«Наурыз» бағдарламасы: инвестор болуға мүмкіндік туып жатыр
Халайық, Отбасы банк алғаш рет өз облигацияларын сатуға шығармақ. Енді жеке тұлғалар, яғни сіз бен біз инвестор болып, табыс таба аламыз!
Нені білу керек?
* Саудаға шығатын күні: 12 наурыз.
* Бағасы: 1 облигация — 1000 теңге.
* Табыс: жылына — 17,5%.
* Төлем: пайызы шотымызға жылына 2 рет түсіп тұрады.
* Мерзімі: 5 жыл.
Несімен тиімді?
* Салық жоқ. Табыстан мемлекетке ештеңе төлемейсің.
* Сенімді. Отбасы банк — рейтингі жоғары, капиталы мықты мемлекеттік банк.
* Әлеуметтік үлес. Ақшамыз бос жатпайды: біреудің үй алуына себепші бола аламыз әрі ақшалай пайда көреміз.
Қалай сатып аламыз?
Брокер арқылы.
Alatau City Invest, bcc.kz немесе Halyk Finance қосымшаларын телефонға жүктеп, брокерлік шот ашамыз.
Оған ақша салып, 12 наурызға дейін өтінім беріп үлгеру керек.
Инвестор болғысы келетін адамның 5 қадамы мынау:
1. Қосымшаны жүктеу үшін: Alatau City Invest, bcc.kz немесе Halyk Finance — бірін таңдау керек.
2. Шот ашу үшін: «Инвестиция» бөліміне кіріп, брокерлік шот ашу керек. Бұл процесс бірнеше минуттан 1 күнге дейін уақыт алуы мүмкін.
3. Ақша салу үшін: Шотты өз картамыздан толтыру керек. Бір облигация — 1000 теңге. Қанша облигация алатыныңызды өзіңіз шешесіз.
4. Іздеу жолағынан «Отбасы банк облигацияларын» тауып алып, шарттарымен танысып алған дұрыс.
5. Өтінім беру үшін: Сатып алу батырмасын басу керек.
Осының бәрін 12 наурызға дейін үлгеру керек.
Банкке қалай сенеміз?
Отбасы банктің қаржылық қоры Ұлттық банк талабынан 6 есе артық екен. Бұл — кез келген дағдарысқа төтеп беретін сақтық қоры бар дегенді білдіреді. Оның үстіне, Қазақстандағы әрбір екінші ипотека осы банк арқылы өтеді. Демек, ақша сенімді қолда деп айта аламыз.
Білесіз, қазір ақшаны жастық астына тығып қоятын заман емес. Одан да жұмыс істеткен тиімді. Проценттік ставкасы жылына (шамамен) 17,5% дейді. Салыстырмалы түрде қазіргі депозиттердің көбі мұндай ставканы оңай бере қоймайды. Табыс ұсынудағы тұрақты мерзімі де көңілге қонып тұр. Облигациядан түскен процент әр 6 ай сайын картаға түсіп тұрса, күтіп те жалықпайсың ғой. Бұл енді біздің ой. Алып-қосарыңыз болса, жазарсыз.
ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ
https://t.me/qarzhylyq_sauat

👍36❤5👀2
Еліміздің СІМ Таяу Шығыс елдеріне әзір бармаңдар деп отыр
Президенттің кеңесшісі — Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров таратқан ақпаратқа қарасақ, мемлекет «қырағылық режиміне» көшкен сияқты. Қ. Тоқаев Премьер-министрден бастап, күштік құрылымдар мен әкімдерге, тіпті «Самұрық-Қазынаға» дейін нысандардың қауіпсіздігін нығайтуды тапсырған.
Иә, Иран мен оның айналасында болып жатқан жағдай жай ғана «жырақтағы соғыс» емес. Шындап келгенде, бұл — әлемдік логистика мен энергия нарығына әсер ететін үлкен процесс. Сондықтан біздің әуежайлар, теңіз порттары (Ақтау, Құрық) мен теміржол тораптары ерекше бақылауға алынып жатыр.
Таяу Шығыстағы жағдайға оралайық
Кеше еліміздің Сырқы істер министрлігі шұғыл брифинг өткізді. Президенттің тапсырмасымен арнайы штаб құрылып, дипломаттар 24/7 режимінде жұмыс істеп жатыр.
Сапардан бас тарту туралы ұсыныс
«Әуе кеңістігіндегі шектеулерге байланысты, аймақтағы әскери қимылдар тоқтағанша Таяу Шығыс елдеріне барудан әзірге бас тартуды ұсынамыз» деп мәлімдеме жасады министрліктің ресми өкілі Ерлан Жетібаев. Себебі қауіпсіздік — бірінші орында.
Эвакуация қалай жүріп жатыр?
Шекісіп жатқан аймақтардан 946 отандасымыз елге жеткізіліпті. Жақын арада Маскаттан (Оман) Алматыға екі рейспен 500-ден астам адам келмек.
«Джидда — Атырау» мен «Джидда — Ақтау» бағыттары арқылы 326 азамат қайтарылады.
Автобуспен және құрлық жолымен (Иран, Түрікменстан, Армения арқылы) ондаған отандасымыз қауіпсіз аймаққа шығарылған. «Эвакуация кезінде бірінші кезекте қарияларға, балалы аналарға, жүкті әйелдер мен денсаулығында кінәраты бар азаматтарға орын беріледі» дейді ресми өкіл.
Қазір ол жақта қанша отандасымыз бар?
Министрліктің ақпараты бойынша, Иранда — 47, Израильде — 163, Катарда — 3000-нан астам, БАӘ-де — 4000-нан астам, Сауд Арабиясында — 1800-дей қазақстандық бар. Олардың бәрімен де байланыс тұрақты.
⚠️ Сыртқы істер министрлігі:
Аймақта жүрген азаматтарды қауіпсіздік шараларын күшейтуге, қауіпті аумақтардан аулақ болуға және жергілікті билік пен Қазақстан елшіліктерінің нұсқауын бұлжытпай орындауға шақырады.
Әйтеуір, зардап шеккен отандастарымыз туралы ақпарат түспеген. Сондықтан жағдай тұрақталғанша сабыр сақтап, тек ресми мәліметтерге сенген дұрыс болар. Ал, қандай да бір көмек керек болса, Қазақстанның сол елдердегі елшіліктеріне немесе СІМ жедел желісіне хабарласуды ұмытпаңыз.
ҚР Сыртқы істер министрлігі:
+7 (7172) 72 05 00 (Консулдық қызмет департаменті);
+7 (7172) 72 01 11 (кезекші дипломат);
Қазақстанның Ирандағы Елшілігі (Тегеран қ.):
+98 21 2256 5933 (Елшіліктің кезекші нөмірі);
+98 936 208 4672 (ұялы телефон, WhatsApp);
Қазақстанның Дубай қ. Бас консулдығы:
+971 50 570 1978;
Қазақстанның Джидда қ. Бас консулдығы:
+966 50 547 3698;
Қазақстанның Қатардағы Елшілігі:
+974 50 649 955;
+974 51 000 733;
«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ»

