Кеңес

Дәлелсіз айыппұл төлеуге асықпаңыз

Көше камераларының қатесінен жазықсыз жұртқа айыппұл жазылып жатыр екен. Себебі, бақылау камералары кейде көліктің нөмірін дұрыс танымай, басқа адамның көлігін «айыпты» етіп көрсетіп жатқан жай бар.

Informburo мәліметінше, Айша есімді аруға жылдамдықты «асырғаны үшін» айыппұл келіпті. Бірақ ол күні сюжет кейіпкері көлік тізгіндемеген болып шықты. Лезде есін жиған Айша eOtinish арқылы арыз жазып, айыппұлын жойдырған.

«Камера қалай қателеседі?» деген сұрақ туындауы мүмкін.

Негізгі себептер мынау екен:

🔸 Камера объективінің ластанған болуы
🔸 Ауа райы мен күн сәулесінің әсері
🔸 Жарық (фар) сәулесінің әсері
🔸 Электрондық жүйенің қателігі

Мамандар не дейді?

Электроника тек нөмірді оқиды. Машинаның түсі, маркасы ескерілмейді. Сондықтан «ақырғы нәтиже» қате болуы мүмкін.

Ішкі істер министрлігінің позициясы:

Қасақана әрекет жоқ. Егер айыппұл әділетсіз деп есептесеңіз, тұрғылықты жердегі полиция бөлімшесіне жүгіну керек.

Қалай тексеруге болады?

Qamqor жүйесі арқылы:

✅ Тіркелген оқиғаның фото-видеосын көруге болады;
✅ Күні мен уақыт көрсетіледі;
✅ Онлайн шағым беруге мүмкіндік бар.

Сондықтан, айыппұлды дәлелсіз төлеуге асықпаған дұрыс. Егер айыппұл протоколында қате барына көзіңіз жетіп тұрса, оны заң аясында алып тастауға болады.

eOtinish арқылы айыппұлға шағым беру әдісі:

Сайтқа кіресіз: www.eotinish.kz
ЭЦҚ арқылы авторизация жасайсыз
ЭЦҚ жоқ болса, eGov порталында ЖСН арқылы кіре аласыз.

eOtinish сайтында «Жаңа өтініш беру» жолағына өтесіз.

Құзырлы органды белгілеу үшін: «Ішкі істер министрлігі» немесе тұрғылықты жеріңіздегі полиция департаментін таңдайсыз (нақты органды таңдауға жүйедегі көмекші түсініктемелер көмектеседі).

Өтініш мазмұнын былай жазуға болады (мысалы):

«[Айыппұл нөмірі] бойынша мені заңсыз айыптаған. Сол күні көлік жүргізбедім/менің көлігім ол жерде болмады. Айыппұлдың күшін жоюды сұраймын».

Қалауыңызға қарай фото немесе басқа да дәлел боларлық құжаттарды қоса тіркейсіз де жауап күтесіз.

Әдетте, өтінішке заң бойынша 15 күн ішінде жауап беріледі. Жауапты eOtinish жүйесінен немесе SMS арқылы аласыз.

Біздің телеграмға жазыл: https://t.me/qarzhylyq_sauat

«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ» ЖОБАСЫ

Басқа материалдар

Back to top button