Енді үй сатқанда кез келген нотариус көмектесе алмайды
Қазақстанда мәміле (сделка) рәсімдеу тәртібі өзгеріп жатыр. Ол және жылжымайтын мүлікке ғана қатысты.
Енді сатып алу-сату, сыйға тарту, айырбастау немесе кепілге қою сияқты рәсімдер тек мүліктің өзі орналасқан адрес маңындағы нотариуста ғана куәландырылады.
Бұл не үшін керек?
- жүйесіздікті жою үшін;
- мәміленің ашықтығы мен қауіпсіздігін арттыру үшін;
- алаяқтыққа жол бермеу үшін.
Басқа қалада болсақ ше?
Уайымдайтын түгі жоқ. Бұл өзгеріс меншік иесінің құқығын шектемейді. Егер мүлік Астанада, иесі Алматыда жүрсе, «мәміле жасай алмайтын болдым, үйді қалай сатам» деп алаңдамаса да болады. Яғни, бұның шешімі — сенімхат.
Үй иесі:
1. Алматыдағы нотариустан сенімхат рәсімдейді.
2. Сенімді өкілі пәтер тұрған жерге (Астанаға) барып, нотариуста мәміле рәсімдеу процесін аяқтайды.
Сөз соңында тағы ескерте кетейін, өзгеріс тек жылжымайтын мүлікке ғана қатысты. Басқа нотариат процестері бұрынғы тәртіппен орындала береді.
«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ»
https://t.me/qarzhylyq_sauat

👍15❤7👎3👀3🤡2
Finkelisim: платформа проблемалық қарыздарды қалай реттейді?
Finkelisim.kz платформасын білуіңіз бар шығар?
Білмегенге айтайық: Адам баласында бірнеше банкте өтелмей жатқан қарыздары болуы мүмкін, әр банктің төлем кестесі бар, әр қарыздың ай сайынғы төлем сомасы әртүрлі. Әр қайсысы әр жақтан жұлмалап, жан-жақтан қысып тұр. Рет-ретімен жауып қарыздан құтылғың келеді, бірақ әр банк «алдымен менің қарызымды жап» деп менмұндалап тұрады.
Бұл платформа сол азаптан шығуға көмектеседі. Сайтқа кіресің, өз бетіңше өтініш бересің де, барлық проблемалық қарыздың басын біріктіріп, бір төлем кестесін жасатып аласың. Сонда ғана бір жерден төлем жасап, жай табасың.
Кім қатысып, кім қатыса алмайды?
Қатыса алатындар:
- барлық кредитор алдындағы «просрочкасын» кемінде 90 күннен асырып алғандар;
- 2 және одан көп кредиторлар алдында берешегі барлар;
- жалпы қарызы 648 500 теңгеден 6 920 000 теңгеге дейінгілер;
- берешекті өндіру туралы сот актісі мен нотариустың атқарушылық жазбасын алмағандар.
Қатыса алмайтындар:
- кепілге мүлік қойып тұтыну несиесін немесе ипотека алғандар;
- кәсіпкерлікпен байланысты қарызы барлар;
- банкрот боп жарияланғандар немесе төлем қабілетін қалпына келтіру бойынша істі болғандар.
Қарыз реттеуге жатпайды, егер:
❗️несие алаяқтық жолмен алынса;
❗️төлем бойынша «отсрочка» беріліп қойса (әскерилерге де қатысты);
❗️медиативті келісім күшінде болса (сотқа немесе коллекторға дейін борышкер мен кредитор арасында жасалған келісім);
❗️берешек бұрын Платформа арқылы реттелген болса.
Борышкерге қандай талап қойылады?
Осы платформаның игілігін көру үшін борышкер:
· омбудсман шешіміне келісімін беру керек. Омбудсман деп дауды реттеуші адамды айтады. Яғни, реттеуші қарыздар бойынша арнайы шешім шығарады, борышкер сонымен келісетінін жазбаша түрде растайды. Сол құжат негізінде әрбір кредитормен жеке медиативті келісім жасалады.
· жаңа несие алуға болмайтынымен келіседі. Яғни, борышкер платформа аясында жасалған жаңа келісімдер толық орындалып болғанша қаржы ұйымдарынан ешқандай несие немесе микрокредит ала алмайды.
· тек бір рет қана қатыса алады.
Егер ережені бұзса, не болады?
Егер борышкер белгіленген шарттарды орындамай, орта жолда тәртіп бұзатын болса, кредиторлар сотқа тікелей шағым түсіріп, қарызды мәжбүрлеп өндіріп ала алады.
Егер платформаның жұмысына қатысты қосымша сұрақтар болса, сол сайттың өзінде «Өтініш жіберу» батырмасын басып, тиісті жолақтарды толтырып, сұрайтыныңызды сұрай бересіз. Мамандар әр өтінішті өз қарауына алып, өтініш иесімен байланысады деп жазылған. Өз тарапымыздан қосарымыз: платформаның жұмысы тегін. Әр азамат өтінішін бетінше бере алады. Сондықтан дербес деректерімізге ие болуымыз керек, ешкімге ешқандай мәлімет, SMS-код бермейміз.

❤15
Forwarded from НАРЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Үй алуға аударған зейнетақы ақшасын БЖЗҚ қайтарып алуы мүмкін
2021 жылы БЖЗҚ-дан Отбасы банкіндегі депозитіне аударылған зейнетақы жинағын пайдалану мерзімі 2027 жылы аяқтала бастайды.
⏳ Ақшаны пайдалану мерзімі – 6 жыл.
Мерзім қаражаттың БЖЗҚ-дан аударылған күнінен бастап есептеледі.
Егер осы уақыт ішінде ақша:
▫️ ипотека алуға;
▫️ тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыруға;
▫️ жер телімі бар үй салуға пайдаланылмаса,
қаражат БЖЗҚ-дағы зейнетақы шотына қайтарылады.
Маңыздысы – бірнеше рет ақша аударған болсаңыз, әр аударымның 6 жылдық мерзімі жеке есептеледі.
Мысалы, 2021 жылы 2 млн, 2022 жылы 1 млн, 2025 жылы тағы 1 млн теңге аударылса, 2027 жылы тек алғашқы 2 млн теңгенің мерзімі аяқталады.
📌 Өз ақшаңыздың пайдалану мерзімін enpf-otbasy.kz сайтындағы «Өтінімдер» бөлімінен тексеруге болады.

👀7
Біреу қоңырау шалады, қайта хабарлассаң — «бұл нөмір тіркелмеген»
«Бұл қалай?» деп Activ пен Beeline операторынан Нұрлан Досмағұл есімді Facebook қолданушысы сұраған екен. Өте жақсы сұрақ.
Мұндай қоңырау бәрімізге де түсіп тұрады. Кейде бір шаруаның қамын күйттеп отырып, қайта хабарласып көресің — нөмір тіркелмеген болып шығады.
Иә, бұл — алаяқтардың ісі. Енді заңды сұрақ туады: олар нөмірді қайдан алды, қалай қоңырау шалып тұр?
Автор көтерген мәселеге программист, IT-сарапшы Ерлан Оспан пікір білдірген екен. Оның айтуынша, қазір алаяқтар SIM-картаның Simbox деген эмуляторын қолданады екен.
— Тіркелмеген нөмірден стансадан тыс қоңырау соға алады. Яғни, сізге қоңырау шалынғанын оператор білмеуі де мүмкін. Соңғы кездері алаяқтар елге көптеп әкелді, — дейді сарапшы.
Посттың өзінде тегтелген екі оператор да жауапсыз қалмаған. Орынды-ақ. Себебі олар да қауіп аяқасты екенін жасырып отырған жоқ.
Ұялы байланыс операторлары не дейді?
1. Activ (Kcell) ескертіпті:
Алаяқтар «SIM-картаның мерзімі бітті, ұзарту керек» деп алдап, 4 таңбалы SMS-код сұрайды.
Есіңізде болсын: SIM-карта мен нөмірдің жарамдылық мерзімі болмайды!
Оператор ешқашан да код, жеке немесе банк деректерін сұрамайды, WhatsApp-тан немесе халықаралық күмәнді нөмірлерден хабарласпайды.
2. Beeline түсіндіреді:
Өкінішке қарай, компанияның өзі алаяқтықтың бұл түрімен өз бетінше күресіп, құқықтық шара қолдана алмайды.
Дегенмен, берілген нөмірді тексеріп, алаяқтық әрекетке тосқауыл қою мүмкіндігін қарастыратын тиісті бөлімге ақпарат береміз депті.
Егер күмәнді қоңырау келсе, нөмірді тексеріп, блок қою үшін оператордың қолдау қызметіне жазу/хабарласу керек және міндетті түрде құқық қорғау органдарына жүгінген жөн.
Бұдан не түюге болады?
Қандай нөмірден хабарласса да, нені айтып қорқытса да — ешқашан ешкімге SMS-кодты айтып қоймау керек. Сақ болайық дегенді айтқымыз келіп отыр.
Алаяқтар өте қу келеді. Сіз байқадыңыз ба, жоқ па — білмедім, соңғы кезде бейтаныс нөмірден қоңырау түскенде тұтқаны көтерсең, алдымен күле сөйлейтін болыпты. Сосын барып амандасады. Әдетте, бәріміз алаяқтардың дауысына, сөйлеу мәнеріне үйреніп қалдық қой, бірден байланысты үзе саламыз. Ал, алдымен жымия сөйлейтін зымияндар шынайы адам қоңырау шалып тұрсын деп ойласын дейтіндей. Оған да иммунитет қалыптасты. Жаңылмай танимыз. Цифрлы әлемнің сиқыры да осындай. Сақ жүрмеске болмайды.

❤25👍11⚡1
Атыңызда қанша SIM-карта бар?
Білу маңызды ма? Маңызды!
Оны білу керек және ұдайы тексеріп тұрған да жөн.
Биыл Қазақстанда SIM-карта рәсімдеу тәртібі өзгерген болатын. Жаңа талап бойынша, телефон нөмірі адам атына тек биометриялық сәйкестендіруден өткеннен кейін ғана жазылуы керек.