⚡8❤4💯3👍2👀1
Букмекерлік кеңселер төлем қабылдауды уақытша тоқтатыпты.
Anonymous Poll
3%
Сол қиын болды(
52%
Жақсы болған екен!
2%
Мәселенің тез шешілуін талап етемін!
36%
Түк қызықтырмайды!
7%
Осы туралы ақпарат білгім келеді
Ұлттық банк бүгін базалық ставка бойынша қабылдаған шешімін жария етеді. Оны біз түскі сағат 12.00-де біле аламыз.
Қазір:
◾ставка деңгейі — 18.00%
◾жылдық инфляция деңгейі — 11.7%
Бұрын жазып жүргеніміздей, базалық ставка — инфляцияны ауыздықтайтын басты тетік. Егер Ұлттық банк ставканы жоғары деңгейде қалдырса, бұл шешім бағаның өсуін тоқтатуға басымдық берілгенін білдіреді. Ал ставка төмендесе, экономикаға «қан жүгіріп», несие алу жеңілдей бастайтыны анық.
Не дегенмен, инфляция 11.7% болып тұрғанда, Орталық банк ставканы төмендетуге асықпауы да мүмкін. Оны енді уақытында көреміз.
Егер базалық ставканың не екенін түсініп алғыңыз келсе, біздің ескі жазбаға көз жүгірте отырыңыз — https://t.me/qarzhylyq_sauat/1057

👍16❤5
👍16😇2❤1
Базалық ставкадағы «18%» ненің өлшемі?
Ол — Ұлттық банктің екінші деңгейлі банктерге (мысалы, Kaspi, Halyk т.б.) ақша беретін немесе олардан ақша алатын негізгі бағасы.
Ставка жоғары болса, несие қымбаттайтынын талай айттық. Есесіне, депозиттің пайызы да өседі. Ставканы жоғары ұстаудағы мақсат: «халық ақшаны жаратуды азайтсын, оданда банкте сақтасын, сөйтіп бағаның өсуі (инфляция) тежелсін» деген месседж.
«+/-1 проценттік пункт» деген не?
Ұлттық банк өзінің ресми релизінде осы тіркесті тұрақты қолданады. Бұл — Орталық банктің басқа банктермен жұмыс істейтін «коридоры». Енді соны қарапайым мысалмен қарап көрейік.
1. «+1 пункт» (18% + 1% = 19%)
Егер екінші деңгейлі банкке (мысалы, Halyk-қа) шұғыл ақша керек болып қалса, ол Ұлттық банктен ақшаны 19%-бен қарызға алады. Бұл — әлгі «коридордың» жоғарғы шегі.
2. «-1 пункт» (18% — 1% = 17%)
Егер банктің қолында артық ақша болып, оны Ұлттық банкке сақтауға қойғысы келсе, Ұлттық банк ол ақшаны 17%-бен қабылдайды деген сөз. Бұл — әлгі «коридордың» төменгі шегі.
Ұлттық банк неге басқа банктермен «саудаласады»?
Заңды сұрақ, иә? Бұл жерде көпшілік: «банктердің өз ақшасы өзіне жетпей ме?» деп те ойлауы мүмкін. Шын мәнінде, банктерде ақша өте тез «қозғалады». Біреу несие алады, біреу депозитін шешіп алады дегендей. Енді біреу аударым жасайды.
Сондықтан банктердің қолында кейде ақша артылып қалады, кейде жетпей қалады. Ал, дәл сол кезде Ұлттық банк «рефери» рөлін атқарады.
Неге ақша береді?
Егер халыққа несие беру үшін банк ақшасы жетпей жатса, Ұлттық банктен қарыз алады. Ұлттық банк ставканы 18% (коридормен 19%) деп бекітсе, банк бізге несиені одан да қымбатқа береді (мысалы, 25-30%-бен).
Ұлттық банк ставканы көтерсе, сіз бен біз үшін несие қымбаттайды дейтініміз сол.
Неге ақша алады?
Егер банктің қолында халықтан жиналған артық ақша көп болса, ол оны «бос жатпасын» деп Ұлттық банкке сақтауға қояды (депозит сияқты). Ұлттық банк оған 17% сыйақы төлейді.
Ұлттық банк ставканы жоғары ұстаған кезде банктер де біздің депозитімізге жоғары пайыз төлей алады.
Дұрыс түсіну керек, Ұлттық банктің мақсаты — банктерден пайда көру емес, нарықтағы ақшаның көлемін реттеу.
Ақша көп болса: Жұрт бәрін сатып ала бастайды, баға (инфляция) өседі. Сосын Ұлттық банк ставканы көтеріп, ақшаны банктер арқылы өзіне «тартып» алады.
Ақша аз болса: Экономика тоқтап қалады. Сосын Ұлттық банк ставканы түсіріп, банктерге арзан ақша береді (несие арзандайды).
Бұл жерде Ұлттық банк экономиканың «температурасын» өлшеп отыратын дәрігер сияқты. Ставка — сол температураны басатын немесе көтеретін «дәрі».

