Жаңалық
Trending

ЭЦҚ/ЭЦП енді USB-флэшкамен берілмейтін болып жатыр

Азаматтардың дербес деректерін қорғау мәселесіне арналған брифингте ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері осылай мәлімдепті.

Қазақстандықтар азаматтың жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесін жасауға тыйым салынғанын білуі керек. Яғни, ол көшірмелерді қағаз түрінде жинауға, өңдеуге тыйым салынады. Мысалы, қонақ үйлерде, банктерде бұл үшін айыппұл қарастырылған

– деп жазады ortcom.kz.

Сонымен, енді ЭЦҚ-ны қалай алуымыз мүмкін?

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов алдағы уақытта электрондық цифрлық қолтаңба «бұлтты» технологиялар арқылы немесе арнайы токендерде берілетінін айтқан. Оның сөзіне сенсек, мұндай «носительдегі» ЭЦҚ-ны басқа жерге көшіріп алу мүмкіндігі шектеледі.

«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ» медиа-порталы

Басқа материалдар

Back to top button