Бірақ сақтықта қорлық жоқ. Өмірде неше түрлі жағдай болады. Біреулер көшеде құжатын жоғалтып жатады. Онда иесі туралы ақпарат және көп жерге мүмкіндік беретін ЖСН нөмірі бар.
Оны қолға түсірген пиғылы теріс адам мүлдем басқа мақсатқа пайдалануы мүмкін. Сондай мысалдың бірі — ЖСН арқылы SIM-карта рәсімдеу. Яғни сіздің атыңызға нөмір алып, оны банк қосымшасына тіркеп, кредит, микрозаем алып, карта ашып, дропперлік мақсатқа қолданса да білгенін істей алады.
Бұл мысалдардың қай-қайсысынан да жапа шегетін — нөмір иесі. Ал SIM-карта сол адамның ЖСН нөмірімен рәсімделген...
Жағдай түсінікті ғой? Салдары ауыр болмақ. Ол алаяқтық қылмыстың бәрін өзің жасамасаң да, заң алдында жауап беру керек болғанда біраз терлеп, сергелдеңге түсесің.
Сондықтан, әр адам өз атына қанша SIM-карта тіркелгенін тексеріп тұруы шарт. Кім біледі, мүмкін біз білмейтін нөмірмен біреу сыртымыздан баяғыдан білгенін істеп жүрген шығар?..
Оны қалай тексереміз?
Оп-оңай.
Компьютермен тексергіміз келсе — eGov.kz
Телефонмен тексергіміз келсе — eGov Mobile
Содан кейін таңдайтын бөлімдер:
«Мемлекеттік қызметтер»
«Танымал қызметтер»
«Абоненттік құрылғының IMEI кодын тексеру» қызметі
Осы жерде сервистің ЖСН бойынша тексеру нұсқасын таңдауға болады. Сонда әр тексеруші адам өз нөмірін жазып, атына қай оператордан неше нөмір тіркелгенін көре алады.
Мысалы, бір адамда екі нөмір тіркелген болуы мүмкін. Егер ол жерде атына 4 нөмір шығып тұрса, онда ойлану керек деген сөз.
Не істейміз?
Байланыс операторларымен байланысамыз. Сол (eGov-тағы) сервис байланыс операторларының телефон нөмірлерін көрсетіп қояды. Егер осы мәселеге қатысты сұрақ туып жатса, сол компанияның Call-орталығына немесе кеңсесіне барып хабар беру керек.
Жеке басымызды растайтын құжатты көрсетіп, атымызға өзімізге беймәлім артық нөмір тіркелгенін айтамыз. Лажы болса өз атыңнан жою керек. Оператор арызбен жүгінген адамның өтінішін қарастыруға міндетті.

👍26❤6⚡2
Қарыз беруге қалайсыз?
Әлеуметтік желіде қазір осы тақырып өткір тұр. Оған, бәлкім, соңғы күндері пайда болған қарыз қайтаруға қатысты жазба түрткі болған шығар.
Біз ол адамдардың аты-жөніне тоқталмаймыз. Бір анығы — ел алдында жүрген (көптің жазуынша: салмақты әңгіме айтып, ұлттық құндылықтар жайында көп толғайтын, ТВ-ға сұхбат беретін) бір азаматтың өзінің әкесіндей елге сыйлы журналист ағасынан қарызға ақша алып, қайтармай жүргені.
Жай ғана қолда бар ақшасын алмаған, сол мақсатына жету үшін кредит алғызған!
9 000 000 теңге! Банкке жетектеп алып барып, миллиондарды кредитке рәсімдетіп, шытырлатып санап алып кеткен ғой. Содан бері неше түрлі сылтау айтып келіпті. Сол інісіне сеніп қалған журналист ағамыз ақыр соңында жұмыссыз қалып, төлей алмаған. Кредит проблемалық қарызға айналған.
Жәбірленуші тараптың қызы қарыз алған азаматтың атын атап, өзін тегтеп тұрып, әлеуметтік желіде алған қарызын қайтаруды талап етіп жатыр. Енді сотқа бермек.
Осы оқиға әсер етті ме, қарыз беруге қатысты жазбалар көбейді. «Қарыз бермеу керек!» деген месседж желі бетінде толып тұр. «ЖОҚ» деген бір ауыз сөзді айтып үйреніңдер деп жатыр ел-жұрт.
«Досым/туысым деп құжатсыз ақша берме»
Бұл — ЖИ-дің ұстанымы. «Адамдарға бір-біріне қарыз беруге кеңес берер ме едің?» деп қызыққа сөзге тартып көргенбіз, жасанды интеллект бір ғана қарапайым қағиданы ұстануға шақырады.
Сондағы айтпағы: Қарызды беруге болады, бірақ берген ақшаң қайтпай қалса, өкінбейтіндей мөлшерде бер. Тіпті ол ақшаны жоғалтып алсаң да, күнделікті өміріңе әсер етпегені жақсы.
Екінші мәселе — қарызды құжатпен рәсімдеу. Азаматтың барлық жеке дерегі қағазға түскен, қарызды беру-қайтару датасы нақты көрсетілген, өз қолымен жазылған Қолхат алу.
Сосын, шама келсе, ақшаны шоттан шотқа аударып беру. Сонда екеуара цифрлық із қалады. Кейін сотқа жүгінген жағдайда позицияңды қорғайтын жалғыз құрал — осы екеуі.
Қарыз күліп келіп, жылап қайтады дейді. Ел болғасын арамызда неше түрлі оқиға болып жататыны рас. Қарыз беру мен алуға қатысты оқырман ойына қозғау салып көрейік деп күн тәртібінде тұрған осы бір актуал тақырыпты әкеліп отырмыз. Көпшілік не ойлайды? Қарыз беруге қалай? Қарыз сұрап келген адамға қалай жауап беріп жүр? Кімнің басынан қандай оқиға өтті? Уақыт болса, жаза отырыңыз.
Айтпақшы, банк жүйесінде «гарант» деген ұғым бар. Несие (ипотека) алушы адамның табысы жетпей тұрса, өзінің тамыр/туысын тарта алады. Көмектескен жақсы-ақ. Бірақ күндердің күнінде негізгі борышкердің басына іс түсіп, қарызын уақытында немесе мүлдем жаба алмаса, гарантқа түсетін ауыртпалық қандай екенін білуші ме едіңіз? Оны да кезінде жазғанбыз. «Тұздыққа» 2023 жылы жазылған сол жазбамызды да іле кетейік:
Гарант болу қаншалықты қауіпті — https://t.me/qarzhylyq_sauat/156

👍12❤7
25 қыркүйек — жалпыұлттық аза тұту күні
Маңғыстау облысында қызметтік міндетін атқару кезінде әскери қызметшілердің қазаға ұшырауына байланысты Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту жарияланды.

❤19⚡2
Қорғаныс министрлігінің соңғы ақпараты
Каспийде іздестіру операциясы жалғасып жатыр.
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Үкіметтік комиссияға төрағалық етсе, Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов дәл оқиға болған жерде іздестіру-құтқару жұмыстарын басқарып отыр.
Жедел штаб құрылған. Оның құрамына:
Қорғаныс министрлігінің
ҰҚК Шекара қызметінің
Төтенше жағдайлар министрлігінің
Ішкі істер министрлігінің
Маңғыстау облысындағы жергілікті атқарушы органдардың өкілдері кірген.
Ауқымды операцияға жұмылдырылғаны:
· 252 әскери қызметші мен қызметкер
· 34 бірлік арнайы жерүсті техникасы
· 37 әскери сүңгуір
· 14 кеме мен катер
· 4 тікұшақ
· 20-дан астам әуе кемесі
Қазір су айдыны, жағалау аймағы және оған іргелес жатқан аумақтар әуеден бақылауға алынып, жаппай тексеріліп жатыр.
Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері де қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасына көмек көрсету үшін 815 млн теңге жұмсауға дайын екені туралы хабарлап жатыр. Яғни, қаражат қаза тапқандардың отбасына тіке бағытталады.
Қайырымдылық бастамаға Кеңестің 17 мүшесі қосылған екен. Олардың дені —өңірлердегі бизнес өкілдер.
Еске салсақ, ресми ақпарат бойынша, оқу-жаттығуға арналған жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде күн райы күрт нашарлап, желдің екпіні 17 әскери қызметшіні ашық теңізге алып кеткен. Содан үш әскери қызметші құтқарылған. Өкінішке қарай, 12 сарбаз қаза тапты. Қазір екеуі іздестіріліп жатыр.
25 қыркүйек — Қазақ елінде жалпыұлттық аза тұту күні
@qarzhylyq_sauat

Қылмыстық іс қозғалды. Арнайы комиссия оқиғаның барлық себебі мен мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр. Қаза болғандардың отбасына және зардап шеккен әскери қызметшілерге тиісті материалдық және психологиялық көмек көрсетіледі, деп жазылған ресми хабарламада.
Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері де қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасына көмек көрсету үшін 815 млн теңге жұмсауға дайын екені туралы хабарлап жатыр. Яғни, қаражат қаза тапқандардың отбасына тіке бағытталады.
Қайырымдылық бастамаға Кеңестің 17 мүшесі қосылған екен. Олардың дені —өңірлердегі бизнес өкілдер.
Еске салсақ, ресми ақпарат бойынша, оқу-жаттығуға арналған жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде күн райы күрт нашарлап, желдің екпіні 17 әскери қызметшіні ашық теңізге алып кеткен. Содан үш әскери қызметші құтқарылған. Өкінішке қарай, 12 сарбаз қаза тапты. Қазір екеуі іздестіріліп жатыр.
25 қыркүйек — Қазақ елінде жалпыұлттық аза тұту күні
@qarzhylyq_sauat
👍10👎2💯1👀1
Каспий теңізінде жоғалған екі әскери қызметшінің денесі табылды.
Олар — сержант Мансұр Гумаров пен матрос Мирас Тұрдыбекұлы.
Осылайша, қайғылы оқиғадан ажал құшқан сарбаздардың саны 14-ке жетті.
Каспий теңізінде іздестіру операциясы аяқталды.