❤25👍15⚡2
8 наурыз — әйелдер мерекесі құтты болсын!
Жүзіңізден күлкі, көңілден көктем кетпесін. Әр күніңіз гүл-көктемдей көрікті, жайдарлы жаздай шуақты болсын!
Барлық жағынан да бай болыңыздар!🌷
Құрметпен,
ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ
@qarzhylyq_sauat

❤37🤝6
⚠️ Қазақстан азаматтарына баруға болмайтын 14 елдің тізімі шықты
Таяу Шығыстағы әскери қақтығыстардың шиеленісуіне байланысты еліміздің Сыртқы істер министрлігі қатаң ескертеді: Ведомство аймақта жағдай толық тұрақтанғанша төмендегі елдерге барудан уақытша бас тарту керек дейді.
Тізімге енген 14 мемлекет:
Бахрейн, Мысыр, Израиль, Йемен, Иордания, Ирак, Иран, Қатар, Сауд Арабиясы, Кувейт, Ливан, БАӘ, Оман, Сирия.
Не істеу керек?
Жай ғана құлақ асу керек. Себебі министрліктің ескертуіне қарамастан, аталған аймақтарға әлі де сапарлап шығып кетуге әрекет етіп жатқан азаматтар бар екен.
«Аймақтарда жүрген Қазақстан азаматтарын жеке қауіпсіздік шараларын күшейтуге, қауіпті аудандарға бармауға, жергілікті билік органдарының нұсқауын орындауға, соның ішінде зымыран шабуылынан қауіп келген жағдайда дереу баспаналарға/паналау орындарына баруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерімен, туроператорлармен және әуе тасымалдаушыларымен тұрақты байланыста болуға шақырамыз», — делінген ресми хабарламада.
Бұл ескертуді жақындарға жіберіп қойған дұрыс. Таяу Шығыстағы көптеген елдің әуе кеңістігі жабық екенін ескеру керек.
Жағдай қаншалықты күрделі?
Аймақта ахуал шегіне жетіп тұр. Президент Қ. Тоқаев Иран аумағынан Біріккен Араб Әмірліктеріне жасалған зымыран мен дрон шабуылдарын қатаң айыптады. Себебі бейбіт тұрғындар қаза тауып, азаматтық нысандар қираған.
Мемлекет басшысы мұндай әрекеттерді ақтауға болмайтынын және кез келген дауды тек дипломатиялық жолмен шешу керек екенін алға тартып отыр.
Жағдай қазір расында да күрделі. Жоспарлап қойған сапарлар болса, қайта қарап, мүмкіндігінше кейінге қалдыра тұрған дұрыс. Сақтық үшін хабардар етіп қоюды жөн көрдік.

❤16💯6⚡1
Ормуз бұғазындағы дағдарыс: әлемдік экономика «тұншығуы» мүмкін бе?
Таяу Шығыстағы жағдай күрделеніп барады. Әлемдік жанжал жаңа деңгейге көтерілген тәрізді. АҚШ барлау қызметінің мәліметінше, Иран әлемдік энергетиканың «күре тамыры» саналатын Ормуз бұғазын миналауға кіріскен.
Ормуз бұғазы несімен маңызды?
Ол жай ғана су жолы емес, «бұғаз — әлемнің энергетикалық қақпасы» деп айтылып жүр. Себебі әлемдегі теңіз арқылы тасымалданатын мұнайдың төрттен бірі (күніне 20 млн баррель) осы жерден өтеді. Ал, Ирак пен Кувейт сияқты алпауыт өндірушілер үшін бұл — жалғыз экспорттық жол. Бұғаз жабылса, олардың мұнайы «тұтқында» қалады деген сөз.
Не болып еді?
Ислам революциясының сақшылар корпусы бұғаз арқылы өтетін кез келген кемеге шабуыл жасалатынын ескерткен еді. Қазірдің өзінде ондаған мина қойылғаны туралы ақпараттар бар. Алдағы уақытта олардың саны жүздеп артуы мүмкін дейді. Осылайша сақшылар корпусы аймақта кеме қатынасын іс жүзінде тоқтатып тастап отыр.
Д. Трамптың реакциясы
Әлбетте, АҚШ Президенті өз стиліне сай Иранға ескерту жасады. Миналарды тез арада залалсыздандыруды талап еткен Трамп: «Егер миналар алынбайтын болса, Иран үшін әскери салдары бұдан да ауыр болады», — деп кесті.
Салдары қандай?
Қазірдің өзінде Парсы шығанағында күніне 15 млн баррель мұнай бұғатталып тұр. Бұл әлемдік нарықтағы мұнай мен газ бағасының өсуіне алып келіп жатыр. Егер бұғаз толық жабылатын болса, әлемде энергетика дағдарысы туындауы әбден ықтимал.
Бұл бізге қалай әсер етеді?
Өте өзекті мәселе. Себебі Қазақстан табысының қомақты бөлігі мұнай экспортынан түсетін салықтар мен түсімдерден құралады. Сондықтан мұнай бағасы көрсететін кез келген «мінез» теңгенің де «тамыр соғысына» тікелей әсер етеді.
Қысқасы, Ормуз бұғазындағы дағдарыс салдарынан мұнай қымбаттайтын болса, бұл біздің елге екіжақты әсер етуі мүмкін.
1. Оң әсері: Теңгенің нығаюы
Мұнай бағасы өскенде (мысалы, баррелі 90-100 доллардан асса) елге доллар көптеп келе бастайды. Нарықта доллар көп болса, оның бағасы түсіп, теңгенің құны артады. Мұнайдан түсетін артық пайда Ұлттық қорға жиналып, елдің «сақтық қоры» да қалыңдай бастайды.
2. Теріс әсері: импортпен келетін инфляция
Иә, мұнайдың қымбаттауынан тек біржақты жақсылық күту қате болар еді. Оның екінші жағы бар десек, ол — жанар-жағармай бағасы. Ал, дүниежүзінде мұнай қымбаттайтын болса, бензин мен дизель бағасы да өсетіні анық.
Бұл өз кезегінде тауар тасымалын қымбаттатып, дүкендегі тауарлар бағасына да әсер етпей қоймайды. Яғни, теңге нығайғанымен, сырттан келетін тауарлар (техника, киім-кешек) қымбаттауы мүмкін.
Қазір әлем назары Ормуз бұғазында. Ол — Иранның қолында тұрған жалғыз «көзір». Бұғазды миналау арқылы Тегеран Батыс елдеріне экономикалық қысым көрсетпек.
Ал, «Үлкен жетілік» елдері әзірге өз қорларын пайдалануға асығар емес. 11 наурыздағы мәлімет бойынша, Brent мұнайының бағасы $87-ға дейін көтерілсе де, G7 мүшелері стратегиялық резервтерін ашудан бас тартып отыр.
«Үлкен жетілік» деген не?
Бұл — әлемдегі ең дамыған 7 елдің басын қосатын бейресми клуб. Оның құрамына АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Канада және Жапония кіреді. Осы алпауыттардың әрқайсысында орасан мұнай қоры бар. Әлемде төтенше жағдай (соғыс, табиғи апат) болып, мұнай тасымалы үзілсе немесе нарықта мұнай жетіспей, баға тым қымбаттап кетсе, G7 елдері өз резервтерін ашып, нарыққа мұнай шығарады. Сол арқылы бағаны реттеуге атсалыса алады. Бірақ әзірге Ормуз бұғазына қатысты нақты шешімге келе қоймады. Олар алдымен Халықаралық энергетика агенттігінің нақты сараптамасын күтпек. Сондықтан, әліптің артын бағамыз.

