ЖаңалықКредитҚарыз
Trending

Соттан тыс банкроттыққа өтініш берушілерге қойылатын талап жеңілдетіліп жатыр

Бұл ақпаратты Мемлекеттік қызмет істері агенттігінен біліп отырмыз. Агенттік Қаржы министрлігіне ұсыныс білдіріп, адамды банкрот деп тануға қажет құжаттардың санын барынша азайтуға шақырыпты.

Соған қарағанда, бұрын соттан тыс банкроттық рәсімді бастау үшін көп құжат жинау керек болған. Енді оның қажеттілігі болмайды екен. Яғни, азаматтар өзінің қарыз мәселесін мейілінше тез шешуге мүмкіндік алмақ.

✅ Енді мына құжаттар талап етілмейді:

1) нақты қарыз сомасын растайтын құжат;

2) әр несие берушінің атауы туралы мәлімет;

3) қарызды реттеу әрекеттерін дәлелдейтін түрлі анықтамалар мен мәліметтер.

❓Сонда не өзгерді?

Бұрын азаматтар талап етілетін құжаттарды/мәліметтерді қағаз жүзінде жинап, көп уақытын жұмсайтын. Енді тиісті ақпараттық жүйелер өзара интеграцияланып, Мемлекеттік кірістер органдары керек мәліметтерді кредиттік бюро жүйесінен тікелей алатын болды.

@qarzhylyq_sauat азаматтар үшін бұл процестің барынша жеңілдетіліп жатқанын құптайды, алайда, оқырманды өзін банкрот деп жариялауға мейілінше асықпауға шақырады. Өйткені оның салдары бар. Бұрын біз ол туралы жазғанбыз. Орайы келген тұста каналға жаңа қосылып жатқан оқырман үшін сілтеме ұсына кетуді парыз көріп отырмын:

Өзіңді банкрот деп жариялауға асықпа! — https://t.me/qarzhylyq_sauat/13

Ал, мына жерде біз соттан тыс банкроттыққа қалай өтініш береміз деген сұраққа жауап бергенбіз:

Банкроттыққа бастайтын 7 қадам — https://t.me/qarzhylyq_sauat/163

Банкроттыққа қатысты шешім қабылдауды әр азаматтың өз еркіне қалдырамыз. Дегенмен, біз ұсынған ақпараттарды шолып, ой таразысына салып, барынша ұтымды вариант таңдайды деп сенеміз.

Біздің телеграмға жазыл: https://t.me/qarzhylyq_sauat

«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ» ЖОБАСЫ

Басқа материалдар

Back to top button