@qarzhylyq_sauat
Олар — сержант Мансұр Гумаров пен матрос Мирас Тұрдыбекұлы.
Қорғаныс министрлігі мен Қарулы күштер басшылығы және жеке құрам қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады, деп жазылған ресми хабарламада.
Осылайша, қайғылы оқиғадан ажал құшқан сарбаздардың саны 14-ке жетті.
Каспий теңізінде іздестіру операциясы аяқталды.
@qarzhylyq_sauat
❤14👀1
Шетелдік валютадағы депозиттердің ставкасы көтерілгелі жатыр
Доллардан гөрі ақшасын теңгеде жинайтын орташа қазақстандыққа бұл жаңалық қаншалықты қызық болуы мүмкін? Ақпаратты талдап көрейік, қорытып алатын — өзіңіз.
1 қазаннан бастап кейбір валюталық депозиттердің шекті сыйақы ставкасы көтеріледі. Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры осындай шешім қабылдап отыр. Бұл тек шетел валютасындағы депозиттерге ғана қатысты мәселе. Теңгедегі жинақтарға өзгеріс жоқ.
Бұрын қалай еді?
Осы уақытқа дейін шетел валютасындағы (айталық, доллар/еуро) депозиттердің проценті өте төмен болды — жылына небәрі 1%. Банктер одан жоғары процент қоя алмайтындай заңмен шегеленді де.
Есесіне, ұлттық валютадағы депозиттердің проценті едәуір жоғары болды. Жинақ салымдары мен мерзімді депозиттердің ставкасы 14-15%-тен түспейді.
Айырмашылық — жер мен көктей. Халықты долларға ұмтылдыра бермей, ақшасын теңгеде сақтауға ынталандыру үшін мемлекет осындай саясат ұстанды.
Енді не өзгереді?
Дұрыс түсінсек, бұл жаңалық тек ұзақмерзімді жинақ салымдарына ғана әсер етеді. Яғни 12 айдан көп мерзімге ашылатын валюталық депозиттердің шекті ставкасы жылдық 1,0%-тен — 2,5%-ке дейін көтеріледі. Бірақ бұл тек 1 қазаннан кейін жаңадан ашылатын немесе мерзімін ұзартатын салымдарға ғана қолданылады.
Жалпақ жұртқа түсінікті болуы үшін айтайық, бұл жерде Қор «жоғарғы шекті» ғана бекітіп береді. Яғни, «осыдан жоғары көтеруге болмайды» деген лимит. Ал банктер сол лимиттің ішінде қандай процент белгілейтінін өз бетінше шешеді.
Қазақстанда кімдер долларда депозит ұстайды?
Ай басында (4 қыркүйекте) Ұлттық банк базалық ставка бойынша брифинг өткізген еді. Сол жерде осы тақырып жақсы көтерілді. Реттеуші органның басшысы Тимур Сүлейменов те барынша ашық болуға тырысты. Сонда түйгенімізді айтсақ, орташа қазақстандық үшін қазір долларда ақша жинау мүлде таңсық дүние секілді. Оны статистика да растайды. Қазақстанда 50 млн теңгеге дейінгі депозиттердің 91-92%-і ұлттық валютада тұр.
Ұлттық банк төрағасының сөзіне сүйенсек, шетел валютасында ақша сақтайтындардың дені — ауқатты азаматтар. Қолында қаржы қоры мол болғандықтан, өз капиталын әртараптандырады (әр түрлі инвестицияға бағыттайды деп түсінуге болады). Сол үшін ауқатты топ портфелінің бір бөлігін шетел валютасында ұстайды.
Теңге&доллар: қайсысы тиімді?
Орталық банктің басшысы Тимур Сүлейменов салыстырмалы түрде теңгеде жинақтаған әлдеқайда тиімді дейді. Себеп? Себебі инфляция біртіндеп бәсеңдеп келеді, теңгенің өзі жыл басынан бері 10%-ке дейін нығайды. Биыл теңгедегі депозиттердің орташа ставкасы 18-19% болды.
«Кезінде долларды 550 теңгеден сатып алып, сақтағандар қазір «минуста» отыр. Олар курстық айырмашылықтан да ұтылды, қарапайым теңгедегі депозиттен табуға болатын мүмкіндіктен де айырылды. Сондықтан теңгеге сеніп, ақша-кредит және макроэкономикалық саясатқа сенім арту керек. Меніңше, мемлекет оған лайық: ол қаржының да, экономикалық жүйенің де тұрақтылығын қамтамасыз етіп отыр» — дейді Т. Сүлейменов.
Шетел валютасына берілетін кепілдік туралы
Мемлекет белгілі бір мөлшердегі депозит ақшасына және оның сыйақысына кепілдік беретінін білетін боларсыз. Бүгінгі жаңалық тұрғысынан айтсақ, валюталық депозиттерге берілетін мемлекеттің кепілдік сомасы өзгеріссіз қалады. Яғни:
Шетел валютасындағы депозитке — 5 млн теңгеге дейін ғана;
Теңгедегі мерзімді және мерзімсіз депозитке — 10 млн теңгеге дейін;
Теңгедегі жинақ депозитке — 20 млн теңгеге дейін кепілдік беріледі.
Ойымызды жинақтайық: Ұзақ мерзімге шетел валютасында ақша ұстайтындар үшін депозиттердің проценттік ставкасы сәл де болса өсетін болды. Бірақ, ақылға салып қарағанда, бұл жаңалық «долларға көшу керек болды ғой» деп жаппай шешім қабылдауға негіз болмауы керек. Оның үстіне, сандар да салыстырмалы түрде ұлттық валютаның әлдеқайда тиімдірек екенін анық көрсетіп тұр.
Есіңізде шығар, осыдан біраз жыл бұрын қалай еді? Елімізде үй, көлік алу немесе жалдау —доллармен есептелетін еді ғой. Ол кезде жарнаманың мәтіні газеттерге басылатын. Бағаның бәрі шартты бірлікке («у.е.») байланған. Жұрт жалақысын ала сала ақшасын долларға айырбастауға жүгіретін. Ол кезде, бәлкім, теңгеге сенім аз болды. Қазір заман басқа. Бәрі өзгерді. Үй алсақ та, көлік саудаласақ та доллармен емес, теңгемен ойлаймыз. (Теңгемен түс көреміз). 2015 жылдары халықтың депозитте ұстаған жинақтарының 80%-ті доллармен болған екен. Қазір сол көрсеткіш 19,2%-ке дейін түскен. Осындай саясат ұстанып, ұлттық валютаның беделін көтере білген Ұлттық банктің де еңбегін жоққа шығаруға болмас.

❤18👍10⚡2
Реттеуші органдар «рассрочка» нарығын реттегісі келеді
Ұлттық банк пен ҚНРДА неден қауіптеніп отыр? Дүкендер мен маркетплейстер, BNPL-провайдерлер беретін «рассрочкалар» оларды несімен алаңдатады? Бұл — бөліп төлеу жүйесі «құрдымға» кетеді деген сөз бе? Тақырып өте актуал. Қоғамдық талқылауға шығарылған құжат нарыққа не ұсынғысы келеді? @qarzhylyq_sauat бұл материалында әр адам біліп жүруге тиіс дүниелерді қамтып отыр. Оның мәнісін білмей, дүкендер мен маркетплейстер ұсынатын «рассрочканы» өте абайлап алған жөн.
Қазір дүкен араласаң да, интернеттен бірдеңе сатып алсаң да «бөліп төлеу» әдісіне арқа сүйеп тұрасың. «Қазір ал да кейін төле» деген сервистер күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналып кетті. Тіпті соңғы жылдары несие беру талаптары күшейген сайын халық осы әдіске жиі жүгінетіндей.
Статистика не дейді?
2025 жылы тұтыну несиелерінің құрылымында «рассрочкалардың» үлесі 19%-ке жеткен (салыстыру үшін айтсақ: 2022 жылы бұл көрсеткіш 14,7% еді). Ал қазір Қазақстандағы барлық қарыз алушылардың 63%-і осы BNPL сервистерді тұрақты пайдаланады екен.
Осылай өсіп жатқан нарықтың артында нендей қатер тұр? Бұл мәселемен қазір Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі айналысып жатыр. Реттеуші орган дегеніміз осылар еді.
BNPL деген не?
«Buy Now, Pay Later». Өзіміздің тілге салсақ: «Қазір ала бер, кейін төлейсің».
Ол банк немесе микроқаржы ұйымы рәсімдейтін «рассрочка» емес. BNPL-сервисте тұтынушы қаржы ұйымына бармай-ақ сатушының өз есебінен немесе арнайы провайдерлер арқылы тауарды бөліп төлеуге ала береді.
Сонда мәселе неде?
Мәселе — бұл қарыздың көзден таса қалатынында. Яғни мұндай «рассрочкалар» көбіне азаматтың жалпы кредит тарихында көрінбейді. Адам бір жерден бөліп төлеуге телефон алуы мүмкін, екінші жерден киім алады, үшінші жер өзінің ішкі «рассрочкасымен» тұрмыстық техника ұстатып жібереді.
Ал банктер несие берер кезде сол клиенттің қарыз жүктемесін көре алмайды. Яғни адамның ай сайынғы табысына түсетін салмақ оның айлық табысынан асып кетсе де, клиент банк көзіне сырттай «таза» көрінеді.
Сосын оған банк немесе микроқаржы ұйымы «ее, мына клиент таза, салмақ салар басқа қарыздары жоқ екен» деп өзінің несиесін «іледі», ақыр соңында өз әлеуетін бағалай білмеген клиент үлкен қарыздың ортасында қалады. Түсіндіңіз бе, реттеуші органдар осы мәселеге алаңдап отыр.
Заңдық айырмашылығы
Бәріміз білеміз, банктер мен МҚҰ беретін несиелер заңмен реттеледі. Ал дүкендер мен маркетплейстер, BNPL-провайдерлер беретін «рассрочкалар» кәдімгі азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде жүреді.