👍17❤11🤝3⚡2
Таяу Шығыстағы қақтығыс бензин бағасына әсер ете ме?
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов әлемдік нарықта құбылып тұрған мұнай бағасының Қазақстанға қалай әсер ететініне қатысты түсініктеме беріпті.
Алдыңғы жазбада да айтқан ек, барреліне 119 долларға дейін көтерілген баға қазір 87 долларға дейін түсті. Баға расында да құбылып тұр. Ал, Парсы шығанағындағы шиеленіс пен мұнай нысандарына жасалған шабуылдар әлемдік нарыққа тікелей қысым жасап жатыр.
Дегенмен, министрдің сөзіне сенсек, мұнай бағасы Қазақстанда бензин құнына әсер етпейді. Себебі, көптеген елдерден айырмашылығымыз — біздегі жанар-жағармай бағасы әлемдік котировкаларға тікелей тәуелді емес.
Бұл нені білдіреді?
Көптеген елде (мысалы, Еуропада немесе АҚШ-та) мұнай бағасы 1 долларға өссе, ертеңіне жанармай бекеттерінде бензин бағасы да бірден көтеріледі. Ал бізде олай емес.
Қазақстан мұнай өндіруші ел болғанымен, біз өндірілген мұнайды екіге бөлеміз: экспортқа және ішкі нарыққа.
Бірінші жағдайда мұнайдың көп бөлігі әлемдік нарыққа Brent бағасымен шығарылады. Ол жақта бағаның өскені біздің бюджетке пайдалы екені рас. Ал, ішкі нарықта мұнай өндіруші компанияларға мемлекет тарапынан міндеттеме жүктеледі. Олар мұнайдың белгілі бір көлемін еліміздегі мұнай өңдеу зауыттарына (ПМХЗ, Атырау МӨЗ, Шымкент МӨЗ) беруге тиіс. Бұл мұнай ішкі нарыққа әлемдік бағадан әлдеқайда арзан бағамен беріледі.
Дамыған елдерде бензин бағасын нарық (сұраныс пен ұсыныс) анықтайды. Ал Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар жанар-жағармай түрлеріне (мысалы, Аи-92 бензині мен дизельге) мемлекет шекті баға бекітеді.
Яғни, мысалдап айтсақ, әлемде мұнай бағасы $150-ге шығып кетсе де, егер Үкімет «Аи-92 бағасы 205 теңгеден аспасын» деп шешсе, жанармай бекеттері оны қымбаттата алмайды. Баға тек Үкіметтің арнайы бұйрығымен ғана өзгереді. Біздегі жанар-жағармай бағасы әлемдік котировкаларға тікелей тәуелді емес дейтін себебіміз — осы.
Дегенмен, бұл тұрақтылық та уақытша құбылыс болуы мүмкін. Өйткені ЕАЭО аясындағы келісімдер жанар-жағармай бағасын біртіндеп нарықтық тетіктерге көшіруді көздейді. Оның да өз себебі бар, біріншіден — көрші елдер арасындағы баға айырмашылығын реттеу, екіншіден — арзан отынды шекара асыруға тосқауыл қою, яғни контрабандаға жол бермеу. Демек, келешекте бензин бағасы бәрібір әлемдік үрдістерге көбірек иек арта бастайды деп пайымдай беруге болады.
Ақпарат пайдалы бола алды ма?😉

