Жаңалық
Trending

Шетелге шыға алам ба? Тыйым жоқ па? Қалай тексереміз?

Сіз бен бізді елден шығармай тастайтын бір ғана себеп, ол — қарыз. Ал, қарыздың түрі көп:

– банк алдындағы қарыз;
– мемлекет алдындағы салықтар;
– коммуналдық қызмет алдындағы берешек;
– айыппұлдар;
– жолақы айыппұлы;
– алимент;
– адамдар алдындағы қарыз (сотқа дейін барған).

700 теңгеден бастап төленбеген шоты бар және сот сол қарызды өндіруге қаулы шығарған адамдар борышкер тізіміне оңай түсе алады. Жалпы, шетелге шығуға жоспар құрған кезде қонақүйден орын сайламай тұрып, өзіңді борышкер тізімінде бар-жоғыңды тексеріп алған дұрыс. Әйтпесе, ұшаққа мінер алдында рейстен қалып қойғаннан жаман нәрсе жоқ.

Оны тексеретін жалғыз оңай жолы: eGov.kz порталы мен eGov mobile мобильді қосымшасы. Бұл сервистерді пайдалану үшін:

Еgov.kz порталында:

🔸 «Азаматтарға» – «Азаматтық, көші-қон және иммиграция» – «Шетелге шығу» бөлімін таңдау керек;
🔸 «Шет елге шығуы шектелген, борышкерлер тізілімі және атқару өндірісі бойынша борышкерлер тізілімі бойынша шет елге шығуға тыйым салынғандығының бар болуын тексеру» қызметін таңдау керек,
🔸 «Онлайн сұрау» батырмасын басу қажет;
🔸 ЖСН/БСН-ды енгізесіз.

eGov Mobile қосымшасында:

🔸 авторизациядан өту керек,
🔸 «Қызметтер» – «Саяхат, шетелдегі өмір және эмиграция» бөлімін таңдау қажет;
🔸 «Шет елге шығуы шектелген борышкерлер тізімі және атқару өндірісі бойынша борышкерлер тізілімі бойынша шет елге шығуға тыйым салынғандардың бар болуын тексеру» қызметін таңдау керек;
🔸 ЖСН/БСН енгізіп, «Тексеру» батырмасын басасыз;
🔸 тексеру нәтижесімен танысу қажет.

Қызмет тегін көрсетіледі және жеке тұлғаларға да, заңды тұлғаларға да қолжетімді.

Біздің телеграмға жазыл: https://t.me/qarzhylyq_sauat

«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ» ЖОБАСЫ

Басқа материалдар

Back to top button