Айырмашылығы мынада: ертең азаматтың тұрмыстық жағдайы нашарлап, соттан тыс банкроттыққа жүгінсе, банктер мен МҚҰ алдындағы қарыздары заң бойынша есептен шығарылуы мүмкін. Ал әлгіндей «рассрочкалар» бұл тізімге кірмейді.
Яғни, адам ресми түрде банкрот болса да, бұл қарыздар оның мойнында қала береді. Жойылмайды. Оның үстіне, қазір бұл нарыққа тек ұсақ тауарлар ғана емес, көлік, жылжымайтын мүлік немесе «жалға алып, кейін сатып алу» схемалары да кіріп жатыр. Әрі қарай ойлай беріңіз.
Брокерлер де бақылаусыз
Соңғы уақытта банктер кредит беру талаптарын күшейткенін білеміз. Жалпақ тілмен айтқанда, ресми табысы жоқ немесе қарызы басынан асатын азаматтарға ақша беруді тоқтатты.
Осы құбылысты өз пайдасына асырып жүрген «көмекшілер» де табылып қалып жатады. Олар өзін кредит брокеріміз, кеңесшіміз дейді.
Сонда не істейді? Банктердің шектеуін айналып өтіп, осындай бақылаусыз «рассрочкаларды» рәсімдеп беруге көмектеседі. Кәдімгідей, бизнеске айналдырып алған ғой. Өз қызметіне ортадан ақша ұстайды. Бір сөзбен айтқанда, халықтың қарызға батуына олар да үлес қосып отыр.
Ұлттық банк не ұсынғысы келеді?
Бір нәрсе анық — бұл бағытқа толық тыйым салынбайды. Күн тәртібінде ондай мәселе жоқ. Реттеуші орган өмірде бар әдістердің артықшылығын сақтап, тұтынушыны қорғай отырып нарықты ретке келтіруді көздейді.
Нақты айтқанда:
▪️BNPL мен «рассрочкалар» бойынша барлық мәліметті кредиттік бюроларға беру.
Мұндай міндетті талаптың мақсаты — банктер клиенттің барлық қарызын көруі керек.
▪️Клиенттің шынайы төлем қабілетін тексеру
▪️Мәміленің толық құны мен шарттарын ашық ету
▪️Шамадан тыс айыппұл мен өсімпұлға шектеу қою.
▪️Қаржылық кеңесшілер мен кредит брокерлерін лицензиялау және қатаң қадағалауға алу.
Бұл талап қашан орнайды?
Иә, әзірге бұл ережелер түпкілікті қабылданған жоқ. Ұлттық банк құжатты дискуссия форматында жариялап, 3 қарашаға дейін қоғамдық талқылауға шығарды.
Егер бұл өзгерістер мақұлданар болса, көзге көрінбейтін оңай «рассрочкалар» көзден бұлбұл ұшуы мүмкін. Қайдан қарыз алсаң да бәрі кредит тарихыңда «менмұндалап» тұрады. Иә, ол кезде мойнында бірнеше қарызы бар адамға жаңа несие алу оңай болмасы анық. Бірақ мұның бәрі азаматтар қарызға белшеден батпас үшін жасалып жатқан шара екенін ескерсек, құптамасқа лаж жоқ. Оның үстіне, банкрот болсаң да, мойныңда қалып қоятын қарыздың несі жақсы?! Кімге абырой? Бұл тұрғыдан қарағанда, заң да, тәртіп те керек-ақ.

👍21❤5⚡2
Үлде мен бүлдеге бөлену дәуірі келіп, ақшаның қадірі кете ме?
Илон Маск жақында Қытай ақпарат агенттігіне берген сұхбатында шамамен мынадай пікір айтты:
Жасанды интеллекті мен адам кейпіндегі роботтар бүкіл өндіріс пен қызмет көрсету түрлерін атқарады. Адамзат бұрын-соңды болмаған үлде мен бүлдеге бөленеді.
Адамдардың күнделікті табысы мен жианаған қаражаты, активтері күрт ұлғаяды. Тауарлар мен қызметтер үнемі сұраныстан ондаған есе артық болады.
Роботтар еш шаршамайды, тоқтаусыз жұмыс істейді. Аптада 168 сағат болса, сонша сағат істей береді. Роботтарға балалық шақ та, еңбек демалысы да, зейнетақы да керек емес. Олар күндіз-түні сағаттай жұмыс істеп тұрады.
Жасанды интеллекті еңбекті ұйымдастыру, экономиканы қалыпты ұстау істерін де өздері жүргізетін болады. Қысқасы, Илон Масктың сөзінше, әлемде халықтардың үлде мен бүлдеге бөлену дәуірі қалыптасады.
Жасанды интеллекті адамдарға енді не керек деп ойлап, қызмет көрсетудің жаңа түрлерін шығарады. Мысалы, адам нені армандайтынын біліп, сол арманын орындайды. Хан сарайындай сарайды қаласа дәл ойындағыдай етіп салып береді.
Миллиардердің ойынша, адам кейпіндегі роботтардың саны енді он жылдан кейін 1 миллиард, он бес жылдан кейін 10 миллиард, ал жиырма жылдан кейін 100 миллиард болады.
Роботтар өнеркәсіп пен өндірісте істеп қана қоймайды, олар қарт адамдарға қызмет етеді, бала қарайды, жеке дәріс өткізетін мұғалім де болады, көлік жүргізеді, тағы басқа толып жатқан міндеттерді атқарады.
Адамның рөлі кемімейді. Мысалы бір адам мыңдаған робот пен жасанды интеллекті агенттерінің жұмысын басқара алатын болады.
Ал ең бастысы, үлде мен бүлдеге бөлену дәуірінде ақша, қаражат, активтердің маңызы тым төмендеп кетеді. Олардың осы күнгідей құны да болмайды. Тіпті ақшаны қажетсінудің өзі төмендейді.
Саяси шолушы Серік Алданның парақшасынан

🤩12❤5⚡1
☕️ «Латте факторы»: Күнделікті ұсақ шығындар байлыққа қалай тұсау болатынын білмей жатамыз...
Аптаның соңғы жұмыс күні де жетті. Бүгін оқырманға жеңіл тақырып ұсынғым келді. Кредит пен қарыз жайын қашанғы жырлай береміз? Бір сәт ойланып, өз-өзімізге іштей есеп беріп көрсек деп ойлап едім.
Ақша туралы, байлық туралы ойламайтын адам аз шығар. Бірде Tik-Tok-тан подкаст үзіндісін көріп қалдым. Студияға екі қонақ келіп отыр екен, бірі (әйел адам) «өмірдің мәні ақшада емес» деген философиялық ұстаным ұстанған секілді.
Екінші спикер — ер адам онымен келіскен жоқ. «Өмірдің мәні — ақшада!» деп кесіп айтты. Біршама уақыт өтті, сөзбе-сөз жеткізе алмаспын, бірақ жалпы мағынасы былай болды:
«Өмірдің мәні — ақшада! Ақшаң болмаса сен ешкім емессің! Ешкімге керегің жоқ. Қалтаңда 2 мың теңгең болмаса, көшеден кофе алып іше алмайсың. Көк тиынсыз жүрсең, автобус та мінгізбейді. Ақшаң жоқ па — сенімен ешкім араласпайды, сені ешкім іздемейді де. Тіпті қалтаңда 100 теңгең болмаса,дәретханаға кіре алмайсың...»
Сөзінің жаны бар, иә? Нарық заманында ақшасыз аттап басу қиын, ол рас. Бәріміз миллиондап тапқымыз келеді. Бірақ арамызда оны тауып жатқан адамдар да бар ғой. Олар жетеріне жеткізе алып отыр ма? Мәселе сонда.
Сондықтан, «жақсы ақша табу үшін міндетті түрде миллиондап табу керек» деген түйсік — әңгіменің бер жағы. Байып кету де, ақша жинау да табысқа байланысты емес, қолда барды ұстай білуде, жұмсай білуде дейді білетіндер.
«Латте факторы»
Экономикада осындай ұғым бар. Оны алғаш болып Дэвид Бах (David Bach) есімді жазушы енгізген деседі. Сол жайында кітап жазып, терминді кеңінен сипаттаған еңбек бестселлерге айналған деп оқыдық.
Термин қайдан шықты?
Дэвид Бах бір күні кофеханаға келіп, әр таң сайын қымбат кофе ішуді әдетке айналдырған жас жұппен әңгіме-дүкен құрады. Олар сөз арасында «бізде қандай да бір инвестиция жасауға немесе үй алуға ақшамыз жоқ, айлығымыз тек күнделікті шығынға ғана жетеді» деп мұңайыпты.
Сонда жазушы қарапайым математикалық есеп құрып, Құдайдың құтты күні кофеге жұмсалатын ақшаның жылдар өте қаншалықты үлкен капиталға айнала алатынын түсіндіреді.
Әрине, бұл жерде әңгіме кофеге тіреліп тұрған жоқ. Ол кофе болсын, ол шоколад болсын, ол басқа бір сусын болсын. Мәселе — күнделікті өмірде елеусіз кетіп жатқан ұсақ-түйек шығындарда.
Мысалы, күніне (тұрақты) жұмсалатын 1500 теңгелік шығын — бір айда 45 000 теңге. Бір жылда — 540 000 теңге! Соны мақсатты түрде жинай алған адам жыл ішінде жақсы бір гаджет алар еді, болмаса, демалысқа барып келуге болады дегендей.
Ал өмірде жағдай сәл басқаша ғой. Біз қайда шығындалып жатырмыз? Әр адам өзіне есеп берсе, анау-мынау шығынның «тамырына балта шаба алса», тәртіп сол болар еді.
Ал біз, әдетте, күн сайын таксиге шығындалып жатамыз. Біреулер фаст-фудқа құмар, енді бірі тек қоғамдық орындарда тамақтанғанды жақсы көреді. Тағы бір топ тұрақты пайдаланбаса да, түрлі сервис/қосымшаларға ай сайын төлем жүргізіп шығындалады.