❤16👍11👀6
📸 Камера бәрін көреді: бүгіннен бастап айыппұлдан қаша алмаймыз
Себебі 12 наурыздан бастап Әкімшілік кодекстегі жаңа өзгерістер күшіне еніп жатыр. Енді полиция тоқтатып, хаттама толтырып жатпайды, «ақылды камералар» бәрін автоматты түрде өзі ресімдей береді.
Сонда не өзгерді?
Бұрын камералар тек жылдамдық пен бағдаршамды немесе жол сызықтарын қадағаласа, енді цифрлық жүйе кез келген ұсақ істен (тәртіп бұзушылықтан) айыппұл іле береді.
Айыппұлды не үшін арқалауымыз мүмкін?
Жүргізушілер:
• рөлде отырып телефонмен сөйлессе;
• қауіпсіздік белдігін тақпаса;
• жарығын (фар) дұрыс пайдаланбаса немесе жолда кептеліс тудырса;
• техбайқау құжатының мерзімі өтсе немесе сақтандыру полисі болмаса (жүйе оларды база арқылы бірден анықтайды) — айыппұл арқалайды.
Жаяу жүргіншілер мен қала тұрғындары:
• жолды белгіленбеген жерден кесіп өтсе;
• көшеге қоқыс немесе темекі тұқылын тастаса;
• тыйым салынған жерде темекі тартса;
• рұқсат етілмеген уақытта алкоголь сатса — айыппұл арқалайды.
Жүйе қалай жұмыс істейді?
Егер «ақылды жүйе» бет-әлпетімізді немесе көлік нөмірін танып, базамен растаса, ешқандай хаттама толтырылмайды. Айыппұл бірден базаға түсіп, телефонымызға хабарлама келеді.
Сосын, ескеретін нәрсе: бұл — «жаңа заң айыппұлдың жаңа түрін шығарып отыр» деген сөз емес, тек оларды анықтау тәсілін «цифрландырып» отыр. Яғни, осыған дейін полицияның көзіне түспей келген тәртіп бұзушылар енді камерадан қашып құтыла алмайды деген сөз.
Енді «кім көріп тұр дейсің» деп түкіре алмайсың, қоқысыңды тастай алмайсың. Бұл бір жағынан қоғамды көше мәдениетіне үйретуге де жақсы. Сіз де, біз де осы қоғамның мүшесіміз,«қақыра салуға» , терезені ашып жіберіп, темекісін лақтыра салуға қымсынбайтындарды көзбен көріп жүрміз. Бұл жерде ереже қарапайым: айыппұл төлегің келмесе дұрыс жүр, жүре алмасаң, SMS күт... Әйтпесе, түздегі әр қылығың қымбатқа түсуі мүмкін. Сол кезде білмей қалдым демесеңіз болды. Біздікі — жай ғана ескерту.
«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ»
https://t.me/qarzhylyq_sauat
Себебі 12 наурыздан бастап Әкімшілік кодекстегі жаңа өзгерістер күшіне еніп жатыр. Енді полиция тоқтатып, хаттама толтырып жатпайды, «ақылды камералар» бәрін автоматты түрде өзі ресімдей береді.
Сонда не өзгерді?
Бұрын камералар тек жылдамдық пен бағдаршамды немесе жол сызықтарын қадағаласа, енді цифрлық жүйе кез келген ұсақ істен (тәртіп бұзушылықтан) айыппұл іле береді.
Айыппұлды не үшін арқалауымыз мүмкін?
Жүргізушілер:
• рөлде отырып телефонмен сөйлессе;
• қауіпсіздік белдігін тақпаса;
• жарығын (фар) дұрыс пайдаланбаса немесе жолда кептеліс тудырса;
• техбайқау құжатының мерзімі өтсе немесе сақтандыру полисі болмаса (жүйе оларды база арқылы бірден анықтайды) — айыппұл арқалайды.
Жаяу жүргіншілер мен қала тұрғындары:
• жолды белгіленбеген жерден кесіп өтсе;
• көшеге қоқыс немесе темекі тұқылын тастаса;
• тыйым салынған жерде темекі тартса;
• рұқсат етілмеген уақытта алкоголь сатса — айыппұл арқалайды.
Жүйе қалай жұмыс істейді?
Егер «ақылды жүйе» бет-әлпетімізді немесе көлік нөмірін танып, базамен растаса, ешқандай хаттама толтырылмайды. Айыппұл бірден базаға түсіп, телефонымызға хабарлама келеді.
Сосын, ескеретін нәрсе: бұл — «жаңа заң айыппұлдың жаңа түрін шығарып отыр» деген сөз емес, тек оларды анықтау тәсілін «цифрландырып» отыр. Яғни, осыған дейін полицияның көзіне түспей келген тәртіп бұзушылар енді камерадан қашып құтыла алмайды деген сөз.
Енді «кім көріп тұр дейсің» деп түкіре алмайсың, қоқысыңды тастай алмайсың. Бұл бір жағынан қоғамды көше мәдениетіне үйретуге де жақсы. Сіз де, біз де осы қоғамның мүшесіміз,
«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ»
https://t.me/qarzhylyq_sauat
❤38👍22⚡2👎2
Референдум алдында алаяқтар да «тұяқ серпіп» қалуға тырысып жатыр
Схема жаңа болғанымен, алаяқтардың көздеген мақсаты бір — сіз бен біздің ақшамыз.
Қандай әрекетке көшкен?
Телефон соғады немесе мессенджерден (WhatsApp, Telegram) жазады. «Жылы-жылы» сөйлеп, өзін «Конституция бойынша онлайн-дауыс беру процесін ұйымдастырушы» деп таныстырады. Сосын «дауысымызды тіркеу үшін» немесе «бюллетень алу үшін» телефонымызға келген SMS-кодты сұрайды.
Осы жерде мән беретін нәрсе:
1️⃣ Референдум ТЕК арнайы учаскелерде өтеді, азаматтар ТЕК қағаз бюллетеньмен дауыс береді.
2️⃣ Онлайн дауыс беру деген атымен жоқ. Сондықтан «интернет арқылы дауыс беру», «телефонмен тіркелу» дегенге мүлдем сенбеңіздер.
3️⃣ Кодты ешкімге бермеу керек екенін тағы айтайық. Ешқандай ресми орган бізден SMS арқылы келген құпия кодты сұрамайды. Сұраған адам — алаяқ!
Алаяқтар адамдардың аңғалдығын пайдаланып кетуге дайын тұрады. Олардың бар ойы — біздің банк шоттарымызға қалай да қол жеткізу. Сондықтан, «дауыс беремін» деп жүріп, ақшаңыздан айырылып қалмаңыз. Бұл ақпаратты жақындарыңызға, әсіресе, үлкен кісілерге жіберіп, ескертіп қойған артық етпейді.
«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ»
https://t.me/+y6OOnvSpYnAzNTEy

