БиржаИнвестиция
Trending

Инвестициялық АЛТЫН МОНЕТА айналымға шыққалы жатыр

ÚKI деп аталатын монета — смартфонымыздағы алтын болмақ.

Осындай ресми релиз таратқан Ұлттық банк Gold Coin жобасын іске қосады екен.

Бұл не жоба?

Бұл жоба ел азаматтарына цифрланған экономика жағдайында инвестициялауға және капитал жинақтауға балама көз ұсынады.

Бұл ретте бізге көмекші құрал болатын дүние — Tabys мобильді қосымшасы деп түсіндік. Бұл өнім «Астана» халықаралық қаржы орталығының (AIX) биржасына қарайды.

Яғни, Gold Coin-ның 20 бірлік данасын сатып алған күні оны заттай алтын — ÚKI инвестициялық монетасына айырбастауға болады.

Gold Coin-ның 1 бірлігі алтынның 1/20 троя унциясына тең.

1/20 троя унциясы — шамамен 1,555 г таза алтынға тең. Егер сізде 1 Gold Coin болса, онда оның құрамында 1,555 г таза алтын бар деген сөз.

Ұлттық банктің сайтында 1 грамм алтынның бүгінгі бағасы — 45 820.84 теңге. Демек, 1 Gold Coin алтынның құны бүгінгі курспен 71 251,40 теңгеге тең деген сөз.

ÚKI инвестициялық монетасы әне-міне айналымға шыққалы тұр, оны 17 наурыздан бастап Tabys қосымшасы арқылы сатып алуға болады.

Ал, Gold Coin жобасы туралы толық білгіңіз келсе, Ұлттық банктің Youtube-арнасына жол сілтей аламыз.

Біздің телеграмға жазыл: https://t.me/qarzhylyq_sauat

«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ» ЖОБАСЫ

Басқа материалдар

Back to top button