Қай-қайсысы да бір-екі мың теңгенің айналасындағы әңгіме болғасын бізге олар шығын боп көрінбейді. Рас па? «Қайда кетпей жатқан он мың» дейміз ғой. Дэвид Бахтың түсінігінде мәселе — ақшаның аздығында болмай тұр, сол ақшаны текке жұмсамай, жинағанда немесе пайда әкелетін бір іске бағыттағанда қаншалықты өсетінінде.
Егер сол ұсақ-түйек шығындарды қысқартып, ай сайын бір арнайы шотқа салып, (шетелдің түсінігінде) акцияларға құйып отырса, бірнеше жылдың ішінде әжептәуір қор жиналар еді деген месседж.
Дұрыс түсіну керек, «латте факторы» адамды кофе ішуден айырмайды. Тек көзге көрінбейтін әдеттерің өз бюджетіңді қалай қағып жатқанын көрсетеді. Яғни өз шығындарыңа саналы түрде қарауға үйрететін психологиялық тәсіл деп ұққан дұрыс.
Алда демалыс күндері бар. Базар/дүкен аралап, сауда жасаймыз. Қалай ойлайсыз, «латте факторынан» сабақ ала аламыз ба, жоқ па? Бір сәт ойланып көрейік. Ал, мен сіздерге берекелі демалыс тілеймін!
«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ»
https://t.me/qarzhylyq_sauat
Аптаның соңғы жұмыс күні де жетті. Бүгін оқырманға жеңіл тақырып ұсынғым келді. Кредит пен қарыз жайын қашанғы жырлай береміз? Бір сәт ойланып, өз-өзімізге іштей есеп беріп көрсек деп ойлап едім.
Ақша туралы, байлық туралы ойламайтын адам аз шығар. Бірде Tik-Tok-тан подкаст үзіндісін көріп қалдым. Студияға екі қонақ келіп отыр екен, бірі (әйел адам) «өмірдің мәні ақшада емес» деген философиялық ұстаным ұстанған секілді.
Екінші спикер — ер адам онымен келіскен жоқ. «Өмірдің мәні — ақшада!» деп кесіп айтты. Біршама уақыт өтті, сөзбе-сөз жеткізе алмаспын, бірақ жалпы мағынасы былай болды:
«Өмірдің мәні — ақшада! Ақшаң болмаса сен ешкім емессің! Ешкімге керегің жоқ. Қалтаңда 2 мың теңгең болмаса, көшеден кофе алып іше алмайсың. Көк тиынсыз жүрсең, автобус та мінгізбейді. Ақшаң жоқ па — сенімен ешкім араласпайды, сені ешкім іздемейді де. Тіпті қалтаңда 100 теңгең болмаса,
Сөзінің жаны бар, иә? Нарық заманында ақшасыз аттап басу қиын, ол рас. Бәріміз миллиондап тапқымыз келеді. Бірақ арамызда оны тауып жатқан адамдар да бар ғой. Олар жетеріне жеткізе алып отыр ма? Мәселе сонда.
Сондықтан, «жақсы ақша табу үшін міндетті түрде миллиондап табу керек» деген түйсік — әңгіменің бер жағы. Байып кету де, ақша жинау да табысқа байланысты емес, қолда барды ұстай білуде, жұмсай білуде дейді білетіндер.
«Латте факторы»
Экономикада осындай ұғым бар. Оны алғаш болып Дэвид Бах (David Bach) есімді жазушы енгізген деседі. Сол жайында кітап жазып, терминді кеңінен сипаттаған еңбек бестселлерге айналған деп оқыдық.
Термин қайдан шықты?
Дэвид Бах бір күні кофеханаға келіп, әр таң сайын қымбат кофе ішуді әдетке айналдырған жас жұппен әңгіме-дүкен құрады. Олар сөз арасында «бізде қандай да бір инвестиция жасауға немесе үй алуға ақшамыз жоқ, айлығымыз тек күнделікті шығынға ғана жетеді» деп мұңайыпты.
Сонда жазушы қарапайым математикалық есеп құрып, Құдайдың құтты күні кофеге жұмсалатын ақшаның жылдар өте қаншалықты үлкен капиталға айнала алатынын түсіндіреді.
Әрине, бұл жерде әңгіме кофеге тіреліп тұрған жоқ. Ол кофе болсын, ол шоколад болсын, ол басқа бір сусын болсын. Мәселе — күнделікті өмірде елеусіз кетіп жатқан ұсақ-түйек шығындарда.
Мысалы, күніне (тұрақты) жұмсалатын 1500 теңгелік шығын — бір айда 45 000 теңге. Бір жылда — 540 000 теңге! Соны мақсатты түрде жинай алған адам жыл ішінде жақсы бір гаджет алар еді, болмаса, демалысқа барып келуге болады дегендей.
Ал өмірде жағдай сәл басқаша ғой. Біз қайда шығындалып жатырмыз? Әр адам өзіне есеп берсе, анау-мынау шығынның «тамырына балта шаба алса», тәртіп сол болар еді.
Ал біз, әдетте, күн сайын таксиге шығындалып жатамыз. Біреулер фаст-фудқа құмар, енді бірі тек қоғамдық орындарда тамақтанғанды жақсы көреді. Тағы бір топ тұрақты пайдаланбаса да, түрлі сервис/қосымшаларға ай сайын төлем жүргізіп шығындалады.
Қай-қайсысы да бір-екі мың теңгенің айналасындағы әңгіме болғасын бізге олар шығын боп көрінбейді. Рас па? «Қайда кетпей жатқан он мың» дейміз ғой. Дэвид Бахтың түсінігінде мәселе — ақшаның аздығында болмай тұр, сол ақшаны текке жұмсамай, жинағанда немесе пайда әкелетін бір іске бағыттағанда қаншалықты өсетінінде.
Егер сол ұсақ-түйек шығындарды қысқартып, ай сайын бір арнайы шотқа салып, (шетелдің түсінігінде) акцияларға құйып отырса, бірнеше жылдың ішінде әжептәуір қор жиналар еді деген месседж.
Дұрыс түсіну керек, «латте факторы» адамды кофе ішуден айырмайды. Тек көзге көрінбейтін әдеттерің өз бюджетіңді қалай қағып жатқанын көрсетеді. Яғни өз шығындарыңа саналы түрде қарауға үйрететін психологиялық тәсіл деп ұққан дұрыс.
Алда демалыс күндері бар. Базар/дүкен аралап, сауда жасаймыз. Қалай ойлайсыз, «латте факторынан» сабақ ала аламыз ба, жоқ па? Бір сәт ойланып көрейік. Ал, мен сіздерге берекелі демалыс тілеймін!
«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ»
https://t.me/qarzhylyq_sauat
👍46❤9🤝8⚡1💯1
«Бізге бай адамды жек көруді қойып, соған ұқсауға ұмтылу керек»
Белгілі кәсіпкер Қуатбек Хайруллаев айтқан бір әңгіме есімнен кетпейді. Әлемнің даңқты университеттерінің біріне дәріс оқуға әйгілі бизнесмен шақырылады. Есім-сойы жұртқа белгілі кісі келе жатқасын аудитория аузы-мұрнынан шыға толады. Бәрі оның өмірбаянын тыңдамақ. Қалай жетістікке жетті? Қандай кедергі кездесті? Одан қалай өтті? Кім көмектесті?
...Міне, бизнесмен кіріп келді. Ешкімге қараған жоқ. Тақтаға бір шарды қатты етіп бекітті де, оны екінші шармен дәлдеп ұра бастады. Шар бірде тиеді, бірде тимейді. Басында қызыға қараған студенттер бес-он минуттан кейін жалыға бастады: «Мына кісі не істеп жатыр?». Тағы бес-он минуттан кейін дауыстап айта бастады: «Ей, не істеп жатырсыз? Дәрісіңізді бастаңыз».
Ананың елең ететін түрі жоқ. «Қой, мынаның есі дұрыс емес шығар...». Жұртшылық бір-біріне қарайды. «Бассыздықты тоқтатыңыз...» – деді жүйкесі жұқа біреу айқайлап. Анада үн жоқ. Құдды бұлардың бар екенін ұмытып кеткендей. Бір топ студент шығып кетті. Залда отырғандар ысқырып, қағаз, сызғыш, өшіргіш лақтыра бастады. Анау тіпті қыңар емес. Тағы бір топ сыртқа беттеді. Ең соңында бес-алты-ақ адам қалды. Не де болса, аяғына дейін шыдамақ.
Бизнесменнің бұларға бұрылатын түрі жоқ. Бар өмірі алдында тұрған шарға байланғандай, дәлдеп ұрады. Бір кезде шар тарс етіп жерге түсіп, домалай жөнелді. Сол кезде ғана бизнесмен студенттерге жалт бұрылды:
Рас әңгіме. Егер алдыңа нақты мақсат қоя алмасаң, онда бизнеске келудің керегі жоқ. Сыртыңнан тас лақтырғандарға сен де жұдырығыңды ала жүгіретін болсаң, әу бастағы мақсатыңды ұмытып қаласың.
Кеңес өкіметі бізге бай – жаман, кедей жақсы деп үйретті. Өкінішке қарай, сол ұғым санамызда қалып қойды. Мен әдетте Tik-Tok-тағы парақшамды өзім жүргіземін. Жау киімімді киіп, мал соңында жүрген суретімді салсам, халыққа қатты ұнайды. Оң пікір қалдырады.
Бірде Майбах мінген видеомды салдым. Сол-ақ екен, нешетүрлі пікір жазылды. Әп сәтте «халықтың несібесін ұрлаған алаяқ, жексұрын» болып шыға келдім. Бірақ оның да адал еңбекпен келгенін кімге түсіндіріп жатасың?
Жұрт қаладағы үйінде, аппақ төсегінде жатқанда, мен айдалада, жертөле қазып алып, киімшең жаттым емес пе? Монша түгіл, жай шайынып алатын мүмкіндік болған жоқ. Енді жеттім дегенде алдыңнан әлгіндей әңгіме шығады.