💯9👍5❤2🥰1
Green Card-2027: қауіпсіздік күшейіп, виза беру тәртібі өзгеріп жатыр
Мұхит асып, Америкаға кетуді жоспарлап жүргендер бұл жаңалықтан құр қалмауы керек. АҚШ Мемлекеттік департаменті Diversity Visa (DV, Лотерея) бағдарламасын түбегейлі реформалауға кірісіп кетті.
Әлемде АҚШ-тың Грин картасын алсам деп армандайтын адамдар миллиондап саналады. Өйткені оның берер мүмкіндігі көп. Грин картаға иелік еткен адам әркімге жалтақтап, жұмыс берушіден рұқсат қағазын немесе жұмыс визасын күтпейді. Қарапайым америкалық секілді кез келген компанияға жұмысқа тұра алады, я болмаса, өз бизнесін аша алады.
Тағы қандай игілігі бар еді? А, иә, Грин карта иесінің балалары мемлекеттік мектептерде тегін оқиды. Ал университеттер мен колледждерде оқу ақысы шетелдік студенттерге қарағанда 3-4 есе арзан болады. Бұл — отбасылық бюджет үшін әжептәуір жеңілдік әрі үлкен мүмкіндік.
Green Card-2026 іріктеу қорытындысы туралы ресми есепке сүйенсек, Грин картаға 20 миллионнан астам адам өтініш түскен. Ал, заң бойынша жыл сайын 55 000 виза бөлінеді екен. Содан Қазақстан азаматтарына бұйырғаны — 2 723.
Қазір виза беру процесі уақытша тоқтап тұр. Себебі АҚШ билігі қауіпсіздік талаптарын (тексеру процесін) күшейтіп жатыр. Енді Грин картаға өтініш берген кезде 1 доллар көлемінде символикалық төлем алынуы мүмкін. Бұл — жүйені бос анкетамен толтыратын алаяқтар мен делдалдардың жолын кесу үшін жасалған амал деп түсіндік.
Бұрын анкета толтыруға 30 минут берілсеп, енді ол 90 минутқа дейін созылуы мүмкін. Яғни, өз деректеріңді асықпай, қатесіз толтыруға мүмкіндік беріледі деген сөз. Бірақ анкета толтырғанда адамның аты-жөнінен немесе туған күнге қатысты деректен бір әріп/сан қате кетсе, консул виза бермеуге құқылы. Ол кезде «байқамай қалдым» деп ақтала алмайсың.
Паспорттың скан нұсқасы — міндетті талап
Бұрын лотереяға қатысу үшін паспорт нөмірін теру жеткілікті болатын. Енді оның сканерден өткен көшірмесін JPEG форматта жүктеу міндетті болады. Паспорты жоқтар тіркеле алмайды.
Ақпарат үшін:
◾ 2026 жыл, мамыр: былтыр күзде өтінім бергендер өз нәтижесін біле алады.
◾ 2026 жыл, қыркүйек: келесі лотереяның (DV-2027) нақты ережелері мен мерзімі жарияланады.
◾ 2026 жыл, қазан-қараша: жаңа ережелермен (паспорт сканері, 1$ төлем) тіркелу басталады.
Бізден бір кеңес: Егер шетелдік паспортыңыздың мерзімі 2026 жылдың соңына дейін болса, оны дәл қазір ауыстыруға өтініш беретін уақыт. Күздегі қарбаласта үлгермей қалуыңыз мүмкін.
DV-2027: тіркелу қашан басталады?
Егер Грин картаға өтінім берем деп ойланып жүрсеңіз, оның мерзімі: 2026 жылғы қазан-қараша айлары. Нақты күнін АҚШ Мемлекеттік департаменті қыркүйек айының соңына қарай жариялайды.
Алаяқтардан да сақтану керек. Әлем халқынан өтінім қабылдайтын жалғыз ресми сайт бар, ол — dvprogram.state.gov. Грин карта алып беруге көмектесем дейтін делдалдардан аулақ жүрген дұрыс. Америка талапты күшейтіп жатқанымен, ережелерді мұқият орындаған адам қашанда жеңіске бір табан жақын жүреді. Іске сәт!

❤22👍12
«Рассрочканы» шектеу керек пе?
Қазір осы тақырып күн тәртібінде өткір тұр. Себебі кей жағдайларда «рассрочка» инфляцияға дем беріп жатыр, жұрт қарызға батып болды» деген пікір айтылып қалады. Бірақ BES.media порталына сұхбат берген экономист Айдархан Құсайынов бұл мәселеге басқа қырынан қарау керек дейді. Оның пайымдауынша, «рассрочка» — халықты қарызға батырмайды, ол жай ғана сауданың көркі, заманауи модель.
Неге ақшасы барлар да «рассрочка» алады?
Бұл енді таза математика. Мысалы, қолымызда 500 мың теңге бар делік. Соны екі жағдайда саралап көрейік.
Бірінші жағдайда: Сол ақшаға телефон сатып алдық. Ақша сонымен кетті.
Екінші жағдайда: Телефонды 12 айға бөліп төлейтін етіп алдық. Қолда 500 мың теңге қалды. Ал оны депозитке салып қоюға болар еді. Сонда не болды? Алатын тауарды алдық, керегімізге пайдаланып жүрміз. Ал депозиттегі ақша бізге ай сайын өз пайызын (пассив табыс) беріп тұр. Яғни, ақшаны сауатты басқарған болар ек.
«Рассрочка» шектелсе, зияны кімге тиеді?
Экономистің пікірінше, егер бөліп төлеу механизміне қатаң шектеу қойылатын болса, ол банктерге емес, ең алдымен шағын және орта бизнеске кері әсер етуі мүмкін. Өйткені қазір маркетплейстерде «қызып тұрған» сауданың басым бөлігі осы «рассрочка» арқылы жүріп жатыр. Яғни, сауда азайса, кәсіпкерлер зиян шегеді деген сөз.
Несие саясатындағы қарама-қайшылық
Айдархан Құсайынов қазіргі мемлекеттік қолдау бағдарламаларына тән бір қызық қайшылыққа назар аударады. Мысалы, қазір мемлекет инфляцияны тежеу үшін тұтынушылық несиелер мен бөліп төлеуді реттеуге көбірек мән беріп жатыр дедік. Бірақ, сөйте тұра, алғашқы жарна жинай алатын жағдайы бар азаматтар үшін жеңілдетілген ипотека мен автонесиеге субсидия бөлуді жалғастырып келеді.
Экономистің пайымдауынша, мұндай тәсіл әлеуметтік тепе-теңдікке әсер етуі мүмкін. Бір жағынан қарапайым халықтың күнделікті тұрмысына қажет қаржылық құралдар шектелсе, екінші жағынан мүмкіндігі бар топтарға жеңілдік қарастырылған. Бұл несие саясатын қайта қарауды қажет ететін мәселе дейді сарапшы.
Инфляцияға әсері қандай?
Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының (АФК) басшысы Елена Бахмутованың айтуынша, тіпті Ұлттық банктің өз бағалауында да тұтынушылық несиелер инфляцияға әсер етуші факторлардың ең соңында тұр. Оның инфляцияға ықпалы — бар болғаны 1-2% айналасында ғана.
Демек, бағаның өсуіне несиелер мен «рассрочкалардың» қосар үлесі жоқтың қасы. «Сондықтан бұл құралдарды тым қатты шектей бергенмен, ол бәрібір инфляцияны жеңуге көмектеспейді, есесіне, ішкі сұранысты азайтып жіберуі мүмкін.
Экономистің меңзеп отырғаны — мемлекет инфляциямен күресеміз деп «рассрочканы» шектеу арқылы халықтың тұрмысын қиындатып, шағын бизнестің саудасын тұралатып алуы мүмкін. Оның айтуынша, «рассрочка» жаңа сұраныс тудырмайды, ол тек нарықтағы сұранысты қолдаушы құрал ғана. Яғни, адамдар дүние-мүлікті ақшасы болмағаннан сатып алып жатқан жоқ, тек төлем әдісін өзгертіп отыр.
Сіздің ойыңыз қалай? «Рассрочканы» шектеген дұрыс па, әлде ол керек пе? Оған эмоция төтеп бере алып жатыр ма? Оны енді айлық төлемнен көре аламыз. Көп төлеп жатсақ, алған тауарымыздың санында шек болмаса, онда эмоцияның «құлы» болғанымыз... Төлемдерді бір қарап келейік. Сосын ойланып, «баррикаданың» қай жағында екенімізді жазайық — «рассрочка» керек пе, жоқ па... Түбі «өр-өрме» болайын деп тұрған сияқты.

