір демде марқайтып, бір демде еңсеңді езіп жаншып тастайтыны - шындық. Қалай айт, олай айт, қазақтай көңілге семіретін, дәл біздің ұлттай көңіл сыйлайтын халық жоқ жер бетінде.
Ұлттық кітапханаға бару үшін автобусқа отырғам. Шопырдың қасында тұрып қалдым. Бір кезде бір жігіт тиынын ұсынып: "Аға, мынау 200 теңгелік", - деп ескертті билет алмаққа ұмтылып.
Қол жалғап әлгі жігітке 50 теңгесі мен билетін берген соң не түлен түрткенін білмеймін жүргізушіге: "Мен сізге 200 теңгелік қағаз ақша берейін, сіз андағы шақаны маған сыйлаңызшы", - дедім.
"Өзім де бірінші рет көріп тұрмын, бере алмаймын", - деді ол бірден. Біртүрлі кекірейіп кеудесін керіп айтты. Жаман болып қалдым. "Сол керек саған! Не көрінді сонша?" - деп өзімді-өзім сыбап салдым іштей. Шынымен, маған не көрінді түк көрмегендей...
Әдетте, біреудің бір затына көз сүзетін адам емеспін, аяғымның астында бриллиант жатса да, қызықпайтын, бірақ өзіме берілген нәрседен өлсем айырылмайтын жанмын. Өзімді-өзім жер-жебіріме жетіп жерлеп болған соң: "Қызықпын осы мен. Шынында да, ол да бірінші рет көріп тұрған шығар, оның да бала-шағасы бар, үйіне апарып оларға да жаңадан шыққан темір 200 теңгелікті көрсеткісі келеді ғой", - деп жұбаттым.
Сүтке тиген мысықтай сүмірейген түріме әр кірді білем, мына ойымнан соң кәдімгідей тіктелдім. Бірақ жалғанда өзіңді-өзің мүсіркегеннен өткен жағымсыз сезім жоқ.
"Не көрінді сонша? Жігіт емес пе! Ердің құны, қасқалдақтың қаны емес, 200 теңгелікке бола сонша ұсақталғаны несі? Қазақтың жігіті болған соң біртүрлі өзімсіндім. Қазақы мәрттік қайда? Қусаң құмалақ түспес мынадан! Атымтай Жомарттардың құрығаны құрыған шығар. Тұрмыстың тапшылығы жаншып тастаса да, қазақ жігіті мәрттігінен айырылмауы керек еді ғой" деген ой зымырандай зу етіп қайдан басыма келгенін ит білсін!
Енді әлгі жүргізушіні жаратпай қалдым мүлде. Бір мезетте тіктелген еңсеме тәкаппар кейіп жараса кеткен сияқты ма... Бір қызығы, мұның бәрі менің миымды айналдырған 3-4 минуттың ішінде ойран етті. Жалпы, өзімнің телепатиям өте күшті екенін білем, оған сол әсер етті ме, әлде намыстанды ма, тіпті басқа бір себебі болды ма: "Қағаз ақшаңызды беріңіз", - деп былай алып қойған 200 теңгелік шақаны алдындағы құрылғының үстіне қойды.
"Керек емес, рақмет" дегізетін қырсықтығым ұстамады, қағаз ақшамды беріп, тиынды ықыластана алдым. Жадырап рақметімді айттым. Жаңа ғана сұп-сұр болған айналам түрленіп сала берді. Адамның бір сәтте көңілі қалып, демде көңіл сыйлаған қалай, ә! Енді мына жүргізушіден асқан жақсы жан, Атымтай Жомарт жоқтай!
Бәсе, қазақы мәрттік пен мейірім жоғалмаса керек-ті! Қазақы намыс та, жомарттық та бар, қанымыздан кетпеген... Тек қазақтың өзінің менталитетін жаншып, тұрмыс тапшылығының табанына таптатып жіберген. Өйткені өздері ашкөз, өздері түк көрмеген, өздері сараң. Анау заң шығарғыштарды айтам. Кейде маған олар тек қазақтың болмысына балта шауып, мәрттігін қандаладай сорған арамтамақ масылдар болып көрінеді...
***
Ақша адам үшін бәрін істейді, ә. Ақшаға бәрін сатып ала аламыз. Керек десең сол ақша тырнағымызды да "бояп", массаж да "жасап" береді. Оның жүрмейтін жері жоқ. Бірақ... Сөйткен құдіретті ақша адам үшін ауырмайды, адамның орнына өлмейді, сайтан алғыр... Онда неге сол адам қолымен жасалған қағаздың соңынан жүгіреміз?
ТЕҢГЕНІҢ ТУҒАН КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Авторы: Дариға ДӘУРЕН

👍50❤6
#Байқау #Жүлде #КоллекциялықМонета
Мені сынап отырып шыңдаған өмір
2018 жылдың жазы өмірімдегі ең ауыр кезең болды. Оған дейін алты жыл бойы Алладан тілеп жүріп тапқан сәбиіміз шаңырағымызға шуақ сыйлап, жұрт қатарлы бақытты ғұмыр кешіп жатқан едік. Отбасымызда жолдасым табыс табатын, ал менің міндетім сол қаражатты орнымен жұмсау болатын. Өзім армандаған декреттік демалысымда жатқан жайым бар-тын.
...Сол жылдың жазында ойламаған жерден жолдасым жол апатына ұшырап, мәңгілік мекеніне аттанып кетті. Он бір айлық баламды бауырыма басқан күйі етегім жасқа толып мен қалдым. «Енді қалай өмір сүрем?» деп орманда адасқан дәрменсіз баладай күй кештім.
