Қаржылық қауіпсіздік

«Суық су» теориясы: Қаржылық өмірің қайнап жатқан жоқ па?

Ежелден келе жатқан бір қызық мысал бар — «қайнаған бақа» («эффект варёной лягушки») эффектісі деп аталады. 19-ғасырдағы неміс ғалымдарының зерттеуінен шыққан. Олар бақаның рефлекстерін зерттеу үшін тәжірибе жүргізген ғой.

Қысқаша мәні былай:

Бақаны бірден қайнап тұрған суға тастасаң, ол бірден секіріп шығып кетеді. Ал егер салқын суға салып, суды біртіндеп қыздырсаң, бақа қауіпті сезбей, судың ішінде өліп қалады екен.

Ғылымда бұл тәжірибенің ақырғы нәтижесі дау (спор) туғызса да, метафора ретінде керемет жұмыс істейді деседі: адам баласы біртіндеп күшейіп келе жатқан қауіпті байқамай, соның ішінде қалып қояды…

20-ғасырда саясаткерлер мен бизнес-тренерлер бұл мысалды метафора ретінде көп қолданған.

«Суық су теориясы»

Енді осы ойды қаржымен байланыстырып көрсек. Мысалы, адамға бірден мұздай су шашсаң — селк етіп, шошып қалады. Бірақ, (мысалы, жуынарда) суды біртіндеп қыздыра түссе, оның қайнағанын кеш байқар еді.

Көбіміздің қаржылық өміріміз де осындай:

Басында шағын несие аламыз, «айына 20 мың теңге ғана ғой» деп ойлаймыз.

Кейін тағы бір несие, кредит картасы, «рассрочка»…

Бір кезде ай сайынғы төлемдер жалақының жартысын жеп қояды, бірақ біз оны қалыпты жағдай деп қабылдай бастаймыз.

Ал, шындығында, «қарыз суы» баяу қайнап жатқанын байқамай қаламыз.

Бұдан алатын сабақ — әр адам/отбасы өзінің қаржылық «температурасын» ұдайы тексеріп отыруы керек. Бұл жердегі қарыз бен артық шығынның бәрі — жай ғана су емес, ол қайнап келе жатқан су…

Яғни, неғұрлым ерте тоқтасаң, соғұрлым аз күйесің.

Енді сұрақ: Сіздің қазіргі «суыңыздың» температурасы қанша?

Біздің телеграмға жазыл: https://t.me/qarzhylyq_sauat

«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ» ЖОБАСЫ

Басқа материалдар

Back to top button