ДепозитИнвестиция
Trending

«Отбасы банк» AQYL білім беру жинақ депозитін ашуды уақытша тоқтататын болды

13 наурыздан бастап «Мемлекеттік білім жинақтау жүйесі туралы» Заңға өзгерістер енгізіледі. Сол өзгерістер қатысушы-банктерде ашылатын білім депозитінің шарттарына әсер етеді екен.

«Отбасы банктің» хабарлауынша, депозит бойынша:

– сыйақы ставкаларын белгілеу тәсілі;
– депозиттің ең аз мерзімі;
– бастапқы жарнаның ең төменгі ставкасы
 өзгертіледі.

Яғни, банктер енді білім депозитінің ең аз мерзімі мен бастапқы жарнасының ең төменгі ставкасын өз бетінше белгілейді. Бірақ ол сыйақы ставкалары Ұлттық банк қабылдайтын базалық мөлшерлеменің деңгейіне тікелей байланысты болады.

Осыған байланысты «Отбасы банк» 13 наурыз бен 7 сәуір аралығында AQYL білім беру жинақ депозитін ашуды уақытша тоқтатады. Яғни, банк тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін жинақ депозитін жаңартылған шарттармен қайта ашуға мүмкіндік ұсынады.

Жаңа шарттар мынадай мүмкіндіктерді қарастыруы мүмкін:

Депозит мерзімінің икемділігі — салымшыларға ыңғайлы шарттар ұсынылады;

Белгілі бір санаттағы азаматтарға жеңілдік — депозитті ашу кезінде арнайы шарттар болуы мүмкін;

Ұлттық банктің базалық ставкасына байланысты қолайлы сыйақы мөлшерлемесі — салымшыларға тиімді жағдайлар қарастырылады, деп жазылған ресми ақпаратта.

Біздің телеграмға жазыл: https://t.me/qarzhylyq_sauat

«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ» ЖОБАСЫ

Басқа материалдар

Back to top button