Қайғыдан ес жия алмай жатқанда, бір айға жетпей қаржылық қиындықтар қыспаққа алды. Үйіміз ипотекада еді, оған қоса банктегі кредиттер, жолдасымның бизнесінен қалған қарыздар, жұмысшылардың жалақысы мен салық жан-жақтан тұншықтыра бастады. Балам әлі омырауда болғандықтан, бірден жұмысқа шығып кету мүмкін емес еді. Мың ойланып, баламның бір жастан асқанын күттім.
Содан кейін қолымдағы бар ақшамды жинап, баланы омыраудан шығару үшін төркініме қарай пойызбен жолға шықтым. Көздеген жоспарым – Қытайға барып тауар әкеліп, үйден сату. Өмірімде саудамен айналысып көрмегендіктен, басқаға басым жетпеді.
Жолда анам баланы қасына алып қалды. Шекара асып, тек сүлгілер мен төсек жабдықтарын әкелдім. Тауарды бір жарым айда сатып үлгердім. Содан кейін сырт киімге тапсырыстар жинап, тағы да жолға шықтым. Осылайша әр екі-үш ай сайын баламды арқалап, Қытай мен үйдің арасында жүрдім.
Қарыздарымды жауып, көңілім көтеріліп, ес жия бастағанда, "коронавирус" басталып, шекаралар жабылып қалды. Тағы да тығырыққа тірелдім. Бірақ қол қусырып отыруға мұрша жоқ еді. Маникюр жасауды «Ютубтан» қарап, өз бетімше үйрене бастадым да, үйден клиент қабылдай бастадым.
Пандемия кезінде сұлулық салондары жабылғандықтан, өзім тұратын төңіректе сұранысқа ие шеберге айналдым. Кейде балам жылағанда бөтелкесіне сүтін құйып берем де, келген клиенттен: "Бір қолыңызмен бесікті тербете тұрыңызшы" деп өтінетінмін.
Балам екі жастан асқанда оны балабақшаға орналастырдым. Үш жасқа толғанша осы кәсіппен отбасымды асырадым. Екі жыл ішінде барлық қарызымнан құтылып, бұрынғы негізгі жұмысыма қайта оралдым.
Бұл кезеңді ұмыту мүмкін емес. Өзіме өмір сабағы болып қалды. Мен ешкімнен көмек сұраған жоқпын. Қиындыққа тік қарап, қарсы тұрдым. Ата-анам зейнетақысын маған аударса да, бауырларым ақша жіберсе де, намысым жібермей, «өзімде бәрі бар» деп бәрін кері қайтарып жүрдім. Шын мәнінде, жағдайым өте қиын еді. Бірақ менің денім сау, Жаратушы маған мүмкіндік беріп тұр деп түсіндім. Көмекті пендеден емес, тек Алладан сұрап әрекет еттім, соның берекетін көрдім.
Қазір сол кездегі қайсарлығыма іштей қатты тәуба етіп, өзіме риза боламын.
Авторы: Балым

👍67❤24💯1
#Байқау #Жүлде #КоллекциялықМонета
2 теңгеге алған өмірлік сабағым
⠀
Бастауыш сыныпта оқып жүрген кезім. Үйдің үлкені болғандықтан анамның әжептеуір қолғанатымын. Әкем жұмыстан, анам баладан, үйдің күйбең тірлігінен көп босай бермейтінтіндіктен базардан үйге қажетті ұсақ-түйек заттарды сатып әкелуді маған жүктейтін.
⠀
Бір күні анам мені базардан сабын әкелуге жұмсады. Еліміздің тәуелсіздік алған алғашқы жылдары ғой. Ол кезде жекеменшік дүкендер атымен жоқ. Базар дегенде қазіргідей үлкен базар емес, ауылдың орталық көшесінде 3-4 әйел тұрмысқа қажетті ұсақ-түйек заттарды сатып тұратын. Сонымен, не керек, сабынды алдым. Сосын қалған 2 теңгеге сағыз алдым да, анама сағыз алғанымды айтпай, сабынның ақшасын көбейтіп айта салдым. Ұрсыса қоймас, тіпті білмей де қалар деп ойладым. Балалық қой.
⠀
Арада 3-4 күннен соң анам бір жұмыспен орталыққа барғанда менің өтірік айтқанымды біліп қойыпты. Сөйтіп, үйге келіп айтқанда, өтірігімнің ашылып қалғанына ұялғанымнан, екі бетім дуылдап, көзімнен жас бұрқ ете қалды. Бұл оқиға маған өмірлік сабақ болды.
⠀
Ол кезде отбасымыздың табысы мәз емес. Жалпы елдің жағдайы қиын кездер еді. Көп зат тапшы, табыс аз. Соған қарамастан анам қарызға кірмей, бәрін есептеп, барын ұқсатып жеткізетін. Анамның мамандығы бухгалтер болғандықтан, отбасылық қаржылық есепті өзі жүргізетін. Кейінірек менің атыма оқуыңа деп депозит ашып, аз-маз ақша салып жүретіні есімде.
⠀
“Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі” дейді, кейін ойлап қарасам, отбасының қаржылық есебін жүргізу, аздан болса да ақша жинап жүру және ойланып сауда жасау, жөнсіз қарызға кірмеу сияқты әдеттер анамнан дарыған екен.
⠀
Авторы: Гүлназ

👍42❤11
#Байқау #Жүлде #КоллекциялықМонета
«Алланың есебі түгел»
Өзім қарапайым отбасының ұлымын. Көптеген қазақтар сияқты менің де арманым – баспаналы болу еді. Үйленіп, балалы болған соң баспаналы болу одан да маңызды бола түсті.
Бір жағынан, пәтер жағалап жүрсең, бір үйде бір затың қалады, екінші үйде тағы бір затың қалады. Сөйтіп, байымайды да екенсің.
Бәрі бір Аллаға дұға етіп, тілек тілеуден және жақсы ниеттен басталды.