💯10❤6👍6⚡3🤩2
Референдум: дауыс беру аяқталып қалды
Anonymous Poll
50%
Дауыс бердім
45%
Дауыс берген жоқпын
3%
Ел не үшін дауыс беріп жатыр?
2%
Референдум деген не?
Қайырлы күн!
Жаңа Конституция күні (15 наурыз) құтты болсын!
Қатарымыз толығып жатыр екен, 10 000 деген межені бағындырыппыз. Бұл көрсеткіш авторға көп жауапкершілік жүктейді. Бізге сенім артып, қатарға қосылып жатқандарыңызға рахмет!
Каналда әртүрлі тақырыпқа арналған пайдалы материалдар бар. Асықпай таныса беріңіздер. Іздеу жолағына өзіңізді қызықтыратын тақырыптар бойынша «кілтсөздерді» (мысалы: кредит/депозит/ислам ипотекасы/ислам инвестициясы/зейнетақы/биржа/криптовалюта) жазып, сол бойынша шыққан жазбаларды оқып шығуға болады.
Пікір алаңымыз ашық. Қоғамға керек тақырыптарды ашып жаза береміз. Шама келгенше сіз де талқылап, ой қосып, қоғамдық пікір қалыптастыруға үн қоса беріңіз.
Біздің каналда «өсек/төсекке» жол жоқ. Болмашы жазбалармен мазаңызды алып шаршатпаймыз. Тек пайдалы әрі сапалы контентке ұмтыламыз. Мақсатымыз анық — қаржылық білімімізді көтеру, алаяқтардан қорғану. Болды.
Өзіңізді қызықтыратын, жауап іздеп жүрген тақырыптар болса, жазыңыз, шама келгенше ол туралы да ізденеміз, кеңінен тоқталамыз, зерттейміз, түсіндіреміз.

👍39❤12💯4🤩2🤝1
Қайтыс болған адамның несиесі: нені білу керек, заң не дейді?
«Өлсең де кредит кешірілмейді» деген жазбаға көзіміз түскен еді. Әлеуметтік желіде жазылған пост авторы басынан өтіп жатқан оқиғасын баяндапты. Қысқаша түйсек, былай деп жазған еді:
«Сіңілім үй жөндеуге 2,6 млн теңге несие алып, оны екі жыл бойы төлеп келген екен. Бірақ ол қайтыс болғанда қарыз сомасы мүлдем азаймағанын білдік. Төленген ақшаның бәрі тек банктің пайызын жауып тұрған. Банк алдындағы қарызы мұрагері ретінде ата-анамның мойнында қалды. Сол үшін амалсыз 2,6 млн теңгені толық төлеп, несиені жабуға мәжбүр болдық. Өзі де (сіңлісі) сақтандырудан бас тартқан екен, бірақ «аяқ асты өліп қалам» деп ешкім де ойламайды ғой...»
Жалпы мағынасы осы. Жазбаның көп адамға әсер еткенін жұрт реакциясынан байқадық. Сосын бұл ақпаратты көпшілік біліп жүрсін деген ниетпен «ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ» ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне журналистік сауал жолдады.
Агенттіктің ресми позициясын 4 негізгі пунктке жинақтап көрдік:
1. Міндетті сақтандыру енгізіле ме?
❌ Жоқ. Халықаралық тәжірибеге қарамастан, Агенттік қазіргі уақытта «несиені міндетті сақтандыру» тетігін енгізуді қарастырып отырған жоқ. Заң бойынша (Азаматтық кодекс, 806-бап), азаматқа өз өмірін сақтандыруды міндеттеуге болмайды. Бұл рәсім тек ерікті таңдауға жатады. Банктер сақтандыруды ұсына алады, бірақ клиенттен оны талап ете алмайды.
2. Қарызды есептен шығару (списание) талабы қойыла ма?
❌ Жоқ. Банктерге марқұмның қарызын толық немесе ішінара есептен шығару туралы нормативтік талаптар қою жоспарда жоқ. Кредиторлар әр жағдайды (мұрагердің әлеуметтік жағдайын) жеке тәсіл қолдана отырып, өздерінің ішкі саясатына сәйкес қарайды.
3. 6 ай күту кезінде пайыз бен өсімпұл есептеле ме?
⚠️ Иә. Заңнамада мұраны қабылдау кезеңінде (6 ай) пайыздар мен өсімпұлдарды есептеуді тоқтата тұруды міндеттейтін тікелей норма жоқ. Бұл — бүгінгі заңнамадағы ең үлкен мәселенің бірі. Есептеуді тоқтату-тоқтатпау — банктің өз еркіндегі шаруа.
4. Неліктен банктер әртүрлі саясат ұстанады?
Әлгі жазбада автор екі банкті мысал етіп, пайыз бен өсімпұлға қатысты екеуі екі түрлі шарт ұсынғанын жазған еді. Яғни, біреуі оның бәрін тоқтатса, екіншісі түгел өндіріп алса керек. Осыған қатысты сұрағымызға орай Агенттік те банктерде бұл мәселеде бірыңғай тәсіл жоқ екенін растап отыр. Біріздендіру туралы нақты жоспар туралы да айтылмады. Яғни, әр банк өзіне төнген қатерді (риск мәселесін) ішкі ережелеріне сай реттейді. Мұрагерлер берешекті реттеу үшін банкке өз аяғымен барып, келіссөз жүргізуі керек.
Мұрагер нені білуі керек?
Жауапкершілік шегін білу керек. Мұрагер марқұмның қарызын тек өзіне өткен мүліктің құны шегінде ғана қайтаруға міндетті. Мысалы, егер мұраға қалған мүлік құны 1 млн, ал қарыз 10 млн болса, банк сізден 1 млн-нан артық талап ете алмайды.
Банкпен байланысу керек. Туысының қайтыс болғаны туралы куәлікті банкке бірден өткізіп, пайыздарды тоқтату туралы өтініш жазған дұрыс. Бұл қадам кем дегенде өсімпұлды (пения) өсірмеуге немесе пайыздарды қайта қарауға мүмкіндік беруі мүмкін.
Мұрадан бас тартуға болатынын білу керек: Егер қарыз мүліктен көп болса, мұрадан толық бас тарту — заңды жол.
Қандай қорытындыға келуге болады?
Несие аларда сақтандырудан қашпаған дұрыс сияқты. Полис артық шығын болмас. Шындап келгенде, ол басыңа күн туғанда ата-анаң мен бала-шағаңды банкке телміртпейтін жалғыз қорған болып тұр. Әйтпесе, ажал айтып келмейді, артымызда қарыз қалатын болса, оның зардабын жазықсыз жақындарымыз тартады. Ал, сақтандырылсақ, қарызды компания жабады да, маңдай термен жиған үй/мүлкіміз туыстардың қолында қалады. Банк — коммерциялық ұйым. Ол бәрібір тиынын түгендеп алуға барын салады. Сондықтан, несиені сақтандыруға мән бере жүрген дұрыс секілді. Шешім өзіңізден.

