Кредит
Микрокредитті мерзімінен бұрын қалай дұрыс жабу керек?
Бұл өте маңызды мәселе. Өйткені қолға ақша түскен бойда төлем жасауға асқыпау керек! Сол үшін сізге әр қадамыңызды көрсетіп берейін.

1-қадам. Микрокредиттік ұйыммен байланысу керек.
Яғни, төлем жасамас бұрын, алған қарызды уақытынан бұрын жапқыңыз келетінін міндетті түрде ескерту керек.
Егер сіз микроқаржы ұйымына (әрі қарай — МҚҰ) ресми өтінішпен шықпасаңыз, пайыздар есептеле беруі мүмкін.
Ал қарызды түгел жабам деп жіберген сома оның келешек пайыздарын жабуға кетіп, негізгі қарыз азаймай қалуы мүмкін!
2-қадам. МҚҰ-дан қалған қарыздың нақты сомасын есептеп беруді сұрау керек.
Ол есепте:
❗ қарыздың негізгі сомасы
❗ толық төлем жасайтын күнге дейін есептелген пайыздар көрсетілуге тиіс.
Сонда ғана сіз артық төлемнен сақтана аласыз. Бұл және ақшаңызды үнемдеп қалуға да көмектеседі. Біліп жүріңіз.
Біздің телеграмға жазыл: https://t.me/qarzhylyq_sauat
«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ» ЖОБАСЫ