Сол 2019–2020 жылдары «1000 теңгемен баспана сыйла» деген ұранмен «Харекет» қоры мұқтаж жандарға үй алып беріп жатқан кез болатын. Артық ақша жоқ, оның үстіне өзімнің де баспанам жоқ. Бірақ мүмкіндігім келгенше мың теңгеден аударып жүрдім.
«Маған қарағанда, үй оларға көбірек қажет болар» деп ойлаған шығармын. Мүмкін, өзіме де үй алуға Алла Тағала көмектессе екен деген ниет болған шығар.
Ішімнен Алланың жәрдемсіз қалдырмайтынын сезіп жүрдім. Бірақ қаншалықты көмектесетінін білмеппін...
Бір күні Өскемен қаласынан Әл-Фараби даңғылының бойынан бір үй көрдік. Үй бірден ұнады. Саудаласып жүріп, бағасын 9,5 миллион теңгеге бірақ түсірдік.
Жердің өзі 7 миллионнан жоғары тұратын ауданда 100 шаршы метрлік үйді 9,5 миллион теңгеге тауып алу «шөп арасынан ине іздегеннен» де қиын шығар. Үйдің иесіне «Мен аламын» деп 500 мың теңге беріп кеттім.
Енді қалған ақшаны табу керек болды. Математикалық тұрғыдан есептегенде, жинаған ақшам үй алуға жетпейтін. Оның үстіне қарыз беретін адамдар да жоқ.
Не істерімді білмей жүрдім. Бірақ сол кезде «Алланың есебі түгел» деген бір сөз ойыма қайта-қайта келе берді. Бір жағынан, Алланың жәрдемсіз қалдырмайтынын сеземін, екінші жағынан, уайымдап та жүрмін.
Содан не керек, 8,5 миллион теңге жинадым. Тағы 1 миллион теңге керек. Енді саудаласудың реті жоқ. Үйдің иесі айнып қалмаса екен деп, жанымды шүберекке түйіп жүрмін.
Содан шегінерге жол жоқ, не болса да деп, үйдің иесімен сөйлестім.
– Қазір қолымда бары – осы. Қалған ақшаны 1–2 айдың ішінде толықтырып беремін, – дедім.
Арада бір ай өткенде жан жарым босанып, бөпелі болдық. Артынша декреттік төлем түсті. Бір әпкем 300 мың теңге берді. Өзімнің айлығымды да қосып, ақшаны толықтырдым.
Сол сәттерде «Алланың есебі түгел, Алланың есебі түгел» деген сөздер есіме қайта-қайта түсе беретін.
Қолыма үйдің құжаттарын алғанда, жан жарым екеуміздің қалтамызда автобусқа төлейтін ғана ақша қалып еді.
Жалпы, мен имам да, молда да емеспін. Қарапайым инженермін. Ең бастысы, Алладан сұрау керек. Екіншіден, жақсы нәрсеге үміттене білу керек екен.
Бір күні брелок сатып алдым да, «Үйім болғанда, осыны үйдің кілтіне тағамын» деп ырымдап, үйде сақтап қойдым. Кейін үй алған кезде сол брелокты үйдің кілтіне тақтым ғой.
Жоғарыда өзімізді жақсы амал жасадық деп ойлаған кейбір сәттеріміз болғандықтан, осы оқиғаны аноним түрде ұсынуды жөн көрдім.
Барлықтарыңыз білетін бетперделі бауырымыз бар ғой (Человек в маске). Кейде соның жасап жүрген жақсылықтарын көргенде, көкейіме үнемі “періштелер көрінбейді “ деген ой келеді.
Авторы: Едігенің әкесі

👍52❤12💯3⚡1
#Байқау #Жүлде #КоллекциялықМонета
Қоқысқа кеткен 20 мың
Биылғы жыл қаржылық тұрғыда ауыр болды. Бірнеше жыл тірнектеп жинаған ақшамызға ипотекамен пәтер алдық. Оның жөндеу жұмыстарына тағы қыруар қаражат кетті.
Ипотека мен несиеден артылған тиын-тебеннің бәрі сол үйдің қажетіне жұмсалды. Әсіресе, соңғы екі ай тіпті қиындап кеткен еді. Жалақы кешігіп, таксиге шығып, әупірімдеп күн көріп жүрдік.
Жақында келіншегім айлығын алды. Несиеге төлейміз деп бөліп қойған ақшадан басқа қолында 20 мың теңге артылып қалыпты. Жоғалып кетпесін деп оны қағазға орап, бір жерге қойған ғой. Кейін үй жинап жүріп, сол ораулы қағазды керексіз екен деп қоқысқа тастай салыпты.
Кешке үйге келген соң тамағымызды ішіп, ұйықтауға жатқанбыз. Бір кезде әйелім орнынан атып тұрды:
— Мәссаған! Бағана 20 мың теңге оралған қағазды қоқысқа тастап жіберіппін! — дегенде, төбемнен жай түскендей болды. Өйткені қоқысты сыртқа шығарып тастап едім.
Дәл сол сәтте 20 мың теңге біз үшін қыруар ақша болатын. Жатқан жерімізден ұшып тұрдық. Апыл-ғұпыл киініп, даладағы қоқыс жәшігіне қарай жүгірдік. Екі жақтан ақтарып жатырмыз. Қасымыздан өткен адам бомж екен деп ойлайтыны анық еді.
Бірнеше жәшікті ақтарып тастадық. Жоқ. Әйелімнің түрі әбіржіп кеткен. Менің де күйім мәз емес. Әйтеуір, ақырында өз үйімізден шыққан үш пакетті таптық-ау.
Әрқайсысын жіті тексеруге тура келді. Бір кезде қолыма умаждалған А4 қағазы іліккені. Жалма-жан ішін ашып қалсам, қос 10 мыңдық жарқырап жатыр!
