Депозит

«AQYL» білім депозиті туралы естуіңіз бар ма?

Балаларының болашағын ойлағысы келген ата-анаға мемлекет осындай тамаша бағдарлама ұсынып отыр. Ол несімен тиімді?

Бұл екінші деңгейлі банктерде (ЕДБ) ашылатын өз алдына бөлек депозит болады. Соған жыл сайын 5-7% көлемінде мемлекеттік сыйлықақы (премия) аударылып тұрады.

Депозит банкте ашылатындықтан, оған қосылатын ЕДБ өзінің ставкалық пайызы тағы бар. Finmentor.kz телеграм-каналының хабарлауынша, қазір өзге банктерге (8-9%) қарағанда, Jusan bankтің депозитке беретін бүгінгі ставкасы – 15%.

Бұл расында да дәл қазір тиімді ұсыныс болғалы тұр. Себебі депозит ашылған кезде ол ставка 3 жылға бекітіледі. Егер Ұлттық банк алдағы уақытта да базалық ставканы түсіретін болса, ол кезде екінші деңгейлі банктердің депозиттік мөлшерлемелері де төмендей береді. Соны ескерсек, тамаша ұсыныс.

«AQYL» білім депозитінің қосымша артықшылықтары:

🔸 Шот баланың атына рәсімделеді. Бұл өз кезегінде шоттың арестке түсе алмайтынын және белгілі бір (мысалы, сот) шешімдерге байланысты мәжбүрлі түрде шешіп алынбайтынын дәйектейді.
🔸 Егер балаңыз грант иегері болып жатса, депозиттегі ақшаны басқа балаға пайдалануға болады немесе пайызы мен мемлекет аударған сыйлықақыны қосып, шешіп алуға болады.
🔸 Бағдарламаға қатысушы банктер арасында ақша аудару проблема болмайды.

«AQYL» депозитін аштыру үшін қатысушы банктердің мобильді қосымшасын пайдалануға немесе банктің өзіне барып білуге болады деп ойлаймыз.

«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ»

Басқа материалдар

Back to top button