❤23👍15
«Stop-кредит»: халық сақтана бастады
Былайша айтқанда, жақсы үрдіс. Қазір несиені біз емес, біздің атымыздан басқа біреу (алаяқтар) алып қоя алатын қауіпті заман ғой. Телефонға күмәнді сілтеме келді ме, демек, қауіп жақын.
Дәл осындай жағдайда сіз бен бізді қорғайтын бірден-бір амал — «Стоп-кредит» сервисі. Fingramota дерегі бойынша, қазірдің өзінде 5,1 млн отандасымыз бұл қорғаныс жүйесін қосып қойған. Бұдан халықтың саналы түрде сақтана бастағанын көре аламыз. Дұрыс.
Бұл сервис:
🔹 қосылып тұрған жағдайда ешбір банк немесе МҚҰ (микроқаржы ұйымдары) несие рәсімдей алмайды.
🔹 кредитке берілген өтінімді автоматты түрде кері қайтарады.
Мынаны біле жүріңіз:
2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап заңнамаға маңызды түзету енгізілді. Егер бізде «несие алудан бас тарту» сервисі қосулы тұрса, бірақ соған қарамастан банк немесе МҚҰ алаяқтық әрекет салдарынан атымызға несие беріп қойса, банк ол қарызды есептен шығаруға (кешіруге/жоюға) міндетті. Яғни, заң бұзылып, кредит алуға қойылған «тыйым» белгісі ескерілмесе, жауапкершілік азаматқа емес, тікелей кредиторға жүктеледі.
Қалай қосамыз?
◾ eGov Mobile қосымшасына кіресіз.
◾ «Несие алудан ерікті түрде бас тарту» қызметін таңдайсыз.
◾ ЭЦП-мен қол қоясыз. Болды.
Қазір алаяқтар осы сервиске де қатысты жаңа схема ойлап шығарып жатыр екен. Банк өкілі ретінде хабарласып, «Stop-кредит қойып береміз» деп сілтеме жібере бастаған. Есіңізде болсын, бұл қызметті әр адам ӨЗІ ғана eGov арқылы қоса алады. Банк қызметкері мұны сырттай істей алмайды! Алданып қалмаңыздар!

👍42❤10⚡1
Ипотека. Жаңа құрылыстан қалай үй алу туралы
Алдымен, ипотека бағдарламасы туралы.
21-25 наурыз аралығында «Наурыз» бағдарламасы бойынша өтінім қабылданбайтынын естіген боларсыз. Отбасы банк оны Наурыз мейрамына байланысты деп түсіндірді.
Негізі өтінім беру мерзімі 10 наурызда басталған болатын. Ол 31-не дейін созылады. Өтінім берер кезде деректерге өте мұқият болған жөн. Асықпай, қатесіз толтырған адамның асығы алшысынан түсуге мүмкіндік көп.
Сосын, әлбетте, Отбасы банктің салымшысы болуың керек. Депозитте кемінде 2 млн теңге жинақ болса, қатысушының және оның отбасы мүшелерінің атында соңғы 5 жыл ішінде меншікті баспана тіркелмеген болса, онда бақ сынап, өтінімді Baspana Market порталында тапсырып көруге болады.
Енді жаңа құрылыстан үй алу туралы
Биыл бұл салада да өзгеріс бар. Жаңа тәртіп бар. Бірінші нарықтан үй алуды көздеп жүрген кез келген адам оны біліп жүруге тиіс.
Бірінші. Жаңа тұрғызылған үйден пәтер алатын болсаңыз, ең алдымен құрылыс компаниясының Үлестік қатысу шартын (Договор долевого участия, ДДУ) талап етіңіз. Пәтер сатып алуға берілетін жалғыз заңды құжат — сол. Басқа ұсыныстың бәрі заңсыз болады.
Бір компаниялар клиенттен алдын ала ақша алу үшін «инвестициялық келісім» негізінде құжаттар ұсынуы мүмкін. Есіңізде болсын, ондай құжаттар ертеңгі күні ақшаңызды қорғай алмайды.
Екінші. Компанияның рұқсат қағазын тексеру керек. Сіз таңдап тұрған үйді салуға оның рұқсаты бар ма, қағаз жүзінде растай ала ма — сол маңызды.
Үшінші. Заң бойынша құрылыс компаниясы клиент ақшасын тек 3 жағдайда ғана ала алады:
✅ Қазақстан тұрғын үй компаниясынан кепілдік болса;
✅ Екінші деңгейлі банктің қатысуымен;
✅ Әкімдіктің ресми рұқсаты болса.
Осы дүниелерді білмей, көз жеткізіп алмай, ақша аударуға асықпаған жөн. Сосын биылдан бастап салынып жатқан үйден пәтер аларда ақшаны қолма-қол төлеуге болмайды. Оның да өзіндік тәртібі бар.
1. Шартқа қол қоясыз
2. Ол Қазреестрде тіркеледі
3. Ақшаны ТЕК БАНК арқылы аударасыз.
Банк ақшаңыз басқа жобаға емес, нақты осы үйдің құрылысына жұмсалып жатқанын бақылайды.
Пәтер алар алдында homeportal.kz сайтына кіріп шыққан дұрыс. Сол жерде тұрғын үй кешенін (ЖК) заңды-заңсыз салынып жатқанын тексеріп алуға болады.

👍38❤11