Жалпы, бізде ақша туралы жақсы пікір айтылмайды. «Байлық – қолдың кірі» дей саламыз. Ақшаны барлық жамандықтың бастауы секілді көрсетеміз. Олай емес қой. Ақша – энергия! Ақшасы бар адам алшаңдай басады. Жақсы өмір сүруге ұмтылады. Денсаулығын күтеді. Айналасына шапағаты тиеді. «Елде болса, ерінге тиеді» демей ме? Әрине, ол байлық адал жолмен келуі керек.
Ал кедей адам не істейді? Басына тартса, аяғына, аяғына тартса, басына жетпейді. Айналасына сәулесі түспейді. Ашуланшақ болады. Денсаулығын күте алмайды. Байды жек көреді. Мұның жарлы болғанына сол кінәлі секілді көреді.
Мен жоғарыда бір әңгімемде қолымда 500 доллар болғанын айттым. Сол ақшаны мен қалай аялап ұстағанымды, қайта-қайта санап, сәл майысса түзеп қоятынымды баяндадым. Маған ол кәдімгідей күш-қуат беретін. Мен барынша оның басын бұзбауға тырыстым. Керісінше, көбейткім келді.
Бірақ біршама уақытқа дейін оған бір теңге де қоса алмадым. Өйткені ананы да, мынаны да алу керек. Бала-шағаға тамақ керек, киім керек. Малға шөп, жем қажет. Тойға бармағанның өзінде, біреу қайтыс болғанда төбе көрсетпей тұра алмайсың. Оған құр қол бармайтының аян. Тіпті ана 500 долларға да көз алартқан кезім болды. Бірақ басын бұзбадым. Бұзсам, қайтып жинай алмайтынымды сездім.
Жоғарыда да айттым ғой, әлгі ақшамды күн сайын санағаннан ләззат алушы едім. Маған ғаламат энергия сыйлайтын. Арада біраз уақыт өтті. Бір күні жүз доллар қостым, екі жүз доллар қостым. 1 мың долларға жеткенде қатты қуанғаным есімде. Бір мың бір жүз, бір мың екі жүз, бір мың үш жүз...
2 мың доллар...
3 мың доллар...
10 мың доллар...
30 мың доллар...
50 мың доллар...
100 мың доллар...
1 миллион доллар.
Міне, дөңгелек айналып кетті. Енді оны тоқтату қиын. Таза ақымақ болмасаң, шаруаң да дөңгелей береді. Әңгімеміздің басындағы бизнесмен айтқан шардың мәнісі – осы. Шар орнынан қозғалды. Ал қозғалыс – өмірдің, күллі тіршіліктің кепілі.
Ал оған жеткенше, не көрмедік? Жұртшылық сыртымыздан не айтпады? Бұрылып, дауласып, кеңірдек керіп, өзіміздікін дәлелдеп жатсақ, не болар еді? Ештеңе де болмас еді. Кәдімгі көп ұрысқақ, сүйкімсіз пенденің біріне айналар едік.
Жалпы, бізге бай адамды жек көруді қойып, керісінше, соған ұқсауға ұмтылу керек-ау. Әрине, қазір бюджеттің ақшасын кеміріп, бай атанғандар, арам жолмен қалтасын толтырғандар аз емес. Олардан аулақ болған жөн. Ал табан ақы, маңдай терімен байығандарды халық неге жек көруге тиіс?
Бастауыш кластың бірінде оқыған әңгімем есімнен кетпейді. Әкесі жалқау баласын ұнатпайды. Шешесі оны жұмыс істеген етіп көрсету үшін қолына ақша беріпті. Сол ақшаны әкесіне әкеліп бергенде, ол оны отқа тастай салады. Ертеңіне тағы да солай. Ақыры баласы жұмысқа тұрады. Ақ адал еңбегіне алған жалақысын әкесіне ұстатады. Ол әдеттегідей отқа тастай бергенде, баласы жалаң қолымен отқа ұмтылып, ақшаны қағып алады. Өйткені ол табан ақы, маңдай тері ғой.
Бізге де бүгінгі ұрпаққа ақ адал ақша табуды һәм оны сүюді үйрету керек.
Журналист Бауыржан Бабажанұлының Facebook парақшасынан

– Міне, мен мына саусақтарыммен бір шарды ұстап, бір нүктеге ұрдым. Оны орнынан қозғағанша қанша уақыт кетті. Қаншама адам айқайлады, қаншама кісі жынданды. Ашуланғандар да, тіпті мені боқтағандар да болды. Ақыры қарап отыруға шыдамай шығып кетті. Бірақ мен ешкімнің айқайына қарамадым. Наразылығына назар аудармадым. Оған құлқым да, уақытым да жоқ еді. Өйткені менің алдымда нақты мақсат болды. Ол – ана шарды орнынан қозғалту. Ақыры дегеніме жеттім. Міне, бизнес деген осы, балалар. Алдыңа нақты мақсат қоя білу керек. Сосын соған жетуге ұмтылған жөн. Сол жолда саған ақыл айтатындар да, ренжитіндер де, таяқ лақтыратындар да жетеді. Соған дайын болуың керек. Олардың әрқайсысына бұрыла берсең, жүрегіңді ауыртсаң, діттеген жеріңе жетпейсің. Ал көздеген дүниеңе ұмтылсаң, түбі бір жетесің. Оған мықты төзім, шыдам табандылық керек.
Рас әңгіме. Егер алдыңа нақты мақсат қоя алмасаң, онда бизнеске келудің керегі жоқ. Сыртыңнан тас лақтырғандарға сен де жұдырығыңды ала жүгіретін болсаң, әу бастағы мақсатыңды ұмытып қаласың.
Кеңес өкіметі бізге бай – жаман, кедей жақсы деп үйретті. Өкінішке қарай, сол ұғым санамызда қалып қойды. Мен әдетте Tik-Tok-тағы парақшамды өзім жүргіземін. Жау киімімді киіп, мал соңында жүрген суретімді салсам, халыққа қатты ұнайды. Оң пікір қалдырады.
Бірде Майбах мінген видеомды салдым. Сол-ақ екен, нешетүрлі пікір жазылды. Әп сәтте «халықтың несібесін ұрлаған алаяқ, жексұрын» болып шыға келдім. Бірақ оның да адал еңбекпен келгенін кімге түсіндіріп жатасың?
Жұрт қаладағы үйінде, аппақ төсегінде жатқанда, мен айдалада, жертөле қазып алып, киімшең жаттым емес пе? Монша түгіл, жай шайынып алатын мүмкіндік болған жоқ. Енді жеттім дегенде алдыңнан әлгіндей әңгіме шығады.
Жалпы, бізде ақша туралы жақсы пікір айтылмайды. «Байлық – қолдың кірі» дей саламыз. Ақшаны барлық жамандықтың бастауы секілді көрсетеміз. Олай емес қой. Ақша – энергия! Ақшасы бар адам алшаңдай басады. Жақсы өмір сүруге ұмтылады. Денсаулығын күтеді. Айналасына шапағаты тиеді. «Елде болса, ерінге тиеді» демей ме? Әрине, ол байлық адал жолмен келуі керек.
Ал кедей адам не істейді? Басына тартса, аяғына, аяғына тартса, басына жетпейді. Айналасына сәулесі түспейді. Ашуланшақ болады. Денсаулығын күте алмайды. Байды жек көреді. Мұның жарлы болғанына сол кінәлі секілді көреді.
Мен жоғарыда бір әңгімемде қолымда 500 доллар болғанын айттым. Сол ақшаны мен қалай аялап ұстағанымды, қайта-қайта санап, сәл майысса түзеп қоятынымды баяндадым. Маған ол кәдімгідей күш-қуат беретін. Мен барынша оның басын бұзбауға тырыстым. Керісінше, көбейткім келді.
Бірақ біршама уақытқа дейін оған бір теңге де қоса алмадым. Өйткені ананы да, мынаны да алу керек. Бала-шағаға тамақ керек, киім керек. Малға шөп, жем қажет. Тойға бармағанның өзінде, біреу қайтыс болғанда төбе көрсетпей тұра алмайсың. Оған құр қол бармайтының аян. Тіпті ана 500 долларға да көз алартқан кезім болды. Бірақ басын бұзбадым. Бұзсам, қайтып жинай алмайтынымды сездім.
Жоғарыда да айттым ғой, әлгі ақшамды күн сайын санағаннан ләззат алушы едім. Маған ғаламат энергия сыйлайтын. Арада біраз уақыт өтті. Бір күні жүз доллар қостым, екі жүз доллар қостым. 1 мың долларға жеткенде қатты қуанғаным есімде. Бір мың бір жүз, бір мың екі жүз, бір мың үш жүз...
2 мың доллар...
3 мың доллар...
10 мың доллар...
30 мың доллар...
50 мың доллар...
100 мың доллар...
1 миллион доллар.
Міне, дөңгелек айналып кетті. Енді оны тоқтату қиын. Таза ақымақ болмасаң, шаруаң да дөңгелей береді. Әңгімеміздің басындағы бизнесмен айтқан шардың мәнісі – осы. Шар орнынан қозғалды. Ал қозғалыс – өмірдің, күллі тіршіліктің кепілі.
Ал оған жеткенше, не көрмедік? Жұртшылық сыртымыздан не айтпады? Бұрылып, дауласып, кеңірдек керіп, өзіміздікін дәлелдеп жатсақ, не болар еді? Ештеңе де болмас еді. Кәдімгі көп ұрысқақ, сүйкімсіз пенденің біріне айналар едік.
Жалпы, бізге бай адамды жек көруді қойып, керісінше, соған ұқсауға ұмтылу керек-ау. Әрине, қазір бюджеттің ақшасын кеміріп, бай атанғандар, арам жолмен қалтасын толтырғандар аз емес. Олардан аулақ болған жөн. Ал табан ақы, маңдай терімен байығандарды халық неге жек көруге тиіс?
Бастауыш кластың бірінде оқыған әңгімем есімнен кетпейді. Әкесі жалқау баласын ұнатпайды. Шешесі оны жұмыс істеген етіп көрсету үшін қолына ақша беріпті. Сол ақшаны әкесіне әкеліп бергенде, ол оны отқа тастай салады. Ертеңіне тағы да солай. Ақыры баласы жұмысқа тұрады. Ақ адал еңбегіне алған жалақысын әкесіне ұстатады. Ол әдеттегідей отқа тастай бергенде, баласы жалаң қолымен отқа ұмтылып, ақшаны қағып алады. Өйткені ол табан ақы, маңдай тері ғой.