Қуанғанымыздан екеуміз бір-бірімізді құшақтай алыппыз. Өмірімдегі ең қымбат, қоқыстан шыққан 20 мың теңге сол шығар.
Автор: Абай Отар

👍59❤18🤩10
#Байқау #Жүлде #КоллекциялықМонета
Аспаннан ақша жауған видеоны көріп, есіме студент кездегі бір қызық оқиға түсті.
Соңғы курста оқимын. Факультетте декан ауысты. Шынымды айтсам, әлгі кісіні ұнатпайтынмын. Бірінші курста қырқысып қалғанбыз. Баға үшін.
Өз бағам емес, маған екі сабақтан соң келмей-ақ қой деп автомат қойған. Бірақ мен тыныш жүруді білмеймін ғой. Жап-жақсы оқитын құрбыма дұрыс баға қоймай (бірдеңе дәметіп), қинап, мен әлгі ағайға барып әділет талап етіп, бет жыртысып қалғанбыз.
Енді міне оқуды бітіргелі жатқанымда әлгі кісі декан боп келді дегенді естіп, аздап қобалжығаным бар, “әй, осы қызыл дипломымды бермей қоймаса болар” деп.
Бірақ, обалы не, маған еш кесірі тиген жоқ. Өзім де “к..тті қысқан бай болады” деп, үндемей тып-тыныш экстернмен бітіру үшін үш сессияны қатар тапсырып, өзіммен өзім қапылып жүргем.
Сөйтіп жүргенде “Деканды тапа-тал түсте парамен ұстап әкетті!” деген сұмдық хабар жетті.
Жаңа деканмен қас болған біреулер сырттай оқитын бір студентті әдейі дайындап, алдын-ала хабарлайтын жеріне хабарлап, арнайы операция ұйымдастырған ғой.
Оқиға, курстастарымның айтуынша, былай болған:
Белгіленген күні студентке арнайы таңбаланған ақшаны беріп, зачеткасына салып, пара беруге деканның кабинетіне кіргізіп жібереді. Жоспар бойынша, параны алған сәтте артынан арнайы тергеу тобы камерамен кіріп келіп, әлгі деканды ұстауы тиіс.
Бірақ бұлардың жоспары іске аспай қалады. Кабинетіне кіріп келген қызметкерлерді көрген декан әлгі ақшаны терезеден лақтырып жібереді. Өзі көп ақша емес, доллар да емес, өзіміздің теңге.
Кабинеттің терезесі адам көп жүрмейтін кішкентай көше жақ бетте. Тура сол кезде төменде екі ағай (зейнет жасына келген екі оқытушы) темекісін тартып тұрған ғой. Аспаннан жауған ақшаны көреді де, лезде теріп алып, әлгі жерден тайып тұрады. Ол кезде көшеде камера деген жоқ.
Оперлар бесінші қабаттан жүгіріп шыққанша, әлгі ақша да, ағайлар да ғайып болады. Вещдок - дәлел жоқ. Тергеу тығырыққа таянады.
Сөйтсе, әлгі әпенділер ақшаны алып, панфиловшылар паркімен төмен түсіп, базар маңындағы арзан рюмочный ма, пельменный ма, бір шағын дәмханаға барып, арақ пен тұшпараға тойып, әлгі аз ақшаны жоқ қылады. Ол дәмханаға күні бойы кім кіріп, кім шықпайды. Қолма-қол ақшаның кезі ғой. “Пара” деген белгісі бар әлгі бұлтартпас дәлел - ақша жоқ болады.
Кейін полиция тергеу жүргізіп, әйтеуір әлгі екі шалды табады. Сөйтсе олар: “Біз не істеппіз сонша? Аспаннан ақша түсті. Теріп алдық. Сосын барып тамақ іштік...” деген екен.
Әлгі декан біраз уақыт күдікті ретінде қамауда отырып, кейін қылмысы дәлелденбегендіктен, босатылды. Ол ол ма, қызметіне қайтып келді ғой. Бірақ енді декан емес, оқытушы ретінде. Осылайша ішкіш екі шалдың арқасында үлкен бір пәледен құтылып кетті.
Ал қазір аспаннан жауған ақшаны оңайлықпен алып кете алмайсың. Айналаның бәрі камера.
Жай, шашылып жатқан ақшаны көріп, отыз жыл бұрынғы оқиға есіме түскені ғой.
Авторы: Еңлік Ақдәулет

👍32❤15
#Байқау #Жүлде #КоллекциялықМонета
99 теңге 10 тиын өмірімді қалай өзгертті
Бұл оқиғаны айналамдағы көп адам біле бермейді. Бірақ ұқсас жағдайға тап болған адамдарды көргесін, жазуды ұйғардым. Бәлкім, байқауда ұтпаса да, жалпы канал оқырмандары үшін пайдалы ақпарат болар.
2020 жылдың басында бір досыма шұғыл ақша керек болды. Жыл басы болғандықтан, өзімде де артық қаражат жоқ еді. Көмектесейін деп банктен өз атыма несие алдым.
Кейін ол қарыз толық өтелді. Мен үшін мәселе осымен аяқталған.
Бірақ банк сол кезде маған қосымша карта рәсімдеп берген екен. Не үшін керегін түсіндіргені есімде жоқ. Шынымды айтсам, ол карта маған мүлдем қажет емес еді. Пайдаланған да жоқпын. Ұмытып кеттім. Тіпті қайда екенін де білмеймін.
2022 жылы жеке кәсібімді дамыту үшін бір банктен несие алуға бардым. Кәсібімнің ақша айналымы жақсы болатын. Бұрын несие алмаған адаммын. Сондықтан бизнеске ақша алуда қиындық болмайды деп ойладым.
