КеңесКредит

Кредиттік рейтинг: қалай тексереміз?

Бұл материалмен сізге кредиттік рейтінгіңізді білуге көмектесіп көрейін. Телефоныңызда eGov Mobile орнатылған болса, соның өзі жеткілікті.

Сіз бен біздің кредиттік абыройымыз кәдімгідей ұпаймен белгіленеді. Оны қаржы тілінде «скорбалл» (scoreball) деп атайды. Скорбалл — адамның кредиттік беделін санмен көрсететін баға. Соған қарап кредиторлар сіздің қаржылық тәртібіңізді бағалайды.

Қарапайым мысал түрінде айтсам, банк немесе қаржы ұйымы сізге кредит берер алдында ойланады: «Бұл адам бізге қарызды уақытында қайтара ала ма? Сенімді клиент пе?» Осы сұраққа жауап табу үшін олар скорбалға жүгінеді.

Ол:

📍кредитті уақытында төлегеніңізге,
📍бұрын қарыз алған-алмағаныңызға,
📍қаншалықты жиі кредит алатыныңызға,
📍қарыздарыңыздың көлеміне байланысты есептеледі.

Неғұрлым скорбалл жоғары болса, соғұрлым банк сізге сенеді. Ұпай көрсеткішіңіз жақсы болса, сізге кредит алу жеңіл деген сөз.

Скорбалл: рейтингімізді қалай тексереміз?

1. Телефонға eGov Mobile орнатамыз
2. Авторизация жасаймыз
3. «Басқа қызметтер» бөліміне өтеміз
4. «МКБ»-ны таңдаймыз (МКБ — Мемлекеттік кредиттік бюро)
5. Рұқсат береміз (осы жерде қанша кредит шарты барын көруге болады)
6. «Кредиттеу» бөлімін таңдаймыз. Осы тұста 3 нұсқа пайда болады:

🔹 Кредит бойынша мәліметтер
🔹 Скорбалл
🔹 Кредиттік есеп

«Скорбалл» түймесін басамыз. Сол кезде сіздің скорбалл шығады. Рейтингіңізге қарап, төлем қабілетіңізді көре аласыз. Ол жерде 7 түрлі рейтинг белгіленген. Ең төменгісі — «G» рейтингі. Өте жоғарысы — «А» рейтингі. Сіз бен біз өз мүмкіншілігімізге қарай «А» мен «G» ортасында бағаланамыз. Соған көз жеткізіп көрсеңіз болады.

Біздің телеграмға жазыл: https://t.me/qarzhylyq_sauat

«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ» ЖОБАСЫ

Басқа материалдар

Back to top button