Бізге де бүгінгі ұрпаққа ақ адал ақша табуды һәм оны сүюді үйрету керек.
Журналист Бауыржан Бабажанұлының Facebook парақшасынан
«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ»
https://t.me/qarzhylyq_sauat
❤40👍23💯8⚡3
Антифрод-орталық: Банк картасы бұғатталып қалса, не істеу керек?
Кеше Дубайда жұмыс істейтін таныс жігіт хабарласты. Жұмыс барысына байланысты өзі сонда тұрады, пәтер жалдайды. Қазақстандағы жұмыс орны пәтерінің ақшасын төлеп тұрады екен, кеше пәтер иесінің шоты бұғатталып қалыпты. Пәтер қожайыны қазақстандық азамат екен. Карта да Қазақстандағы банктердің бірінде ашылған. Банк шот иесіне мынадай SMS-хабарлама жіберіпті:
Осылай аяқ астынан ақша аудару процесі тоқтап қалған. Ал, тұрып жатқан үйге айлық төлемақысын төлеу керек.
«Не істеу керек, Ұлттық банкке хабарласу керек пе?» деп кеңес сұрады. Антифрод-орталық Ұлттық банкке қарайтыны рас. Бірақ дәл осы жағдайда бұл мәселені Ұлттық банк те, Антифрод-орталық та шешпейтін еді. Мұндай жағдай кез келген адамның басынан өтуі мүмкін ғой, сондықтан мәселені қалай шешу керек екенін айта отырайық.
Антифрод-орталық деген не?
Антифрод-орталық — бірнеше ұйымға (банк, кредит бюросы, ұялы байланыс операторы, ІІМ) бір-бірімен өзара ақпарат алмасуға, күдікті транзакцияларды дер кезінде анықтауға мүмкіндік беретін платформа.
Бірақ бұл базаға іліккен адам қылмыскер я алаяқ деген сөз емес. Антифрод-орталықтың көмегімен ақпарат алмасатын ұйымдардың бірі азаматтың шотына қатысы бар қандай да бір банктік операцияны күдікті деп таныса, картаның жұмысы уақытша тоқтатылады. Мұндағы мақсат — алаяқтық әрекетке жол бермеу. Алдымен күдікті транзакцияның заңды екенін анықтап алу, сосын босату.
Антифрод-орталық азаматтардың шотын өздігінен бұғаттамайды. Бұғатталған шотты да өз бетінше шешпейді. Сондықтан, белгісіз себептерге байланысты карта бұғатталып қалса, Ұлттық банк пен Антифрод-орталыққа іздеу салудың қажеті жоқ.
Енді нені, кімді іздеу керек?
Ең бірінші назарға алатын объект — банк. Шот/карта қай банкте ашылған? Сол банкке хабарласу керек. Сосын сұрайсыз:
Не үшін банк шотым бұғатталғанын білгім келеді. Нақты қай операцияға шектеу қойылды? Антифрод-орталықтың базасына енгізген қай ұйым? Транзакцияны күдікті деп таныған кім? Операцияның заңды екенін дәлелдеуім үшін қандай құжаттар керек?
Егер шотта айналған ақша адал жолмен келгеніне немесе кеткеніне сенімді болсаңыз, оның шығу тегін дәлелдейтін құжаттарды дайындауға көшу керек. Мүмкін үй/көлік сатылған шығар? Бәлкім, олар жалға берілген болар, айналымдағы ақша соның қызмет ақысы болар?
Ондайда сатылғаны туралы сатып алу-сату келісімшартын, ал жалға берген жағдайда қызмет көрсетілгені туралы құжатты ұсыну керек болады. Егер біреуден кері қайтқан қарыз болса, екеуара диалогты дәлелдейтін SMS-хаттарды, қарыз берілгені туралы сенімхатты көрсету керек.
Банктің «кінәсі» болмай шықса?
Ол да мүмкін. Онда шоттың бұғатталуына Ішкі істер органдары себеп болған. Ол кезде сол органға жүгінуге тура келеді. Олар да өз кезегінде себебін айтып, белгілі бір банктік операцияның шығу тегіне байланысты құжаттарды сұратуы мүмкін, қолдан келгенше тауып көрсеткен өзіңізге жақсы.
«Адал» ақша көмектесе бермейді
Иә. Сіз өз ақшаңызға, орындалған операцияның заңды екеніне сенімді болуыңыз мүмкін. Бірақ банк жүйесінде айналым аясы біз ойлағаннан да ауқымды. Мысалы, сіз бір танысыңызға немесе сатушыға ақша аударасыз, ал оның шоты кейбір күдікті транзакциялармен байланысы бар болып шығуы мүмкін. Сол «цепочкада» сіз де боласыз. Егер аты аталған ұйымдардың бірі көп операцияның біріне күмәнданса, онда шот бұғатталуы ғажап емес.
Дубайдағы жағдайда да сондай бір гәп бар секілді. Алыс-беріспен шиеленісіп жатқан шоттардың кесірінен бұғатталса керек. Ақша алушы үйдің қожайыны әрі карта иесі қазақстандық болса да, шот Қазақстанда ашылса да, шетелде мүлік ұстайтын (жалға беретін) адамның шоты бәрібір шетелдік транзакциялармен байланысады.
Қазақстандық шоттан (офистен) ақша алып отырса да, Дубайда үйі бар адам ол жақта банкоматтан ақша шешуі мүмкін ғой? Я болмаса, дубайлық көршісіне/танысына ақша аударуы мүмкін ғой? Онлайн-сауда жасауы мүмкін ғой? Осының бәрі күдік туғызады.
Бұдан «Антифрод-орталық азап екен» деп ойлауға әсте болмайды. Бұл платформа іске қосылғалы қаншама отандасымыздың миллиондаған ақшасы қорғалды. Ресми мәлімет бойынша, платформа соңғы екі жылда 200 мыңнан астам күдікті операцияны тіркеген. Қолды боп кете жаздаған 127 миллиардтай ақша өз иесінде қалыпты. Не деген ақша! Осының бәрі алаяқтарға — сыртқа кетсе не болар еді? Ойлаудың өзі қорқынышты.
Бұрын Антифрод-орталыққа қосылған ұйымдар апталап ақпарат алмасып, уақыт жоғалтатын. Қазір ол да жүйленген. Олар 24/7 режимде ақпарат алмаса алады. Сосын бұғатталған шотты шешу үшін қазір сотқа жүгінудің де қажеті жоқ.
Шоттың бұғатталмағаны жақсы, әрине. Енді басқа іс түсіп жатса, сәл жүгіртіп қоюы мүмкін. Бірақ ұрланған ақшаның ізіне түсем деп қайда жүргені белгісіз алаяқтардың соңынан жүгіргеннен, ел ішінде отырған ресми органдарды жағалаған абырой ғой, мойындайықшы. Алаяқтан аман болайық.
«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ»
https://t.me/qarzhylyq_sauat
Кеше Дубайда жұмыс істейтін таныс жігіт хабарласты. Жұмыс барысына байланысты өзі сонда тұрады, пәтер жалдайды. Қазақстандағы жұмыс орны пәтерінің ақшасын төлеп тұрады екен, кеше пәтер иесінің шоты бұғатталып қалыпты. Пәтер қожайыны қазақстандық азамат екен. Карта да Қазақстандағы банктердің бірінде ашылған. Банк шот иесіне мынадай SMS-хабарлама жіберіпті:
Құрметті клиент, сіз ҚРҰБ Антифрод орталығының базасына қосылғаныңызды хабарлаймыз. Осыған байланысты банк сіздің банк шотыңыз бойынша төлем операцияларын тоқтатады. Қосымшаға кіру мүмкін емес және карталар бұғатталған. Жағдайды реттеу үшін Сізден қылмыстық қудалау органына (ҚР ІІМ ПД киберполиция басқармасы) немесе қосымша ақпарат алу үшін Банктің жақын жердегі бөлімшесіне хабарласуды сұраймыз.
Осылай аяқ астынан ақша аудару процесі тоқтап қалған. Ал, тұрып жатқан үйге айлық төлемақысын төлеу керек.
«Не істеу керек, Ұлттық банкке хабарласу керек пе?» деп кеңес сұрады. Антифрод-орталық Ұлттық банкке қарайтыны рас. Бірақ дәл осы жағдайда бұл мәселені Ұлттық банк те, Антифрод-орталық та шешпейтін еді. Мұндай жағдай кез келген адамның басынан өтуі мүмкін ғой, сондықтан мәселені қалай шешу керек екенін айта отырайық.
Антифрод-орталық деген не?
Антифрод-орталық — бірнеше ұйымға (банк, кредит бюросы, ұялы байланыс операторы, ІІМ) бір-бірімен өзара ақпарат алмасуға, күдікті транзакцияларды дер кезінде анықтауға мүмкіндік беретін платформа.
Бірақ бұл базаға іліккен адам қылмыскер я алаяқ деген сөз емес. Антифрод-орталықтың көмегімен ақпарат алмасатын ұйымдардың бірі азаматтың шотына қатысы бар қандай да бір банктік операцияны күдікті деп таныса, картаның жұмысы уақытша тоқтатылады. Мұндағы мақсат — алаяқтық әрекетке жол бермеу. Алдымен күдікті транзакцияның заңды екенін анықтап алу, сосын босату.
Антифрод-орталық азаматтардың шотын өздігінен бұғаттамайды. Бұғатталған шотты да өз бетінше шешпейді. Сондықтан, белгісіз себептерге байланысты карта бұғатталып қалса, Ұлттық банк пен Антифрод-орталыққа іздеу салудың қажеті жоқ.
Енді нені, кімді іздеу керек?
Ең бірінші назарға алатын объект — банк. Шот/карта қай банкте ашылған? Сол банкке хабарласу керек. Сосын сұрайсыз:
Не үшін банк шотым бұғатталғанын білгім келеді. Нақты қай операцияға шектеу қойылды? Антифрод-орталықтың базасына енгізген қай ұйым? Транзакцияны күдікті деп таныған кім? Операцияның заңды екенін дәлелдеуім үшін қандай құжаттар керек?
