Кредит

Микрокредитті мерзімінен бұрын қалай дұрыс жабу керек?

Бұл өте маңызды мәселе. Өйткені қолға ақша түскен бойда төлем жасауға асқыпау керек! Сол үшін сізге әр қадамыңызды көрсетіп берейін.

1-қадам. Микрокредиттік ұйыммен байланысу керек.

Яғни, төлем жасамас бұрын, алған қарызды уақытынан бұрын жапқыңыз келетінін міндетті түрде ескерту керек.

Егер сіз микроқаржы ұйымына (әрі қарай — МҚҰ) ресми өтінішпен шықпасаңыз, пайыздар есептеле беруі мүмкін.

Ал қарызды түгел жабам деп жіберген сома оның келешек пайыздарын жабуға кетіп, негізгі қарыз азаймай қалуы мүмкін!

2-қадам. МҚҰ-дан қалған қарыздың нақты сомасын есептеп беруді сұрау керек.

Ол есепте:

❗ қарыздың негізгі сомасы
❗ толық төлем жасайтын күнге дейін есептелген пайыздар көрсетілуге тиіс.

Сонда ғана сіз артық төлемнен сақтана аласыз. Бұл және ақшаңызды үнемдеп қалуға да көмектеседі. Біліп жүріңіз.

Біздің телеграмға жазыл: https://t.me/qarzhylyq_sauat

«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ» ЖОБАСЫ

Басқа материалдар

Back to top button