Сөйтсем, мен екі жарым жылдан бері “қара тізімде” жүр екенмін.
Себеп: сол баяғы қажетсіз картаның жылдық қызмет көрсету ақысы.
Бастапқы берешек небәрі 99 теңге 10 тиын болған. Кейін 175 теңге 20 тиынға жеткен. Несие тарихымда 775 күндік кешігу тіркеліпті.
Мен 99 теңгені төлей алмайтын адам емеспін. Мен ондай қарызым бар екенін білмеген адаммын.
Қарызды бірден жаптым. Бірақ оның салдарын жабу мүмкін болмады.
Кейін ешқандай банк несие бермеді. Кәсібімді дамытам деген жоспарым бұзылды. Қаржы тапшылығы басталды. Микрозаймдарға жүгіндім. Адамдардан қарыз сұрадым. Біреуден қайта-қайта ақша сұраудың қаншалықты ауыр екенін сол кезде түсіндім. Сүйкімің кетеді шынымен.
Ұйқысыз түндер көбейді. Күйзеліс, сыраға тәуелділік, бәс тігуге әуестік пайда болды. Қан қысымым көтерілді. Өмірімнің бірнеше жылы қаржылық және психологиялық қиындықтармен өтті. Өтті емес, әлі де өтіп жатыр. 5 жыл болып қалды.
Әрине кейінгі қателіктеріме өзім де жауаптымын. Бірақ сол кішкентай қарыз өмірімдегі үлкен қиындықтардың бастауы болды. Суицид туралы да ой келеді. Бірақ ондай әлсіз адам емеспін.
Бұл оқиғадан түйгенім бар. Қаншалықты жақының болса да, басқа адам үшін өз атыңа несие алмау керек. Алған несиені толық өтесең де, банктен берешегің жоқ деген анықтама алып ал. Картаңның жабылғанына көз жеткіз. Несие тарихыңды кредит бюросы арқылы тексер. Жылына 1 рет ол – тегін.
Қаржылық сауаты бар адамның өзі білмейтін банк шарттары болуы мүмкін.
Өйткені 175 теңгелік қарызды бір минутта жабуға болады әлбетте. Ал оның өміріңе тигізген салдарын жоюға жылдар да жетпеуі мүмкін.
P.S. Әлі сол жағдайдамын. Бірақ минустар жақын уақытта жабылады деп ойлаймын. Оптимиспін. Бәрі жақсы болады. Басыңыз аман болсын, бай болыңыз!
Құрметпен, Аршат Оразов

👍47❤20💯3😨2🤝1
Құрметті оқырман!
Бүгін материал жариялайтын соңғы күн. Ертеңнен бастап байқауға жіберілген жазбалар жарияланбайды. Нәтижесін жексенбі, 15 қараша — Ұлттық валюта — теңге күні шығарып, коллекциялық күміс монеталарға иелік ететін жеңімпаз үш авторды атаймыз.
Бұған дейін айтқанымыздай, материалдар көпшіліктің реакциясымен және автордың шешімімен бағаланады.
Әлі де уақыт бар, қатысушы әр үміткер өз жазбасының сілтемесін өзіне ыңғайлы платформаларда (әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде) таратып, қолдаушыларын тарта алады.
Ең бірінші қай жазбада реакция (оқырман бағасы) көп — соған мән беріледі. Сосын автор тарапынан мазмұны бағаланады.
Байқауға қызығушылық танытып, қызықты әрі танымдық дүниелерді жіберген еңбектеріңізге рахмет! Өте керемет жазбалар бар. Сондай бай оқиғамен бізді тұрақты оқитын қауым барына дән риза болдық.
Бұл дәстүрді тоқтатпау керек екен. Келешекте басқа шарттармен неше түрлі байқау өткізіп тұрамыз деген ой бар. Іске сәт!
Құрметпен,
ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ

👍32❤9
Байқау нәтижесі
«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ» телеграм-арнасы 4 қараша күні өз тарихында алғаш рет оқырман арасында байқау жариялаған болатын. Жүлдеге Ұлттық банктің Теңге сарайында басылып шығатын коллекциялық үш күміс монета тігілді.
15 қараша — Ұлттық валюта — теңге күні жеңімпаздарды анықтаймыз деп уәде бердік, міне, сол күнге де жетіп отырмыз.
Шарт бойынша әр қатысушы ақшаға қатысты өз басынан өткен оқиғасын жазып жіберуі керек болды, қай жазбаға/оқиға желісіне оқырман тарапынан «реакция» көп болады және канал авторының өз бағасын алады — сол жеңімпаз.
Конкурсқа кемінде 10 материал түспесе, байқау өткізілмеді деп саналады деген едік. Оқуға тұратын, оқиға желісі бай әрі шынайы шыққан 13 жазбаны жарияладық.
🔥 Қатысушылардың аралық көрсеткіштері (реакция саны бойынша):
Ақмарал — 206 жұлдызша, 154 басқа реакция (360)
Балым — 75
Айдана Шотбайқызы — 72
Абай Отар — 69
Едігенің әкесі — 55
Нұрлан К — 53
Аршат Оразов — 53
Жәке — 52
Дариға ДӘУРЕН — 49
Гүлназ — 45
Болат — 44
Еңлік Ақдәулет — 41
Дина — 35
⏳ Шанс
Бұл — әзірге аралық нәтиже. Үздік үштікті нақты анықтау үшін бүгін, кешкі сағат 20:00-ге дейін уақыт беріп көрейік деп шештік.
Әлі дауыс беріп үлгермегендер немесе өз фавориттеріне қолдау көрсеткісі келетіндер қатысушылардың жазбаларына кіріп (әр автордың есім-сойына жазбаға гипер-сілтеме берілген), реакция қалдыра алады.
