Банкнота
Trending

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына — ЖАҢА БАНКНОТА!

Ұлттық банк бүгін ерекше релиз таратты.

«Қаһарман отандастарымыздың ерлігіне құрмет таныту үшін Ұлттық Банк ұлттық валютада мерейтойлық банкнотаны айналымға шығарғалы отыр», – деп жазылған ресми ақпаратта.

Номиналы 1 000 теңгелік жаңа қағаз ақшалар 9 мамырда айналымға түседі. Олардың жалпы таралымы 5 миллион данамен шектелген.

Жаңа банкноталар өз құнына сай Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға жатады. Сондай-ақ банктік шотқа салуға, Қазақстан Республикасының барлық банкінде аударуға және ұсақталуға міндетті.

Біздің телеграмға жазыл: https://t.me/qarzhylyq_sauat

«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ» ЖОБАСЫ

Back to top button