Егер шотта айналған ақша адал жолмен келгеніне немесе кеткеніне сенімді болсаңыз, оның шығу тегін дәлелдейтін құжаттарды дайындауға көшу керек. Мүмкін үй/көлік сатылған шығар? Бәлкім, олар жалға берілген болар, айналымдағы ақша соның қызмет ақысы болар?
Ондайда сатылғаны туралы сатып алу-сату келісімшартын, ал жалға берген жағдайда қызмет көрсетілгені туралы құжатты ұсыну керек болады. Егер біреуден кері қайтқан қарыз болса, екеуара диалогты дәлелдейтін SMS-хаттарды, қарыз берілгені туралы сенімхатты көрсету керек.
Банктің «кінәсі» болмай шықса?
Ол да мүмкін. Онда шоттың бұғатталуына Ішкі істер органдары себеп болған. Ол кезде сол органға жүгінуге тура келеді. Олар да өз кезегінде себебін айтып, белгілі бір банктік операцияның шығу тегіне байланысты құжаттарды сұратуы мүмкін, қолдан келгенше тауып көрсеткен өзіңізге жақсы.
«Адал» ақша көмектесе бермейді
Иә. Сіз өз ақшаңызға, орындалған операцияның заңды екеніне сенімді болуыңыз мүмкін. Бірақ банк жүйесінде айналым аясы біз ойлағаннан да ауқымды. Мысалы, сіз бір танысыңызға немесе сатушыға ақша аударасыз, ал оның шоты кейбір күдікті транзакциялармен байланысы бар болып шығуы мүмкін. Сол «цепочкада» сіз де боласыз. Егер аты аталған ұйымдардың бірі көп операцияның біріне күмәнданса, онда шот бұғатталуы ғажап емес.
Дубайдағы жағдайда да сондай бір гәп бар секілді. Алыс-беріспен шиеленісіп жатқан шоттардың кесірінен бұғатталса керек. Ақша алушы үйдің қожайыны әрі карта иесі қазақстандық болса да, шот Қазақстанда ашылса да, шетелде мүлік ұстайтын (жалға беретін) адамның шоты бәрібір шетелдік транзакциялармен байланысады.
Қазақстандық шоттан (офистен) ақша алып отырса да, Дубайда үйі бар адам ол жақта банкоматтан ақша шешуі мүмкін ғой? Я болмаса, дубайлық көршісіне/танысына ақша аударуы мүмкін ғой? Онлайн-сауда жасауы мүмкін ғой? Осының бәрі күдік туғызады.
Бұдан «Антифрод-орталық азап екен» деп ойлауға әсте болмайды. Бұл платформа іске қосылғалы қаншама отандасымыздың миллиондаған ақшасы қорғалды. Ресми мәлімет бойынша, платформа соңғы екі жылда 200 мыңнан астам күдікті операцияны тіркеген. Қолды боп кете жаздаған 127 миллиардтай ақша өз иесінде қалыпты. Не деген ақша! Осының бәрі алаяқтарға — сыртқа кетсе не болар еді? Ойлаудың өзі қорқынышты.
Бұрын Антифрод-орталыққа қосылған ұйымдар апталап ақпарат алмасып, уақыт жоғалтатын. Қазір ол да жүйленген. Олар 24/7 режимде ақпарат алмаса алады. Сосын бұғатталған шотты шешу үшін қазір сотқа жүгінудің де қажеті жоқ.
Шоттың бұғатталмағаны жақсы, әрине. Енді басқа іс түсіп жатса, сәл жүгіртіп қоюы мүмкін. Бірақ ұрланған ақшаның ізіне түсем деп қайда жүргені белгісіз алаяқтардың соңынан жүгіргеннен, ел ішінде отырған ресми органдарды жағалаған абырой ғой, мойындайықшы. Алаяқтан аман болайық.
«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ»
https://t.me/qarzhylyq_sauat
👍11❤2⚡1💯1
Алаяқтар ең көп қолданатын тәсілді білеміз бе?
Ол әлі де банк қызметкері болып қоңырау шалу екен. Биылғы жеті айда отандық полиция осындай 3 мыңға жуық оқиғаны тіркеген. Ал, тіркелмей жатқаны қаншама!
«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ» авторына Naryk.kz порталының тілшісі бірнеше сауал жолдаған еді. Журналист алаяқтардан қалай қорғанамыз деген мәселе төңірегінде бірнеше сарапшының пікірін топтастыра білген.
Алаяқтық сипат қалай өзгеріп жатыр? Қазақстанда қай қалада көп тіркеледі? Адамдар қанша ақшасын жоғалтты? Мақалада осының бәрі қамтылған. Осы жерге тезис түрінде өз жауабымнан үзінді қалдыра кетейін, өзге де сарапшылардың пікірін толықтай сайттан оқып алуға болады.
Тұмарыңдай сақтап жүр
Алаяқтар күн тәртібіндегі мәселелерден үнемі хабардар болады. Жанды жерден басуды тамаша біледі. Олар бір мезетте шебер психолог та бола алады. Кіммен қалай сөйлесуді, не сұрауды, не алуды жақсы біледі. Қанша жерден сауатты, қос дипломды маман бола бер, бір мезет салғырттық таныттың ба — алаяқтың құрбаны боп шыға келесің.
Жеке дерек деген не? Ол — өзіңнің қолыңдағы жеке телефоныңа келетін SMS-код, үш саннан тұратын карта артындағы CVV/CVC-код, банк қосымшаларының пин-коды, сосын ЭЦҚ (ЭЦП).
Осы деректерге барынша ие болып, ешкімге айтпай, тұмарыңдай сақтап жүруің керек.
Банк өкілінің код сұрауға құқығы жоқ
«Банк өкілімін» деп код сұрап хабарласқан адамнан аулақ жүрген жақсы.
SMS-код деген не? Ол — банк операцияны шынымен өзіміз жасап жатқанымызды тексеру үшін жіберетін хабарлама. Ал CVV/CVC-код — карта артындағы 3 таңбалы қауіпсіздік коды. Ол интернет арқылы төлем жасағанда картаны иесі қолында ұстап отырғанын қосымша тексеру үшін қолданылады.
Әлбетте, алаяқтар алдымен осы деректерді қолға түсіруге тырысады. Ол үшін банк қызметкерімін немесе мемлекеттік ұйымнан хабарласып тұрмын деуі мүмкін. Бірақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк қызметкерінің клиенттен код сұрауға құқығы жоқ екенін ескертеді.
Психологиялық қысым: «Бұл сізге ойын емес»
Банк қызметкері ешуақытта смс-код, push-код немесе пароль сұрамайды. Қандай да бір операцияны жүргізу үшін картаның толық нөмірі мен CVV-кодты қажет етпейді. «Ақшаны сақтап қалу» үшін де оны басқа шотқа аудару керек деп талап қоймайды. Байқасаңыз, алаяқтар осы әдістің бәрін қолданады.
Егер осыны әрдайым есте ұстап, «сен, бәлкім, алаяқ шығарсың, неге мен саған сенуім керек» деп айтсақ, тұтқаның арғы жағындағы адам психологиялық қысымға көшуі мүмкін. «Бұл сізге ойын емес, ертең ҰҚК тексереді» деп бопсалап, болмаса, «атыңызға біреу несие алғалы жатыр» деп қорқытуға тырысады.
Банк картасына лимит қой
Бұл шоттағы күмәнді операцияларды дер кезінде байқауға көмектеседі. Сосын интернет-төлемдер мен онлайн-саудаға өз алдына бөлек шот арнап қойған дұрыс. Яғни айлық түсетін карта бөлек, оны жұмсайтын шот бөлек болу керек.
Егер сауда-саттыққа арнайы бөлек шот ашып, соны ғана интернетте қолданар болсақ, онда жалақы түсетін картаға қауіп төнбес еді. Өйткені оның деректері еш жерге терілген жоқ, интернетке шыққан жоқ, төлем жасалмады. Карта бетіндегі 16 саннан тұратын деректі де, CVV-кодты да ешкім білмейді, тек өзің білесің. Өйткені ол картамен еш жерде із қалған жоқ.
Статистика
Мақалада Антифрод-орталықтың дерегі бар. Онда Қазақстанда тіркелген интернет-алаяқтық көрсеткіші рекордтық деңгейге жеткені айтылады. 2024 жылға қарағанда былтыр киберқылмыс саны 20%-ке көп болған. Сондай алаяқтық әрекеттерден адамдар көбіне 1 млн теңгеге дейін ақшасын жоғалтады екен. Мыңға жуық адам 10 млн теңгеден астам ақшасын ұрлатып алған. Мұндай қылмыстар Алматы, Астана және Қарағанды қаласында көп тіркелетініне көз жетіп отыр.
Алаяқтар жұрттың ақшасын алдап алды ма, қысым көрсетіп, қорқытып алды ма — айласын тауып тұр. Қоңырау шалған адам қандай қысым көрсетсе де шошып қалмау керек. Эмоцияға ие болып, сабыр сақтап, телефондағы адам айтқан «проблемаға» қатысы бар тарапты (мысалы, банк, салық органы, «ЦОН») алдымен өзің іздеп көр. Call-орталығына хабарлас. Болып жатқан жағдайды баянда, «атыма кредит алып жатқаны рас па?» деп анық-қанығына көз жеткіз.
Мәселені солай ғана шешуге болады. Ал егер тым сенгіш, үркек болсақ, кім көрінгеннің айтқанын істей берсек, өз-өзімізді қорғаудан қаламыз, ақшамыздан да қағыламыз. Жағдайды соған жеткізбеуге үренейік.
Байқаған адам білер, біз тек қауіпті ескертумен ғана шектеліп отырған жоқпыз, саудаға бөлек шот ашу, лимит қою, эмоцияға берілмеу жолдарын да айтып өттік. Қаржы «гигиенасы» дегеніміз — осы.

👍10❤3⚡1😍1