Бүгін кешке түпкілікті қорытынды шығарылып, «Түйе», «Батырхан Шөкенов» және «Тоғызқұмалақ» бейнеленген бағалы күміс монеталардың иесін салтанатты түрде жариялаймыз!

❤17👍4⚡1
🏆 Ұлттық валюта күніне орай ұйымдастырылған байқау өз мәресіне жетті!
Ең алдымен, өз басынан өткен оқиғаларын бүкпесіз бөліскен барлық 13 авторға зор алғыс айтамын! Ол да біздің каналға көрсетілген құрмет шығар.
Әр жазбаны оқи отырып қаншама тағдыр көз алдымызға елестеді. Өмірлік сабақ болар оқиға қаншама. Бірі балалық шақтағы алғашқы тиынның қадірін еске салса, енді бірі қиын-қыстау кезеңдегі қайсарлықты, ал кей авторлар қаржылық қателіктердің ащы салдарын боямасыз жеткізді.
Байқау ережесіне сәйкес, алғашқы екі жүлделі орынды оқырманның реакция санына (дауыс беру нәтижесіне) қарап анықтасақ, үшінші жүлдені канал авторының таңдауымен — арна форматына сай қаржылық сауаттылықтың маңызын терең ашатын өмірлік кейске табыстағанды жөн көрдік.
Сонымен, төл теңгеміздің туған күніне орай тағайындалған Ұлттық банктің Теңге сарайында басылып шыққан коллекциялық күміс монеталардың иегерлерін таныстырайық.
🥇 1-орын — Ақмарал («Қағаздағы тізім»)
Оқырманның ең көп реакциясын жинаған лидер. Ата-ананың балалары үшін өз қалауын кейінге қалдырып, үнсіз үнемдеген жылдарын қарапайым бір парақ қағазбен шебер жеткізген бұл жазба көпшіліктің жүрегіне жеткен екен.
Ақмаралдың жазбасы бәрінен озып, 206 жұлдызша, 98 👍, 50 ❤️ және 12 💯 — барлығы 366 реакция жинап, айқын басымдықпен көш бастап тұр.
🎁 Жүлдесі: TÚIE коллекциялық күміс монетасы (Ag 925).
🥈 2-орын — Балым («Мені сынап отырып шыңдаған өмір»)
Оқырман дауысы бойынша екінші орын иегері. Жолдасынан айырылып, кішкентай баламен қыруар қарыздың ортасында қалса да, мойымай, еңбекпен тығырықтан шыққан қайсар ананың тағдыры ешкімді бейжай қалдырмапты.
61 👍, 24 ❤️, 1 💯 және 1 жұлдызша. Барлығы 87 реакция
🎁 Жүлдесі: Street art. BATYR BEINESI коллекциялық монетасы.
🥉 3-орын — Аршат Оразов («99 теңге 10 тиын өмірімді қалай өзгертті»)
Арна авторының арнайы таңдауы осы жазбаға түсті. Каналдың негізгі бағыты мен мақсатын толық ашатын нағыз өмірлік кейс. Басқа адам үшін несие алу мен жабылмай қалған картаның 99 теңгелік берешегі адам өмірін тығырыққа қалай тіреп, қандай келеңсіздікке әкелетінін бүкпесіз жазып, мыңдаған оқырманға үлкен сабақ бола алатыны үшін лайық деп шешілді.
🎁 Жүлдесі: TOǴYZQUMALAQ коллекциялық күміс монетасы (Ag 925).
Бұдан бөлек, канал авторының көзіне түскен үш жазбаны атап өтуге болады. Олар:
Нұрлан К. — Қайран әжем
90-жылдардың басында Қазақстан рубльден теңгеге өтті ғой. Сол кезеңде советтік номиналдағы өлшем мен жаңа теңгенің құнын түсіне алмай кеткен әженің трагедиясы керемет суреттелген. Өте әсерлі жазба болды. Ұлынан айырылған ананың зары мен жаңа заманның тыныс-тіршілігін қабылдай алмай қалған қарияның бейнесі жүрек ауыртпай қоймайды.
Еңлік Ақдәулет — Аспаннан ақша жауған оқиғаға байланысты әңгімесі
Бұл жазба кәдімгідей шынайы өмірден алынған комедия болып шықты. Шынайы әрі өте әсерлі. Әзілге толы әңгіме оқыған сайын баурай түседі. Өткенде Астанада «аспаннан ақша жауғанын» білесіздер. Әңгіменің «Аспаннан ақша жауған видеоны көріп, есіме түсті» деп басталатыны да оқиғаның желісін шынайы етіп көрсетіп тұр.
Дариға Дәурен — Көңіл
Бұл туынды өзінің көркем тілімен және әлеуметтік астарымен ерекшеленді деп айтсақ болады. Автор ақша мен адам психологиясын философиялық ойлармен өрнектейді. Ақшаның құндылығы тек номиналында ғана емес, оған деген көзқараста, адамның психологиялық жай-күйінде екенін шебер жеткізген. Жаңа шыққан 200 теңгелік тиынға деген балаша қызығушылық пен қазақы мәрттік туралы толғамдар байқаудың тақырыбына үйлесіп-ақ тұр.
Барша қатысушыға тағы да рахмет! Әр жазба, әр оқиға арнамыздың мазмұнын байытып, көптеген жанға ой салды деп ойлаймын. Ал жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Жүлделерді табыстау тәртібі бойынша жеңімпаздармен ертең жеке байланысқа шығамыз.
Ұлттық валюта күні құтты болсын!
Әр шаңыраққа береке-бірлік, қаржылық тұрақтылық орнасын!

👍50❤11😍3
2027 жыл: әлемді не күтіп тұр?
