БІЗ ТУРАЛЫ

«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ» – 2023 жылы әуелі телеграм-арна ретінде ашылған авторлық жоба. Қазіргі таңда 4 мыңнан астам тұрақты оқырманы бар.

Енді біздің ресми сайтымыз жұмыс істей бастады.
Бұл медиа-ресурстың бәрін біріктіретін атау – QSAUAT-MEDIA.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің
мемлекеттік тіркеу куәлігі берілген: № KZ86VPY00099749

ЕСКЕРТУ: Сайттағы материалдарды редакцияның рұқсатынсыз көшіріп басуға және/немесе олардан үзінді келтіруге тыйым салынады. Материалды қолданған жағдайда сайтқа немесе «ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ» телеграм-арнасына гиперсілтеме беру міндетті.

Қаржы саласы – қазақ тілді аудитория үшін, соның ішінде қарапайым халық үшін өте алыс жатқан сала.

Төленбей жатқан кредиттер, борышкермен алысқан коллектор, еріксіз банкрот болып, мүлкінен айырылған жұрт, алаяқтарға алданып, қаржы пирамидаларына ақшасын салып жіберіп жатқан адамдар – осының бәрі халықтың қаржылық сауатының төмен екенін айшықтап берді.

Бүгінгі қазақ тілді медиа-алаңда осы саланы жіктеп, талдап, қарапайым тілде түсіндіріп беріп жатқан адам/маман/сарапшы/БАҚ аз, өте аз. Ақпарат құралдарының көбі жәй ғана құр ақпарат таратумен шектеледі. Салыстырмалы түрде орыс тілінде материал да, ақпарат та, сараптама да жеткілікті.

Осы құбылысқа соңғы 3 жыл ішінде БАҚ пен әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу арқылы көз жеткізе отырып, «ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ» телеграм-арнасын өмірге әкелдік.

Бір ғана мақсат бар – қаржы саласын қазақша түсіндіру, қарапайым тілде жеткізу.

Неге жұрт банктерді жек көріп кетті? Неліктен Қазақстанда кредит проценттері өте жоғары? Неге көпшілік кредитті мемлекет құрған «тұзақ» көреді? Неліктен адамдар кредиттің бәрін мемлекет түгел кешіру керек деп ойлайды? Неліктен жұрт Ұлттық қордың ақшасын бөліп алуымыз керек деп санайды?

Осының бәрі – сауатсыздықтың салдары. Біздің қоғамда өмір сүріп жатқан халық тек бір күндігін ойламас үшін, Ұлттық қордың ақшасы ертеңгі күнге, болашаққа арналған Қор екенін жеткізу үшін осы салада жұмыс істей жүріп, журналист ретінде қарапайым адамдардың санасына мұндай қадамның бәрі – мемлекеттің экономикасына зиян екенін қаржы сарапшыларының сөзін келтіре отырып түсіндіргіміз келеді.

2024 жылдың жаз айында кәсіби журналистер арасында PRoom ұйымдастырған республикалық салалық байқауда «ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ» телеграм-арнасының материалы комиссия шешімімен қаржы саласында дайындалған жазбалар ішінде үздік шықты. Сол үшін арнайы сертификатпен де марапатталдық. Бұл – біздің жұмысымызға берілген баға, үлкен бәйгедегі алғашқы жеңісіміз.

Жазар көп болсын! Сауатымызды көтеріп, қаржылық мәдениетімізді қалыптастыруға үн қоса берейік!

Серіктестер үшін байланыс құралымыз: qsauat@gmail.com

Құрметпен,
«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ» жобасы.

Back to top button