БАҚ-ты шолып отырсаң, осы тақырыптан көз ашпайсың. Неге? Себебі британдық The Economist басылымы келер жылға өз болжамын жариялапты. Бұл енді жылдағы дәстүр.
Журналдың «The World Ahead 2027» деген арнайы нөмірі бар. Соның редакторы Том Стэндидж алдағы жылды тура бір ғылыми-фантастикалық фильмге теңепті.
Ғарышқа компьютер қойғысы келетін зымыран магнаты әлемдегі алғашқы триллионер болды. Дрондар соғыс сипатын өзгерткен. Таксилер жүргізушісіз жүреді. Жасанды интеллект басқа арнаға кетіп жатыр. Гуманоид роботтар көбейіп келеді. Арықтатып, сауықтыратын екпелерді қалтасы көтеретіндер ғана алып жатыр.
«Бәрі бар, тек жетіспейтіні — өзге ғаламшарлықтар ғана. Олар 2027 жылы да шыға қоймайды-ау» дейді автор.
Бірақ басылым назар аударуға тұратын 10 трендті атап өтіпті. Біз соның ішінен қарапайым адамға қызық болар тұстарын өзімізше тарқатып көрейік.
Облигация нарығындағы қысым және жоғары ставкалар
Болжам бойынша, қысым тек Францияда емес, жалпы облигация нарығында байқалады. Мемлекеттердің артық шығыны, ЖИ құрылысы және энергия бағасының өсуінен қайта көтерілген инфляция бай елдердің өзінде қарыз алуды қымбаттатып отыр. Жоғары ставкалар компаниялар мен үй шаруашылықтарына да қысым жасайды.
Басылымның жазуынша, мұның бәрі мәңгі жалғаса алмайды, түбінде бір жерде бір нәрсе морт кетеді...
Жасанды интеллектке наразылық күшейеді
ЖИ-ден төнетін қауіпке адамзаттың назары күшейе түседі. ЖИ компаниялары күрделі мәмілелермен көбірек қарыз алған сайын, нарықта құлдырау қаупі өседі. Қабілеті күшейген ЖИ модельдері кибершабуылды көбейтеді.
Бірақ басылым жұмыс орындары азаяды, дерек орталықтары су мен энергияны көп жағады деген қауіптер нақты деректермен расталмағанын айтады. Яғни адамдардың қазіргі наразылығы нақты әсерден гөрі, көзге елестеген салдардан ғана туындап отыр.
Ирандағы қақтығыс және азық-түлік қауіпсіздігі
Қақтығыстың оңай шешіле қоюы екіталай. Сондықтан Таяу Шығыстағы белгісіздік қалады. Басылым Трамптың сәтсіз соғысы Американың беделін түсіріп алды дейді. Одақтастардан сенім кеткен, ал қарсыластары бұрынғыдай қорықпайды. Қысқасы, соғыстың салдары 2027 жылы да сезіліп, аймақтық саясатты өзгертеді. Энергия ағындарын қайта құрады. Тыңайтқыш жетіспегендіктен азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төнеді. Ал Иранның өзінде билік бақылауын күшейтеді.
Трамптан кейінгі кезең
АҚШ-та аралық сайлаудан кейін Дональд Трамптың орнын басатындар арасында бәсеке басталады. Бірақ ол әлсіреген басшы болмайды, керісінше, ықпалын сақтап, мұрасын қалдыруға тырысатын белсенді әрі қатаң тұлға кейпінде қалады. Жаңа жарлықтар, сот тартыстары мен әскери қадамдар күтіледі.
Тайваньға қатысты мерзім
Си Цзиньпин Қытай әскеріне аралды басып алуға дайын болу мерзімін 2027 жыл деп белгілеген делінеді. Сол үшін де алдағы екі жыл қауіпті болмақ.
Ғарышқа ұшу арзандайды
SpaceX-тің Starship зымыраны жерсеріктерін тұрақты ұшыра бастайды. Ұшу құнының арзандауы жеке ғарыш станциялары мен орбитада дерек орталықтарын салуға жол ашады.
Тарихта болмаған ыстық келе жатыр
Иә, келер жыл ең ыстық жыл болады деп күтіледі. Құрғақшылық, аптап ыстық, орман өрттері мен табиғаттың қолайсыз құбылыстары көбейеді. «Ауаға бөлінетін зиянды газдар тез азайтылмаса, «супер Эль-Ниньо» алдағы ыстық әрі құбылмалы кезеңнің алғашқы көрінісін береді...» деп жазыпты басылым.
The Economist болжамындағы «супер Эль-Ниньо» — мұхит суының тым қатты жылынуынан болатын, бүкіл әлемге аптап ыстық пен қуаңшылық әкелетін алып климаттық құбылыс деген сөз.
«Оземпик эффектісі»
Арықтауға арналған дәрілер салмақ тастауға көмектесіп қана қоймай, тұтынушылардың әдет-салтын да өзгертіп жатыр. Арықтап, жаңа өмір бастағандай күй кешкен адамдар киім мен косметикаға, фитнеске ақшаны көптеп жұмсайды. Енді фармацевтика компаниялары адам өмірін ұзартатын терапияларға қызығушылық таныта бастады.
Голливудтың қайта жаңғыруы
«Жұлдызды соғыстар» 50 жылдыққа орай прокатқа қайта шығып, жаңа фильммен жаңартылмақ. Киноэкранға «Кек алушылар» мен жаңа Джеймс Бонд та қайта оралады дейді.
YouTube авторларының арзан фильмдері табысқа жетіп жатса да, «Жұлдызды соғыстардағы» әскери алып держава шағын әрі арзан күштерден жеңіліп, өз бетінше әрекет ететін дроидтар мен қауіпсіздікке немқұрайлы қарау және деректердің ұрлану салдары 2027 жылы бұрынғыдан да өзекті көрінуі мүмкін.
Редакторларша ойласақ, шынайы өміріміз расында да ғылыми-фантастикаға жақындап қалған тәрізді.

👍18❤6👀4⚡3
Банкке өз «қаруын» қолданған клиент
Кезінде Ресейде сондай бір қызық оқиға болған. Кейіпкердің есім-сойы да ашық айтылып, жазылып жүр — Дмитрий Агарков. Әрине, үлгі тұтар тұсы жоқ, бірақ оқиғасы қызық. Қысқасы, «курьёз» жағдай. Басына қандай таяқ боп тиген салдарын да айта отыруға болады.
Әлқисса, біз әдетте банктен кредит аларда не істейміз? Менеджер қол қоюға шарт ұсынады я қарызды онлайн алып жатсаң, телефон экранында «Келісемін» деген батырма тұрады. Оқымай қол қоя саламыз ғой. Ұсақ әріппен жазылған шарттарды оқып тұруға құлқың жоқ. Бәлкім, банктерге де керегі сол болар?..
Дмитрий оқиғасы неден басталды?
2008 жыл. Дмитрийдің поштасына «Тинькофф» банкінен хат келеді. Ашып қараса, несие картасын ашуға ұсыныс түскен екен. Ол кезде банк клиенттерге анкета жіберетін болған. Клиент оны толтырып, қайта салса — «шарт жасалды» деп есептелген.
Дмитрий не істейді? Ұсақ әріппен жазылған шартты ерінбей оқып шығады. Сөйтеді де, банк шарттарын өзіне тым ауыр деп қабылдайды. Жылдық проценттен бөлек, күн сайын өсетін үстемелер мен қолма-қол ақша шешуге де комиссия бар екен.
Кенет оған мынадай ой келеді: «Банк маған өз талаптарын ұсынып отыр екен, онда мен де оларға өз шартымды қойып көрейін».
Айлаға басқан Агарков банк жіберген анкетаны сканерлеп алады да, ерінбей, мәтінін өзіне ыңғайлап қайта жазып шығады:
· Проценттік ставка — 0%.
· Қолма-қол ақша шешу комиссиясы — 0%.
Енді мына қызықты қараңыз: әдетте, банктер «шарттың толық нұқасын сайттан оқи аласыз» деп жатады ғой. Сол тәсілге салып, ол да өз сайтын ашады да, ол жерге: «Банк келісімшарт талабын бір рет өзгертсе — 3 млн рубль, ал біржақты бұзса — 6 млн рубль өтемақы төлейді» деп өз талаптарын жазып қояды.
Осылай өзгерген анкетаны банкке пошта арқылы кері салып жібереді.
Әрине, банк қызметкерлері күнде мыңдап келетін қағаздардың арасынан Агарковтың анкетасын тексере қоймайды. Мөрін басып, қол қойып, несие картасын жібере салады. Сөйтіп, не керек, Дмитрийдің «шарты» заңды құжат ретінде тіркеліп кетеді...
Дау қашан, қалай басталды?
Уақыт өтеді. Екі жылдан кейін Дмитрий іссапарға кетіп, екі төлемін уақытынан кешіктіріп алады. Банк бірден келісімшартты бұзып, одан айыппұлымен қоса 45 мың рубль өндіру үшін сотқа береді.
Ал сотта не болды дейсіз ғой? Судья іс материалына тіркелген, банктің өз мөрі басылған анкетаны қарап, клиенттің жағына шығады. Сөйтіп Агарков тек алған негізгі қарызын (19 мың рубль) ғана қайтаратын болып, банктің барлық «штрафтары» күшін жояды.
Бірақ оқиға мұнымен бітпейді. Енді кезек Дмитрийге келді. Ол «банк шартты бұзды» деген уәжбен 24 миллион рубль өтемақы талап етіп, сотқа өзі арыз түсіреді.
Алайда бұл сома сот шешімімен толық өндірілмейді. Дау 2013 жылға дейін жалғасады. Сол жылдың тамызында тараптар дауды әрі қарай ушықтырмай, өзара бітімге келіп, мәселені жабады.
Келісім «құны» ашық жарияланбайды. Дегенмен кейін банк оған арнайы шарттары бар дебеттік карта ұсынған деген дерек бар.
Дау өршіп тұрған шақта банк басшысы Олег Тиньков заңгерлерінің сөзіне сүйеніп, алаяқтығы үшін Агарков 4 жылға дейін сотталуы мүмкін екенін айтқан екен. Алайда ашық дереккөздерде оның алаяқтық бабымен қылмыстық жауапқа тартылғаны я сот үкімімен жазаланғаны туралы мәлімет жоқ.
Бұдан қандай сабақ алуға болады?
Бір анығы, келісімшарт — ойыншық емес. Құжатқа салғырт қараған банктің өзі миллиондаған шығынға бата жаздады. Ал қарапайым адамдар ше? Қаншама адам шарттың ішіндегі қосымша төлемдер мен комиссияларды байқамай, артық төлемге барды...
Бұл тек банкке қатысты жағдай емес. Қазір тауар мен қызметті бөліп төлеумен («рассрочкамен») ұсынатын, бірақ банктік ұйымға жатпайтын түрлі компаниялар бар. Олар өз шартын ұсынып жатады. Ал оның артында клиент байқамайтын қаржылық міндеттемелер жасырынуы мүмкін.
Сол үшін де қазір Ұлттық банк BNPL (Buy Now, Pay Later — «қазір алып, кейін төле») нарығын зерттеп жатыр. Ол қаншалықты ашық әрі тұтынушы құқығын қорғай алады? Ол туралы жаздық та. Бір оқып шықсаңыз болады.
Мойындайықшы, банкпен шарт жасасқанда толық оқып шығамыз ба?

👍21❤3⚡3